Күнтізбе

« Наурыз 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Серіктестер

 

Жарнама

Келіндер сынға түсті

Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында Ават ауылдық округінің  мәдениет үйінде «Super Kelin» атты келіндер арасында сайыс өтті. Шара мақсаты – келіндерді  ұлттық тәрбиеге баулу, келіндерінің инабаттылығы, шеберлігі, адалдығы мен қонақжайлығын насихаттап, салт-дәстүрді дәріптеу.  

 

Тағылымы мол шараға қатысқан округ әкімі Асыл Байтулақов  барша жиналған қауымды халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, жас келіндерге сәттілік тіледі. Жарысқа ауылдан сараланып шыққан 7 үміткер қатысты. Олар өз-өздерін видеоролик арқылы таныстыру, сұрақ-жауап, өз өнерін көрсету, ас мәзірі, сән үлгісін көрсету сайыстары бойынша сынға түсті. Сақадай сай дайындықпен келген келіндер өздерін бесаспап екендіктерін көрсете білді.

Нәтижесінде,  әділ-қазылар алқасының шешімімен өзгелерден оқ бойы озық шыққан  Зухра Нурманова бас жүлдені иеленді. І орын Дильнора Именоваға бұйырып, Мухабат Машурова ІІ орынға жайғасты. Ульяна Плотникова ІІІ орынды еншіледі.  Айнура Мансурова «Шебер келін» атанып, «Өнерлі келін» номинациясы Гульниса Низамоваға бұйырды. «Тәлімді келін» атағын Виктория Арзиева қанжығалады. Жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Б.ХАВАЙДУЛЛАЕВА,  жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушы.