Күнтізбе

« Сәуір 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Серіктестер

 

Жарнама

Жақсымен өткен бірер сәт

Жастар тәрбиесі ешқашан күн тәртбінен түскен емес. Жастар – еліміздің болашағын жарқын етер тұлға болғандықтан, оларды сапалы біліммен ғана сусындату жеткіліксіз. Жастардың бойына отансүйгіштік қасиетті сіңіріп, тәрбиесін дұрыс жолға қою да басты міндет. Бұл турасында Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Бүгінде бүкіл қазақстандықтарды ортақ құндылықтар – жасампаз еңбек, татулық пен келісім, халық бірлігі, Отан үшін мақтаныш, оның ұлы тағдырына қатыстылық біріктіреді. Біздің жас ұрпақ мұны өмір бойы есте сақтауы тиіс» – деген болатын. Осы орайда жақында Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінде Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының фракция мүшесі, Ауған соғысы ардагерлері Ассоциациясының төрағасы, ақын-жазушы Бақытбек Смағұлмен кездесу өтті. Ауған соғысының ардагері Әсет Алжанбайдың ұйымдастыруымен, колледж директоры Гүлнар Жошыбаеваның қолдауымен өткізілген шараға алғашқы әскери дайындық пәнінің ұстаздары, колледж студенттері мен жоғарғы сынып оқушылары қатысты.

Толығырақ: Жақсымен өткен бірер сәт

Броньдағы басшының броньды техникаға қолқабысы

«Сүйікті Отанымыздың жерін неміс фашистерінен азат ету үшін, мемлекетіміздің күш-қуатын арттыра беру үшін мен адал еңбегіммен тапқан ақшамнан соғыс қаржысына 100 мың сом қостым. Менің қаржыма жасалған кеңес қаруы жауды талқандай берсін». Бұл үзінді соғыс жылдарындағы «Отан үшін» майдандық газетте жарияланған Әбілда Бөркеевтің атынан шыққан мақаладан үзінді. Ал 1944 жылы әскери қару-жарақ шығаруға қомақты қаржы берген соғыс жылдары ауданымыздың Киров атындағы колхозын басқарған Әбілда Бөркеевтің атына кеңес одағының басшысы Жоғарғы бас қолбасшы И.Сталиннің атынан төмендегідей үкіметтік телеграмма келген екен.

Толығырақ: Броньдағы басшының броньды техникаға қолқабысы

Қаһарман Ғұмыр

Баланы анасынан, дананы даласынан айырған, миллиондаған адамның өмірін жалмаған, ең жаман сөз – соғыс шығар. Әлемге орны толмайтын қайғы-қасірет төндіретін сұм соғыс қанша адамның көз жасын көл қылды. Сол зұлмат күндерді басынан өткерген, Отан үшін отқа түсіп қан кешкен батырдың бірі Жылқыбай Тәжіқұлов. Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы атанған ардагер атамыз бүгінде Есік қаласының тұрғыны. Жақында тоқсанның төртеуіне келген ақсақалдың үйіне бас сұғып, хал-жағдайын біліп қайтқан болатынбыз.

Толығырақ: Қаһарман Ғұмыр

Ажырасу – ел келешегіне жасалған қастандық

«Отбасы – басты құндылық». Сондай-ақ, іргесі мықты, керегесі кең шаңырақ иесі атану – басты арман. Иә, кез-келген адам баласы оң-солын тани алатын, естияр азамат болып қалыптасқаннан кейін отбасылы болудың қамын ойлай бастайды. Әрине, үйленудің бастамасы болашақ жарыңды кездестіріп, махаббат хикаясымен жалғасудан басталады. Біраз уақыт бойы бір-бірінің сезімдеріне селкеу келтірмеген қос ғашық жарасымды жанұя құруды көздейді. Ата-ананың ақ батасын алған екі жас той әлегіне білек сыбана кірісе бастайды. Көптен күткен қызыққа да, шығынға да толы ұлы той бірер күннің ішінде бітеді де кетеді. Жас жанұя бірнеше ай, мүмкін, бірнеше жыл әй-шәй деспей, жүз шайыспай бірге өмір сүрер. Алайда, «ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды»–демекші, күндердің күні жанжалдың шығары хақ. Бүгінде ерлі-зайыптылар арасындағы үлкенді-кішілі ұрыс-керістердің соңы ажырасуға әкеліп жатқаны баршамызға мәлім.

Толығырақ: Ажырасу – ел келешегіне жасалған қастандық