Күнтізбе

« Наурыз 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Серіктестер

 

Жарнама

Ата-анаға борыштымыз

Ислам дінінің түсінігінде отбасы – перзент бойында сүйіспеншілік пен мейірімділік қалыптастыратын қасиетті шаңырақ. Сол себепті, шариғатта отбасының екі тірегі – әке-шешеге айрықша мән-маңыз беріліп, Аллаһ Тағаланың Құран Кәрімде ата-анаға жақсылық жасауды бұйырғаны үнемі еске алынып, көптеген ізгі іс, ақыл-кеңес ата-ананы аялауға арналады. Хазреті Имам Нәсәфи былай деген: Ата-ананың (әке-шешенің) баласында сексенге жуық ақысы бар. Олардың 40-ы тірі кезінде, 40-ы қайтыс болғаннан кейін орындалады. Тірі кезіндегі он ақысы дене мүшемен, оны тілмен, оны жүрекпен (көңілмен), қалған оны ақшалай өтеледі.

 

 

Жүрекпен (көңілмен) жасалатын он ақысы:

1. Оларға жанашыр, мейірімді болу. Хадис шәрифте былай делінген: «Мейірімділік етпеген адамға мейірімділік етілмейді. Жаны ашымаған адамға, жан ашымайды». (Муслим)

2. Оларды жақсы көру. Әрі жақсы көретіндіктеріңді білдіріп тұру.

3. Қуаныштарына ортақ болу. Бір нәрсеге қуанса, «Қандай жақсы болған. Құтты болсын!» деген сияқты сөздермен қуанышын білдіру.

4. Қайғы-мұңдарына, дерттеріне ортақ болу. Бір нәрсеге қамыққанын, ренжігенін көргенде «ренжімеңіз, уайымдамаңыз» деген сияқты сөздермен көңілін аулау, өзіңнің де бұл жағдайға ренжігеніңді білдіру керек.

5. Көп сөйлегендері үшін оларға ренжімеу.

6. Сөгістеріне, ұрсуларына, жазғырула-рына ашуланбау.

7. Олардан разы болу. Олардың разылығын алуға тырысу.

Хадис шәрифте былай делінген: «Алла Тағаланың разылығы ата-ананың разылығында».

8. Оларды ренжітуден қатты қорқу.

Исра сүресінің 23-ші аятында ата-анамен жақсы мәміледе болу, оларға жылы және жұмсақ сөйлеу керектігі әмір етілген. Ғафылдыққа салынып ата-анаңды ренжітсең, дереу разылығын ал!

«Раббың, өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық қылуларыңды әмір етті. Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де жандарыңда кәрілікке жетсе: “Түһ” деме (кейіс білдірме). Сондай-ақ, ол екеуіне зекіме де, ол екеуіне сыпайы сөз сөйле».

9. Назданбау керек. Қайта олардың назын көтеру керек. Өйткені кішкентай кезімізден біздің еркеліктерімізді, назымызды көтеріп келді. Ендігі олардың еркелейтін кезі келді.

10.Олардан жәбір көрсе де, қиындық көрсе де, «осылар өлсе екен, бұлардан ертерек құтылсақ екен» деп ойламау керек, ұзақ өмір сүрулерін тілеу керек. Олар бізден көптеген қиындықтар, машақаттар шексе де, біздің өмір сүруімізді қалады. Өздері аш қалған күнде де, бізді тойғызды.

Мал-мүлікпен, ақшамен өтелетін он ақысы:

1. Киімді өзіңнен бұрын оларға алып беру. Тамағыңның ең жақсысын оларға бер.

2. Алыста тұратын болса, хал-жағдайын сұрап барып тұру. Ата-ананың және махрем туыстарының үйіне барып тұру уәжіп. Ең болмаса, хат жазып, сәлем жолдап тұру керек. Қонаққа барудың реті мынадай: ана, әке, бала, ата, әже, бауыр, әкенің аға-іні, әпке-қарындастары, ананың аға-іні, әпке-қарындастары.

3. Тамақты бірге отырып жеу.

4. Не қалайтындарын сұрап-біліп, оларды қамтамасыз ету.

5. Үйлерін тазалау, сырлау, жөндеу.

6. Ақша беріп тұру. Ақша қажет болып бірақ сұрауға қысылып жүрген болулары мүмкін.

7. Мал-мүлікті, ақшаны олардың еркіне беру. «Қашан керек болса да, не істеймін десеңіз де мал-мүлкім, ақшам сіздер үшін пида болсын» деу. Ашуланған кездері болса, осындай жолдармен оларды жұбату, көңілін аулау керек. Ата-анаға жұмсалған ақшаның сұрауы болмайды. Мұқтаж болған ата-анаға көмектесу – парыз болып табылады.

Құран Кәрімдегі «Бақара» сүресінің 215 аятында былай делінеді:

«(Мұхаммед с.а.у) олар сенен Алла жолында не беретіндіктерін сұрайды. «Нендей қайыр сарып қылсаңдар; Әке-шеше, жақындар, жетімдер, міскіндер және жолда қалғандар үшін. Қайырдан не істесеңдер, күдіксіз Алла оны біледі» де.

Кімге нәпақа беретінін сұраған адамға Пайғамбарымыз (с.а.у): «Алдымен өзіңе, әке-шешеңе, кейін әйелің мен бала-шағаңа, қызметшіңе, одан кейінгілерін өзің біле жатарсың», – деді.

Әкесі сырқаттанып, қарайтын ешкімі болмаса, қызы күйеуінің рұқсатынсыз барып қызмет етуіне болады. Зимми (мұсылман емес) әке үшін де үкім осылай.

Әке-шешенің біреуіне жақсылық жасағанда екіншісі ренжитін болса, әкеге құрмет етіп, бағыну керек, анаға қызмет етіп, жақсылық жасап көмектесу керек.

8. Анда-санда тәтті тағамдар әзірлеп, шақырып тұру керек. Көңілдері қалап тұрса да айта алмауы мүмкін.

9. Достарын дос деп біліп шақыру, олардың да көңілдерін аулау. Дұшпандарынан да ұзақ тұруға тырысу керек.

10. Ауырған кездерінде емдеу жолдарын қарастырып, дәрі-дәрмек алып беру. Күтуші, қызметші жалдаудың орнына тікелей өзі қызмет етуге тырысу керек.

 Жалғасы бар.