Күнтізбе

« Мамыр 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Серіктестер

 

Жарнама

Қазақшаң қалай, балақай? 2017

Қазақ тілін білу – қазақ ұлтының ғана емес, барша қазақстандықтардың азаматтық борышы. Мемлекеттік тілдің мәр-тебесін көтеріп, басқа тілдерді білу арқылы ғана біз бәсекеге қабілетті бола аламыз. Осыған орай, Көктөбе ауылындағы «Айгөлек» балабақшасында «Қазақшаң қалай, балақай?» атты аудандық балабақшалар арасындағы байқау өтті. Өзге ұлттың бүлдіршіндері бақ сынаған сайысқа 6 балабақшаның тәрбиеленушілері қатысты.

 

«Айгөлек» бала-бақшасында осымен бірнеше жыл қатарынан ұйымдас-тырылып жатқан шараға қатысушы бүлдіршіндер өздерін мемлекеттік тілде таныстырып, екінші кезеңде өнер-лерін ортаға салды. «Ертегілер еліне саяхат» атты үшінші сайыста балғындар ертегілерден үзінді көрсетті. Шара барысында орыс, ұйғыр, күрд, түрік ұлттарының балалары мемлекеттік тілде өлең оқып, ән салып қана қоймай, ұлттық киімдерді насихаттады. Бүлдіршіндердің өнерін аудандық білім бөлімінің бас маманы Зарина Бөлекбаева, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Ақмарал Қанапина, «Айгөлек» балабақшасының меңгерушісі Жанар Дарқанбаева бағалады. Шара соңында қорытынды сөз сөйлеген Зарина Бөлекбаева:

– Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастылатын бұл сайыс – балаларымызды мемлекеттік тілді білуге жетелеп, оларды отансүйгіштікке тәрбиелейді. Сондай-ақ, ауданымызда өмір сүріп жатқан 54 ұлт пен ұлыс өкілдерінің арасындағы ынтымақтастыққа ұйытқы болады – дей келе дайындықсыз келген балабақшаларды сынға алды.

Жарыс нәтижесінде, І орын өз өнерімен талайды тәнті еткен Фидана Пучаховаға бұйырды. Мукарам Акимжанова ІІ орынға жайғасып, Ясмина Заиржан ІІІ орынның тұғырынан көрінді. Сондай-ақ, сайысқа белсене қатысқан Зведа Азимова, Гульназ Абдуллаева, Алиса Нагибинаға алғыс хаттар табысталды.

– Кішкентай шыбықты қалай баптасаң, солай өседі. Біз балала-рымызға осы күннен мемле-кеттік тілді үйретсек, болашақта әрбір қазақстандық қазақ тілінде еркін сөйлейтін болады. Сондықтан, маңызы мол шараны ұйымдастыруда әрбір нәрсеге жіті көңіл бөлдік. Біздің балабақшаның тәрбиеленушілері де жыл сайын жүлделі орындардан көрінуде – дейді «Айгөлек» балабақшасының меңгерушісі Жанар Дарқанбаева.

 

Сардарбек НҰРАДИН.