Күнтізбе

« Наурыз 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Серіктестер

 

Жарнама

Шелекте электр торабы ашылды

Өз кезінде Шелек аудандық электр торабы болып, халыққа қызмет көрсетіп келген бұл мекеме, екі аудан біріктірілгеннен кейін өз құзырынан айырылып қалған-ды. Сонда да жекешелік қолына кетірмеген ұжым жабылып қалмай, өз жұмысын жүргізіп келді. Енді міне, арада 20 жыл өткен соң, Шелек аймақтық электр торабы болып қайта құрылды.

 

Өткен қасиетті жұма күні қайта құрылған бұл мекеменің ашылуы салтанатты түрде аталып өтті. Мекеме ұжымы, ардагерлері, аймақтың әр елді мекендерінен келген азаматтар алдында «Алатау» жарық компаниясы акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Мұхит Үмбетов, осы басқарманың кеңесшісі Әмзе Әкім-жанов, аудан әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Құдайбергенов, ауыл ақсақалдары  Елеусіз Сұлтанғазиев, Әбілбек Айтақынов ұжымды қуаныштарымен құттықта-ды. Тәуелсіздігіміздің жақсылығы – бүгінгі мекеменің қайта құрылған қуанышымен қатар, осы аймақтағы қолға алынатын игі істер – Нұрлы, Шелек ауылы аумағындағы жел электр станциясы аумақтан жел, Бартоғай су қоймасынан бастау алатын каналдан шағын су электр станциясы болашақта халық игілігіне арналатынын  сөздеріне арқау етті мінберге шыққандар.

Қайта құрылған бұл мекеме Шелек ауылын айналып өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының бойында орналасқан. Осы аумақтағы 115571 тұрғындары бар 32 елді мекенге қызмет көрсетеді. Мекеменің ашылу лентасы қиылып, шашуы шашылған соң арнайы келген құтты қонақтар жаңғырған ғимаратты аралап, мекеме басшысы Айдар Ерназаровты құзырлы креслосына отырғызып, жұмысына сәттілік тіледі.

Анарбек БЕРДІБАЕВ.