Күнтізбе

« Мамыр 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Серіктестер

 

Жарнама

Жүлдемен оралды

Нұра – Елмұрат  Қайыпжанов, тағы басқа да елге танымал балуандарды түлеткен ауыл. Алысқанды алып ұратын Елмұраттай жас ізбасарлар ауылда көптеп өсіп келеді. Оған облыстық жарыста түгел жүлдемен оралған жас нұралықтардың жеңісі дәлел.

 

Райымбек ауданының Тегістік ауылында айтыскер ақын Оразалы  Досбосыновты еске алуда жасөспірімдер арасында қазақша күрестен облыстық жарыс ұйымдастырылды жақында. Оған аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушылары Сәтжан Шарғынов пен Берік Мәметниязовтың баптаған балуандары бақ сынап, түгел жүлдемен оралды. Ақтық белдесуде Ермахамет Оразалы 26 кг, Ақжігіт Насыр 32 кг, Ерасыл Ақтығай 35 кг, Жандос Түлкібай 42 кг салмақ бойынша қарсыластарының бәрінен үстем шығып жеңімпаз атанса, Шыңғыс Тумабек пен Ілияс Түлкібай 35, 42 кг салмақта екінші жүлделі орынды иеленді. Сондай-ақ, Несіпбек Әлімбай 38 кг, ал Дияс Жанболат 46 кг салмақта жүлделі үшінші орынды місе тұтты. Ақынның туған топырағынан жеңіс жалауын желбіретіп, жүлдегер атанып ауылға оралған оқушыларын О.Жандосов атындағы мектеп директоры Ысқақ Салманов күтіп алып, болашақта да жеңістің төрінен көріне берулерін тіледі. 

Ержан НҰРЖАУОВ,

О.Жандосов атындағы мектептің

дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.