Бейсенбі, 05 Қазан 2017 12:51

Ауданымыз – чемпион

Есік қаласындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде жақында баскетболдан Алматы облысының чемпионаты өтті. Бас-аяғы төрт күнге созылған жарысқа облыс көлемінен 13 команда қатысты.

Кіл мықтылар бас қосқан жарыста ауданымыздың құрамасы ерекше өнер көрсетіп, қонақтарға есе жібермеді. Қарайсай ауданы, Талдықорған мен Қапшағай қалаларын шаң қаптырған аудан баскетболшылары жүлделі бірінші орынды иеленіп, чемпион атанды.

Бұл біздің ғана емес, ауданның жеңісі. Әрине, қарсылас командалар осал емес. Барлығы тыңғылықты дайындықпен келген. Алайда, біз де намысты қолдан бермеуге тырыстық – дейді жеңімпаздар.

С.НҰРАДИН.

Қаралды 30 рет
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

Жарнама