Күнтізбе

« Мамыр 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Серіктестер

 

Жарнама

«Атамекен» жұмысы сараланды

Жақында Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінде Алматы облысы кәсіпкерлер палатасының Еңбекшіқазақ аудандық филиалының 2016 жылғы атқарылған жұмыстарының есебі берілді. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Алтай Досумбаев, прокуратура қызметкерлері және ауданымыздағы кәсіпкерлер қатысты.

 

Аудандық мәслихат депутаты, кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңес мүшесі Бөкен Тіккелдиев қонақтарды таныс-тырып өтті. Сонымен алғаш боп мінберге Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңес төрайымы Римма Салықова «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы 3 жыл бұрын ашылып, көптеген кәсіпкерлердің қуанышын еселеп отырғанын сөз етті: – Бұл палатаның басты міндеті – бизнес құқығын қорғау. Ал негізгі бағыттарымыз – әкімшілік кедергілерді жою, дуальді оқыту, сервистік қызмет көрсету, – дей келе, қосымша бағыттарын да талдап берді. 

Сонымен қатар Талғар аудандық филиалының директоры Ләззат Күмісбаева, Еңбекшіқазақ аудандық филиалының өткен жылға атқарған жұмыстары     жайында директордың міндетін атқарушы Ренат Мамырбеков кезекті  есебін берді. Ренат Бердіқожаұлының айтуынша, аталмыш филиал былтыр мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуын қолдау мақсатында 1487 жеке және заңды тұлғаларға кеңестер берген. Оның ішінде 30 бизнес субъектісі жалпы соммасы 108 млн 100 мың теңге көлемінде несиеге қол жеткізген.  Жылдық жұмысы жайында толығырақ тоқталған директор:

– Мемлекеттік бағдарла-маларға қатысу мақсатында 66 маркетологтық қызмет көрсетіліп, оның ішінде 30 бизнес-жоспары жасалып, 36 бизнес-кеңес берілді. Ақпараттық жүйе бойынша 92, бухгалтерлік қызмет 71 және 71 құқықтық қызмет көрсетілді. 2016 жылдың 12-ші шілдесінен бастап 24-ші қыркүйек аралығында ауыл шаруашылығының өзекті тақырыптары бойынша 369 агроөнеркәсіп кешені субъектілері тегін оқыту курстарынан өткізіліп сертификаттар табыс етілді. Еңбекшіқазақ ауданы бойынша 80 субъекті міндетті мүшелік жарна төлейді. Оның ішінде 26 банкроттық және таратылу сатысында 12 бизнес субъектісі 23 млн теңгеден аса мүшелік жарна төледі, 15 бизнес субъектісі 4 млн теңгеден аса сомманы төлеп беруге уәде етіп отыр, 17 бизнес субъектісі қаржылық жағдайының қиындығына байланысты міндетті мүшелік жарна төлеуден бас тартуда, – деді. Әрі бұл жұмыстар биылғы жылы да күшейтілетінін жеткізді.

Қорытынды сөз алған Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ләззат Шыңғысбаева кәсіпкерлерге бағыт-бағдар берді.

Ринат НАРХАНОВ.