Жұма, 04 Тамыз 2017 10:40

«Expo 2017 FootballCup» футбол турнирі өтеді

 

Дүниежүзілік футбол жұлдыздары «Астана Арена» алаңында ойнайды. Астанамызда Халықаралық «Expo 2017 FootballCup» футбол турнирі өтеді. Бұл туралы пресс-конференция барысында «Астана ЭКСПО-2017»ҰК»АҚ Даму және туризм департаментінің директоры Аллен Чайжунусов хабарлады. Ол өз сөзінде осы турнирді Қазақстан астанасында алғаш рет орын алатын бірегей іс-шара деп сипаттады.

«5-6 тамызда Халықаралық «EXPO 2017 Football Cup» турнирі өтеді. Қазақстан, Ресей, Италия, Германия, Португалия және әлем құрама командалар «Астана арена» алаңында кездеседі. Осы бірегей іс-шара «Аңыздар кубогіне» ұқсас келіп Қазақстан астанасында алғаш рет өткелі тұр», – деп хабарлайды Аллен Чайжунусов.

Қазақстан Футбол Федерациясы Президенті Сейльда Байшақов мемлекеттік құрамада Олег Воскобойников, Игорь Авдеев, Андрей Карпович, Қайрат Аубакиров, Мұрат Тлешев, Нұрбол Жұмаскалиев және Андрей Финонченко, басқа да отандық футбол ардагерлері ойнайтынын атап өтті. Сонымен қатар, ол Халықаралық турнир аясында футбол жанкүйерлерімен кездесу және спорттық мектеп тәрбиеленушілеріне шеберлік сабақтар өтетінін хабарлады.

«Турнир шеңберінде бірнеше шаралар өтеді. 4 тамызда 17.30-да ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Амфитеатрда командалардыңфутбол жан-күйерлерімен кездесуі, фото және қолтаңба қою сессиялары өтеді. 6 тамызда сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін балалар-жасөпірімдер спорттық мектеп тәрбиеленушілеріне ойыншылар қатысуымен шеберлік сабақтар ұйым-дастырылады», – дейді Сейльда Байшақов.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, футбол жарысы билетінің құны 2000 теңге болады, алған билет арқылы кешкі уақытта 18.30-дан кейін Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін тамашалауға болады.

«Астана ЭКСПО-2017 ҰК» жұртшылықпен

байланыс департаменті.

 

Қаралды 27 рет
Толығырақ бұл категорияда: « «Бәйсейіт» - бірінші
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

Жарнама