Күнтізбе

« Наурыз 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Серіктестер

 

Жарнама

Тәубе

Тәубе, тәубе Тәуелсіздік шашып нұр,

Ырғала бұл ырысымыз тасып тұр.

Теңіз тектес текті жұртым жасай бер,

Тек халқыма жақсылықты асықтыр.

 

Уа, Тәңірім, қуат бер де, шуақ бер,

Түнектерді түріп шығар шырақ бер.

Сансыз ғасыр ала алмаған еншімді,

Енді маған еш тежемей бірақ бер.

Көрмегенім жоқ екен ғой жоқ екен,

Жан-жағым от, жамыраған оқ екен.

Еңкеймеген ер дегенің мен екем,

Өртенбеген өр дегенің мен екем.

Ә.МАНАСБЕК.