Күнтізбе

« Мамыр 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Серіктестер

 

Жарнама

Ардагерлерге сыйлық

«...Қариялар не деген керім еді,

Бабалардың баласы қариялар,

Сиреп бара жатқандай көрінеді». Арқалы ақындардың жырына арқау болған осынау қарттарымыз күн санап азайып бара жатқаны рас. Әсіресе, Отан үшін от кешкен майдангерлеріміздің саны ауданымыз бойынша саусақпен санарлық қана. Бүгінде көзі тірі 14-і ғана қалды. Ұлы жеңіс күніне орай осындай замана батырларына «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедтің, Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың, Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Бинәлі Ысқақтың жүрекжарды құттықтауларын жеткізді. Ел ағаларының құттықтаулары мен материалдық көмектерін «Нұр Отан» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеулес Ұзақов әрбір ардагердің үйіне барып, салтанатпен табыс етті мереке қарсаңында.

 

Иә, ел үшін, жер үшін жанын, қанын аямай, ұрпақ алдындағы міндеттерін абыройлы атқарған ардагерлеріміз қандай да болсын құрметке лайық. Осы төңірегінде ой қозғаған Қуат Сұлтанұлы әрбірінің көңілін барынша аулады. Алапат ортадан аман оралған ардагерлерімізге сый-сияпаттарын табыс етті. Алдымен Мұхтар Абрарұлының Алғыс хатын ұсынды. Онда: «Сіздің соғыс жылдардағы жауынгерлік ерлігіңіз және әскери кезеңнен кейінгі жасампаз еңбегіңіз үшін алғыс білдіреміз! Сіздің төзімділігіңіз бен ерлігіңіз және Отаныңызға деген шексіз махаббатыңыз жас ұрпаққа батырлық пен жанқиярлықтың мінсіз үлгісі. Осы маңызды күні Сізге зор денсаулық, рухани сергектік, бейбітшілік және ұзақ өмір тілейміз», – делінген. Сонымен қатар өңір басшысы мен аудан әкімі тарапынан берілген материалдық көмек майдангерлердің жеке есепшотына түскендігін мәлімдеді. Әрі Алматы облысы маслихатының депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракцияның мүшесі Жангелді Осан ардагерлердің жеке суреттері бейнеленген картинаны сыйлады.

Айтып өтейік, жомарт жүрек Жангелді Осан өзі туған мекен Асы селолық округіне қарасты Жаңашаруа ауылына мешіт, пош-та, фельдшерлік пунк ғимараттарын салып, спорт алаңдарын жөнге келтіріп, туған жеріне туын тіккен азамат.

Осындай зор қошеметке бөленген ардагерлеріміз алғысын айтып, елдің, жердің амандығын тіледі.

Ринат НАРХАНОВ