Жексенбі, 06 Тамыз 2017 16:06

Жан рахаты — су

Жақында Малыбай ауылындағы «Алуа» балабақшасында «Нептун күні» атты шара өтті.

Жаз айындағы аптап ыстықта жан рахаты – су. Әдіскер Шахидам Раши-тованың жүргізуімен бұл балабақшада тәрбиеленіп жатқан 6 топтың 120 бүл-діршіні өз тәрбиешілерімен, мейірбикемен бірге қауыздарға шомылып, күнге қызды-рыну мен суға шомылудың пайдасынан мәлімет алумен қатар, қызықты жарыс ойындарын өткізді. Атап айтар болсақ, әр топ балалар арасында шелекпен су тасу, су толтырылған целлофанмен нысана көздеп ату, ал тәрбиешілер арасында қасықпен су тасу сияқты қызықты ойындар ұйымдастырылды. Мейірбике Ранагүл Нұрхалықова денсаулыққа пайдалы кеңестер берді. Қызықты шарада Гузаль Касимова, Гүлзат Избуллаева және тәрбиешінің көмекшісі Бувинур Абдрашитованың қарауындағы «Ертөстік» тобының бүлдіршіндері ұйым-шылдығымен, ептілік, жылдамдығымен көзге түсті. Балабақша меңгерушісі Гүлнәр Заирова шараның тартымды әрі көңілді өткенін атап өтіп, жылы лебізін білдірді.

Өз тілшіміз.

Қаралды 47 рет
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

Жарнама