Күнтізбе

« Мамыр 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Серіктестер

 

Жарнама

Тектінің тұяғына арнау

Абылай Сейіткерейұлы – Ахметжан бабамыздың  үлкен  ұлы кезінде  «халық  жауы»  деген  нақақ  жала  жабылып қуғын  көрген  Мерғалымның  немересі Бабасы Мерғалым Ахметжанұлы оқыған,  көзі ашық  болғандығы үшін «кінәлі»  болса,  Сейткерей әкесі  жеті  класс білімімен-ақ  талай туындылар  тудырған   еді.  Әттең  денсаулығы төмендеу болып, оқуға  да  мүмкіндігі жетіспей, шығармашылық  қабілетін  шыңдай алмады. Сондықтан ата-бабаларының, нағашы жұртының (кезінде қазақ елінің бас ақыны атағын  алған айтыс ақыны, батырлар жырының   айтулы орындаушысы Көкен Шәкеев − Абылайдың анасы Күлзараның ағасы)   қабілеті  дарыған, Абылай  ініме  оқу  керек  дей  келе Әскербек  Қасымұлының Сәкен немересінен   туған Асаналі сәбидің  бір жасқа  толған  кешінде айтқан арнау-батасын жариялап отырмыз.

Хайролла  Қасымұлы  Ахметжанов.

 

 

Тектінің тұяғына  арнау

Бір жасың құтты  болсын Асанәлі,

Тәй-тәй деп  басып  кірген босағаны.

Жәнтелідей бабаңа тартып тусаң,

Атағың  алты  қыдан асады  әлі.


Бірі  бол батыр, шешен, бай  көсемнің,

Жігерің атан  жығып, тай  көтерсін.

Атығай, Қарауылға олжа  салар,

Сен  бізге  Құдай  берген  «майкөтенсің».

 

Келінім, Айнұр  қалқам, жайдары  еді,

Мамырдың желпігендей майда  лебі.

Жиенжан  найза  ұстайтын  батыр  бол  деп,

Дүркіреп жатқан  шығар  Найман  елі.

 

Сендерсің  қолымдағы  жалауым да,

Аталас бауырым да қалауым да.

Мықтысың, Сәкен інім қос ұл қосқан.

Әулетке, Атығай мен Қарауылға.

 

Жанына  еш жамандық  жуыспаған,

Ақкөңіл, адал жандар  туыс маған,

Хан Абылай ақырып, жауға  аттанса,

Жәнтелі атаң топ бастап  ту ұстаған.


Асанжан  бабасындай  батыр болсын,

Әлихан Сері  Ақандай ақын болсын.

Ержетіп есейгенде еліңді ойлар,

Екеуі де халқына жақын  болсын!

 

Тұлғасынан  таппайтын  тарыдай мін,

Жалғасындай  Қабанбай, Ағыбайдың.

Тойына Асанжанның  арнап берген,

Батасы  осы  болсын  Абылайдың.

 Абылай Мерғалымов.