Жұма, 26 Тамыз 2016 13:40

Жасөспірімдер алаңда бас қосты

Жақында аудандық дене шынықтыру-сауық-тыру кешенінде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен спортшылардың төл мерекесіне орай 2004-2006 жылы туылған жасөспірімдер арасында аудан біріншілігі өтті.

Жарыстың ашылу салтанатында аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ерболат Сарабеков:

– «Дені саудың – жаны сау» – деген сөз бекер айтылмаса керек. Спортпен шұғылданған адам қоғамның белсенді мүшесі, елдің мақтанышы. Олай дейтініміз, күні кеше Рио олимпиадасында елімізді әлем мемлекеттерінің алдында мықты етіп көрсете білгендер өздерің секілді спортшы аға-әпкелерің. Келешекте сендер де осындай әлемдік додаларда көк туымызды желбіретуге тиіссіңдер – дей келе жиылған спортшыларды мерекелерімен құттықтады. Аудандық әуесқой спорт федерациясының төрағасы Артем Троян қатысушыларға сәттілік тіледі.

Біріншілікке аудан аумағынан жасөспірімдердің 4 командасы қатысты. Спорттағы жолын енді ғана бастаса да, балалар болашақтарынан үлкен үміт күттіретіндерін көрсете білді. Осылайша, жүлделі І орынды алмалылық «Әлімжан» командасы иеленді. ІІ орынға Қойшыбектен келген жастар табан тіреді, ІІІ орын масақтық оқушыларға бұйырды. Үздік ойын көрсете білген футболшылар мен жеңімпаз командалар алғыс хаттармен марапатталып, сыйлықтарға ие болды.

Сондай-ақ, осы күні қыздар арасындағы волейболдан аудандық чемпионат басталды. Оған аудан аумағынан төрт команда қатысуда. Чемпионатта өнер көрсететін «Аиша», «Анвира», «Ласточки», Қорам командалары алдағы уақытта өзара мықтыны анықтамақ.

 Сардарбек НҰРАДИН.

Қаралды 863 рет
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

Жарнама