Жұма, 02 Желтоқсан 2016 11:27

Ислам дінінің асыл құндылықтары

Дәл осындай тақырыпта Түрген ауылының А.Жексембеков атындағы орта мектепте семинар өтті жақында. Аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Елім-ай» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жүзеге асқан шарада Облыстық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, дінтанушы-заңгер, Шет тілдер және іскерлік карьера университеті дінтану факультетінің магистрі Тимур Нүсіпханұлы, Қызылжар ауылдық Қалыбек батыр мешітінің имамы Солтанбек Қарибаев кеңейтілген баяндама оқыды. Семинарды аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Қайсар Асқарұлы жүргізіп отырды.
Бейсенбі, 15 Қыркүйек 2016 12:02

Ата-дініміз – діңгегіміз

Егемен еліміздің ертеңі жарқын, Тәуелсіздігіміздің тұғыры мығым болу үшін тер төгу – әрбірімізге міндет. Әсіресе, бүк-шігі беймәлім жаһанданған бүгінгі қоғамда. Бұл тұрғыда Елбасымыз: «Тәуелсіздікті алудан оны ұстап тұру ауырға соғады» деген еді. Расында, ес жиып, етек жиған тұсымызда құнсыздану кеңірдекке жабыс-ты. Ол аз десеңіз, сыртқы идеологияның күйін күйттеген шолақ балақтылар ата дінімізден жастарымызды адастырып әлек. Осы тұрғыдан ой өрсек, жақында Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің мәжіліс залында кеңейтілген кездесу өтті. «Жаңа діни ұйымдардың мәні және ерекшеліктері» деп айдар таққан жиынға ұйытқы болған «Елім-ай» қоғамдық қоры, қолдау білдірген аудандық ішкі саясат бөлімі. Жастармен кездесуде аталмыш колледж директоры Гүлнар Жошыбаева, Республикалық, облыстық ақпараттық түсіндіру…
Бейсенбі, 11 Тамыз 2016 11:17

Жас өркен, жат ағымнан сақтан!

Жақында Шелек әкімдігінің мәжіліс залында «Діни теріс ағымдардың жастарға әсері» тақырыбында кеңейтілген кездесу өтті. Аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Елім-ай» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жүзеге асқан жиынға Алматы облысы Дін істері басқармасы «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының» оңалту бөлімінің басшысы Тимур Нүсіпханов, Алмалы ауылдық «Есенбай ата» мешітінің имамы Бағдат Дауытхан, сонымен қатар аудандық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері, ауылдық округтердің ішкі саясат саласының мамандары, жастар және спорт нұсқаушылары, округ тұрғындары мен учаскелік инспекторлар қатысты. Кездесуді аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Қайсар Асқарұлы жүргізіп отырды.
Бейсенбі, 28 Сәуір 2016 11:49

Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар

Қасиетті Ислам діні – бүкіл адамзат баласына жіберілген ең соңғы Алланың ақиқи діні. Сондай-ақ, адамзат баласының басын біріктіретіндігі жайлы қасиетті Құран Кәрімде: «Мүмин Мүминнің бауыры» деді ұлтына, ұлысына, шекарасына бөлместен. Сонымен қатар, Әл-Мәйдә сүресінде: «Бүгін діндеріңді толықтырдым, сендерге деген нығметімді тәмамдадым, сендердің діндеріңнің Ислам болуын қош көрдім» делінген. Осыдан кейін, кімде-кім Ислам дініне алып-қосары болмауға тиіс еді. Алайда...
Бүгінгі виртуалды жастар қоғамында пасық пейілді топтардың алдын орау оңайға соқпай жүр. Сауатсыздық салдарынан әлдекімнің етегінен еріп, жиһад деп желіп, көзсіз тәуекел, негізсіз ұрыстарға ұрынуда. Салдары, жанкеш болып өзін жарды, лаңкес болып түрмеге тоғытылды. Білімсіздіктен басынан бағын тайғызып, бақытын ұшырған сан түрлі тағдырлар жайлы Қаракемер мәдениет үйінде көрсетілген бейнефильм облыстық форумның шымылдығын түрді. Алқалы семинар «Діни тұрақтылық – ел дамуының кепілі» деп айдар тақты. Оған асыл дінімізді зерттеу жолында самайын ақ шалған зиялы қауым өкілдері қатысты. Атап өтсек, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының доценті, философия ғылымдарының докторы Қайрат Затов, «Нұр-Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университеті проректорының дін…
Бейсенбі, 03 Наурыз 2016 12:37

Ислам дініндегі әйелдің орны

Ислам діні адамзатқа келмес бұрын, адамдар әйел затын бүгінгідей сыйламақ түгілі, ар-намысын таптап, кемсіткен екен. Ал, Ислам діні келісімен әйелдің қоғамдағы орны белгіленіп, ар-намысы қорғалып, еңсесі көтерілген. Яғни, Алла Тағала әйел затын қорламауды айтып, қорғайтындығын ескерткен. Алладан кім қорықпайды? Бәрі де Раббымыздың алдында бас иеді, әрбір жүрек Жаратушының барын сезіп, сескенетіндігі ақиқат. Өйткені, әрбір іс-әрекет үшін ақыретте сұралатындығымыз белгілі.
Бейсенбі, 18 Ақпан 2016 14:54

Ата-анаға борыштымыз

Ислам дінінің түсінігінде отбасы – перзент бойында сүйіспеншілік пен мейірімділік қалыптастыратын қасиетті шаңырақ. Сол себепті, шариғатта отбасының екі тірегі – әке-шешеге айрықша мән-маңыз беріліп, Аллаһ Тағаланың Құран Кәрімде ата-анаға жақсылық жасауды бұйырғаны үнемі еске алынып, көптеген ізгі іс, ақыл-кеңес ата-ананы аялауға арналады. Хазреті Имам Нәсәфи былай деген: Ата-ананың (әке-шешенің) баласында сексенге жуық ақысы бар. Олардың 40-ы тірі кезінде, 40-ы қайтыс болғаннан кейін орындалады. Тірі кезіндегі он ақысы дене мүшемен, оны тілмен, оны жүрекпен (көңілмен), қалған оны ақшалай өтеледі.
Бейсенбі, 21 Қаңтар 2016 14:22

Мұсылманның тұтқасы – имандылық

Әлемдердің Раббысы Алла Тағалаға сансыз мақтаулар болсын. Сүйікті пайғамбарымыз Мұхамедке (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын). «Мүмін болсаң әуелі иманды бол, Пендеге иман өзі ашады жол» – деп Абай атамыз айтқандай, әрбір адам мұсылман атануы үшін ең алдымен иманды болуы қажет. Иман дегеніміз – Аллаға, періштелерге, кітаптарына, пайғамбарларға, тағдырға және өлгеннен кейін қайта тірілетін күнге сену болып табылады. Осы имандылық негіздерін бойына сіңіре білген адам ғана шынайы бақытқа қол жеткізе алады. Себебі, мұсылман адам бұл сенімдері арқылы өмірдің түпкі мәнін ұғынып, жақсы мен жаманды айыра біледі. Жақсы мен жаман деп отырғанымыз Алла Тағаланың Ислам дінінде бұйырған амалдары мен тыйым салған…
Бейсенбі, 14 Қаңтар 2016 09:51

Мүбәрәк мереке

Тірі өледі, жер қойыны – жатағы, Ізі қалар, болса жақсы атағы. Жүсіп әл-Баласағұни. Екі дүние сәруәрі, барша пайғамбарлардың абзалы пайғамбарымыз Мұхаммед /с.ғ.с./ туған күні қараңғы дүниеге жарық келіп, мүбәрәк нұрымен жерді нұрландырған қасиетті де ұлық күн – Мәуліт мерекесі 23 желтоқсаннан бастап барлық жерде тойланып, 17 қаңтарда еліміздің бас мешіттерінде аяқталмақшы. 9 қаңтарда Тескенсу селолық округіне қарасты Көлді ауылында да жамағаттардың жұмылуымен Мәуліт мерекесі тойланды.
Бейсенбі, 05 Қараша 2015 11:37

Как не попасть в капкан?

Координатор проекта Ассоциации практикующих психологов Юлия Калюжная занимается тем, что помогает людям, пострадавшим от пагубного влияния псевдорелигиозных объединений (ПРО).
Page 1 of 2
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

Жарнама