Күнтізбе

« Сәуір 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Серіктестер

 

Жарнама

Футболшыларымыз жарады

Жыл сайын ұйымдастырыла-тын футболдан Алматы облысының чемпионаты өз мәресіне жетті. Өңірдің кіл мықтылары бақ сынаған сайыста ауданымыздың құрамасы финалға жолдама алып, Қарасай ауданының футболшыларымен чемпиондыққа таласты.

 Атап өту керек, Қарасай құрамасының футболшылары еліміздің белді клубтарында өнер көрсетіп жүрген кәсіпқой спортшылар. Ал біздің құрамадағылар әуесқой спортшылар. Талдықорған қаласындағы «Жетісу-Болашақ» стадионындағы қос құраманың ойыны тартысты өтті. Алғашқы таймда намысқа тырысқан жерлестеріміз есепті тең ұстады. Осылайша, кәсіби футболшыларға өздерінің оңай олжа еместігін дәлелдеді. Екінші таймның басында да қарсыластарына шабуылдар жасауға мүмкіндік бермеді. Алайда, екінші таймның 75 минутында есеп ашқан қарасайлықтар аудан құрамасының мысын басты. Жарыс нәтижесінде 3:0 есебімен қарасайлықтар чем-пион атанды. Ал, өзге аудандар мен қалалардан оқ бойы озық шыққан аудан футболшылары екінші орынды иеленді.

– Қарасай ауданының спортшылары өте мықты қарсылас. Десе де, біздің құрама да осал емес. Ақтық ойынға дейін беріспеді. Ауқымды бәсекеде екінші орын алғанның өзі үлкен жетістік – дейді аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ерболат Сарабеков.

Сардарбек НҰРАДИН.