Бейсенбі, 05 Қазан 2017 12:48

4 команда жартылай финалда

Жақында Балтабай ауылы-ның орталық стадионында аудан әкімі кубогінің ширек финалдық ойындары өткізілді. Оған осы күнге дейін іріктелген 8 команда қатысып, өзара бақ сынасты.

Байрақты бәсекенің ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ерболат Сарабеков ауданымызда саламатты өмір салтын насихаттап, футболдың дамуына үлес қосып жүрген қатысушы командаларға алғыс айтып, сәттілік тіледі. Ойынға Наурыз Қайыпов төрелік етті.

Ауданымыздың түпкір-түпкірінен жиналған командалар өз округтерінің намысын қорғап, тартысты ойын үлгісін көрсетті. Нәтижесінде, өзгелерден оқ бойы озық шыққан «Милан» (Жаңашар), «Байрам» (Түрген), «Алтын Адам» (Түрген), Балтабай командалары келесі аптада өтетін жартылай финалға жолдама алды.

 

С.НҰРАДИН.

 

Қаралды 31 рет
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

Жарнама