Сәрсенбі, 30 Желтоқсан 2015 13:25

Құт болсын жаңа жыл!

Әкелсін береке,

Жаңа жыл халқыма.

Ынтымақ, бірлігің,

Түспесін талқыға.

 

Алаш ұл еліңді,

Қорғай біл жеріңді.

Жолдауын данаңның,

Қолдайық бәріміз

Жасымыз, кәріміз.

 

                           Халқымыз жұмылса,

                           Бітпейтін іс болмас.

Еңселі елім бар,

Кең байтақ жерім бар.

Дана боп туылған,

Еріме сенім бар.

Ұрпақта білім бар,

Дара жол салынған.

Білімді игерсең,

Өшпейтін пірің бар.

Жаңа жыл құт болсын,

Молшылық еліме.

Мал басы көп болып,

Ағылған сүт болсын.

Құт болсын жаңа жыл,

Береке-бірлікте.

Сеніммен өрлейік,

Жарқын жүз тірлікте.

 

Солтанбай ЖАРЫҚБАСОВ,

 Ұлы Отан соғысының ардагері.

Қаралды 930 рет
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

Жарнама