Күнтізбе

« Сәуір 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Серіктестер

 

Жарнама

Азаттық таңы атты аңсаған

«Қазақ ұлты үшін қастерлі ұғымға ие, мәні мен мазмұны жағынан аса жоғары бағаланған, түп тереңі шалғайда жатқан  «Тәуелсіздік» сөзінің астарында сеніміне арқау болған – келешек қазақ ұрпағы үшін қаншама тарихи маңызға ие. Мыңдаған жылдар бойғы ата-бабамыздың өлшеусіз сіңірген еңбегімен қатар, осы жолда қиған өмірлері бірінің ізін бірі жалғап тарам-тарам жол болып астасып жатыр.

 

 Осы бір сөзді, ата-бабамыздың ғасырлар бойы аңсаған арманына айналып қана қоймай, талмас талабы мен биік мақсатқа жету жолындағы, қажымас қайратын жұмсау арқылы қазіргі таңда тәуелсіз елдің азаматы мен азаматшасы ретінде сезіне айтуымызға мүмкіндік туғызғанын келешек ұрпақ есте сақтап және оның қадір-қасиетін түсіне отырып, оны басына қонған бақ ретінде бағалап қолда мәңгі ұстап тұрады деген зор сенім бар.

Тәуелсіздік таңы атты аңсаған,

Осы жолда құрбан болды қанша адам?!

Тәуелсіз әрі бейбіт тұрғандарың,

Арқасы ғой сол батыр құрбандардың.

Сондықтан да мың алғыс бабаларға,

Бабаларға, ардақты ағаларға.

Азаттықты тек бұлар әкелер ме?!

Мың алғыс батыр ана, әкелерге!

Талай жылдар көрген өмір азабын,

Сонда-дағы тайсалмаған қазағым.

Бабалардың арқасында бүгін біз,

Көрудеміз мына өмірдің ғажабын.

Ұмытпаймын Райымбектей бабамды,

Төккен қанын қорғау үшін даламды.

Сол себептен, Тәуелсіздік, әрқашан,

Білем сенің қасиетті бағаңды!!! 

 

Думан Нүсіпақын.