Күнтізбе

« Мамыр 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Серіктестер

 

Жарнама

Болар бала болмысынан

Дәл осылай қазақ келешегінен зор үміт күтетін, бойында қандай да бір қабілет, тулаған талант барын таныған соң айтқан. «Бұлақ көрсең көзін аш» деген дана сөзге сүйеніп, ондай өренді жастайынан баптап, келешегіне жол сілтеп отырған. Шынашақтай ауылдың қара домалақ қара баласы Дәурен Сәрсембаев та өзіндік дарынымен ел аузына іліккен жастардың бірі болды.

Бақай тауының бөктерінде 1988 жылдың наурызында өмір есігін ашқан Дәурен жас кезінен-ақ «көмейі-не бұлбұл ұялаған», әнші бала атанды. Әкесі Әуесханның «күміс көмейі» домбыраны қолына алып, өз бетінше талпынып, кейін мектепте өнерлі өрендер қатарынан көрініп, талай байқауларда танылып жүрді. Таланты бар Дәуренді ұстазы да дөп басып, талай ән байқауларына салып, шыңдаған-ды. Мектепті бітірісімен Алматы аграрлық колледжіне түсіп, бітірген. Алайда, Дәуреннің бүйрегі өнер жағына бұрды да тұрды. Ақыры Құрман-ғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына оқуға түсіп, өзі армандаған  дәстүрлі ән маманы атанады. Оқып жүргеннің өзінде талай байқауларға қатысады. Соның бірі –  оқу орнының 80 жылдығына орай ұйымдастырылған «Абай әлемі» атты республикалық студенттердің өнер фестивалінде жүлделі екінші орынды иеленіп, лауреат атанады. «Жырлайды жүрек» атты облыстық әншілер байқауында үшінші орынды иеленеді.

2012 жылы өз ауылына келіп, мәдениет үйінде көркемдік жетекші болып үш жыл, одан кейін директоры болып екінші жыл еңбек етіп келеді. 2013 жылы аудандық «Екі жұлдыз» ән байқауында бірінші орынды жеңіп алады. Ал, 2010 жылы Қарқаралы республикалық фестивалінде екінші орынды иеленіп, дипломмен марапатталды. Аудандық мәдени іс-шараларға қосқан қомақты үлесі үшін аудандық мәдениет бөлімінің алғыс хатына да ие болды.

Бұрынғы жылдардағы ол өткізген шараларды айтпағанның өзінде, директор болғалы бергісін тілге тиек етсек, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне, әйелдер мерекесіне, жыл басы – наурыз мейрамында «Достық – біздің тірегіміз», Ұлы Жеңіс күнінің 70 жылдығына арнаған ауқымды шара, «Жайдарман» көңілді тапқырлар, «Бейбіт күннің түп-тамыры – Ата заң», «Алаш ардақтылары – біздің жүрегімізде», Қазақстан Ассамблеясының 20 жылдығына орай «Тілге құрмет – елге құрмет», «Қарттарым – асыл қазынам», мектеп ұжымымен бірге «Ұлағатты ұстазым», «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы», «Тәуелсіздік деп соғады жүрегім», тағы басқа да көптеген танымдық, тәрбиелік маңызы зор шаралар өткізіп келеді. Біз де Дәуренге жұмыста табыс, өнерде ізденіс пен жетістік тілейміз.

Анарбек МӨКІШҰЛЫ.

«Халық нағыз өнерді аңсайды»

Қазақ халқы ертеден

мәде-ниет пен салт-дәстүрге баса мән беріп, оның сақталуына қатты көңіл бөлген. Себебі, мәдениет – ұлттың 

бет-бейнесі. Бұл турасында жазушы Мұхтар Әуезов: «...ғылым мен мәдениет барлық дүниенің алтын қазығы болып отыр» – деп, мәдениеттің ұлт өміріндегі орнын айшықтап кеткен. ОсЫ күнде сол алтын қазықты ел арасында

насихаттап,

дамуына үлес қосып жүрген жандар аз емес. Сондай жанның бірі –Қырбалтабай мәдениет үйінің директоры Айғаныш Стамбекова.

Толығырақ: «Халық нағыз өнерді аңсайды»

Талғамы биік талант

Сазы сөзі мәңгілік  мағыналы

Атыңнан айналайын халық әні

Қанша тыңдап келсем де бір өзіңді,

Тыңдай алмай келемін қанып әлі – деп ақындарымыз  жырлағандай, халық әндері қаны қазақ, жаны қазақ адамды ешқашан жалықтырған емес. Себебі ұлтымыздың шынайы болмысын боямасыз бойына сіңірген дәстүрлі әндеріміз – әуезді әуендерімен, ұғынықты сөздерімен жаныңа сырлы сезімдер мен рухани күш сыйлайды. Сондықтан болар, әншімін деп жүрген талайлар халық әндерін қарық қылып орындай алмайтынын, айт десе батылдары бармайтынын көріп жүрміз. Оны сахнада орындау – табиғи  таланты мен терең білімі бар және қазақы ұлттық құндылықты бойына сіңіріп өскен әншіге тиесілі. Дәстүрлі әнді дәріптеп, мәдениет саласында аянбай еңбек етіп жүрген  әншінің бірегейі, ауданымыздың бетке ұстар бұлбұлы  Арайлым Мамырбекқызы деп білеміз. Қасиетті ән өнеріне ғұмырын арнаған әнші Қаракемер мәдениет үйінде «Ән ғұмыр» атты шығармашылық кешін  өткізді жуырда.

Толығырақ: Талғамы биік талант

Айтыс. Кіл жүйріктер шабысы

Мен үшін қазақ өнерінің мұнары һәм шынары көрінетін айтыс – ұрпақтың бойтұмары болуы тиіс. Себебі, бұл құдіретті өнер есте жоқ ескі заманнан бастау алған. Ашығын айтсақ, сонау Қашқаридің заманында іргесіне тас қаланған. Дәлел дейсіз бе, ендеше М.Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік» жинағындағы «Қыс пен Жаздың айтысын», Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани хикметіндегі» «Дозақ пен Пейіштің айтысын» айтайық. Осынау құдіретіміздің құнын асыруды межелеген аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ауданымызда «Тәуелсіздік  – тұғырым, Ана тілім – ғұмырым» тақырыбында айтыс ұйымдастырылып, ақындарымызды бәйгеде баптап, көрермендеріміздің айызын бір қандырды жақында. Соңғы 10-15 жылда аудан сахнасынан көлеңкесі де көрінбеген құдіретті өнерімізді «қайта тірілтсек» деген бөлім басшысының ойын біз де құптадық. Таңнан тұрып, айтыстың тілеуін тіледік, өнердің еркелерін, сахнаның серкелерін көруге асықтық. Сонымен, сөздері мірдің оғындай он ақын киелі төрде өз өнерлерін көрсетті.

Толығырақ: Айтыс. Кіл жүйріктер шабысы

Атасы аян берген арқалы ақын

Мірдің оғындай сөз маржанын теріп айтатындығы мен жүйріктігіне сөз жетпейтін әйгілі ақпа айтыскер ақын Құлмамбет Құланаян биыл 190 жасқа толады. Құлмамбет 1881 жылы жыр жампозы жамбыл Жабаевпен 55 жасында – нағыз кемеліне келген кезінде айтысқан. Ол кезде Жәкең орда бұзар 35 жасқа толған кезі. Осы айтыстан кейін бірін ұстаз, бірін шәкірт тұтып,  жыр додаларында бірге жүрген екі алып ақын өле-өлгенше сыйласып өтіпті. Өйткені, Жамбыл: «Құлмамбетпен айтысқаннан кейін атақ-даңқым дүркіреп жүре берді» деп, айтыстарының ішінде Құлмамбетпен айтысын ерекше санаған.

Толығырақ: Атасы аян берген арқалы ақын