Күнтізбе

« Мамыр 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Серіктестер

 

Жарнама

Кішілігі мен кісілігі басым

Қадірменді замандас, білімді де білікті азамат атану адам бойында сирек кездесетін асыл қасиеттер. Олар еліне сіңген ерекше еңбегімен бағаланбақ. Жайшылықтағы сыпайылық, мәдениеттілік, кішіпейіл бауырмалдығы

басым азаматтың қызметте темірдей тәртіпті талап етуін, жауапкершілігі зор басшылығын көріп сегіз қырлы, бір сырлы деп қорытындыға келесің. Сыйласу соңғы сырласуға ұласып,

бұл ойыңның дұрыстығы дәлелденеді.

 

К

өп арасынан ерекше көрінетін сол азаматтардың бірі – аудандық, облыстық ішкі істер бөлімімен дараланған полиция генерал – майоры Асыл-Кеней Сағынжан Байболов.

Жетпіс жастық ғұмырын енді тізгіндеген Сағынжан Еңбекшіқазақ ауданындағы «Көктөбе» кеңшарына қарасты кешегі «Совет» ауылында 1947 жылдың көктемінде кіндік қаны тамған. Осы ауданның «Жаңашар» орта мектебін бітірісімен әскерлік міндетін өтеуге аттанады. Ол КСРО ішкі істер министрлігінің Алматыдағы арнаулы милиция мектебінің заң факультетіне 1969 жылы оқуға түседі. Жас офицер өз білімін толықтыру үшін 1979 жылы Ленинградтағы заң инс-титутын, 1997 жылы КСРО ішкі істер министрлігі Академиясын аяқтайды.

Оқығаны, көңілге тоқығаны көп Сағынжан өмір баспалдағы атанған еңбек жолын облысымыздағы Қарасай (бұрынғы Қаскелен) ауданында қатардағы қарапайым учаскелік инспектордан бас-тайды. Өжет, өткір жас іскер қағылез қабілетімен ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, одан кейін басшысы болып жоғарылайды. Басшыға жұмыс ауыр, жауапкершілік зор. Алматының іргесіндегі көп ұлтты ауданда сапырылысқан халық. Соған сай ірілі-ұсақты қылмыс та жетерлік. Бәріне сын көзбен қарау, заңды тергеу әрі орнықты анықтау нәтижесінде ауданда тәртіп түзеледі, қылмыс азаяды. Облыс көлемінде алдыңғы орынға көтерілген басшыны облысымызда жаңадан ұйымдасқан Күрті ауданының ішкі істер бөлімін басқару тапсырылады. Жаңа ауданға Нүсіпжан Нұрманбетов әкім болып тағайындалған екен. Басқару қабілеті толысқан аудан әкімімен қызмет істеу қиынға соқпады. Көп мәселені бірлесе, ақылдаса отырып оңды шешімін тапқаны. Жаңа ауданда жаңаша бастама жетерлік. Заң талабын қатал ұстау, мәселені әділ шешу Сағынжанда ежелден қалыптасқан қасиет. Еңбегі жанданып мұнда абыройға бөленеді. Алматыға іргелес Қарасай мен Күрті ауданында 1971-1984 жылдар аралығында өткен он үш жыл айтуға оңай болғанымен қызығынан да қиындығы басым келді. Есесіне шыңдалды. Жинақталған озық тәжірибе абыроймен атаққа да бөлеген. Республика басшылары енді оны облысқа көтеруге назарға алады.

Асыл-Кеней Сағынжан Байболовтың 1993 жылдан Алматы, Талдықорған, Жамбыл облыстарының ішкі істер департаментін басқарған күрделі кезең өзінше бір таусылмас тарихи әңгіме. Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі бұл облыстар республика көлеміндегі ең ірі аймақ. Облыстық ішкі істер департаментін іскерлікпен басқарған полиция генерал-майоры мұнда да күрделі міндетін абыроймен атқарып, сенімнен шыға білді.

Сағынжанды 2000 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысымен ҚР ішкі істер Министрлігінің жедел шара кадрларын дайындайтын оқу орнына бастық етіп жібереді. Бір жылдан кейін ТМД елдеріне қатысушы мемлекеттер Бас Үкіметінің шешімі бойынша Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының террорға қарсы орталық басқармасының бірінші орынбасары болып, оны да абыроймен атқарады.Осындай көп жылғы еңбегі бағаланып, 2003 жылы ҚР Ішкі Істер Министрінің орынбасары қызметіне теңестірілген қызметте жүріп, құрметті еңбек демалысына шығып, зейнеткер атанған.

Генерал дәрежесіне жеткен М.Үрімханов, С.Күдебаев, А.Оспанов, Г.Өтебаевтар, полковник А.Қарабеков, У.Өмірбек, Ж.Дүйсенбаев, А.Мұқажанов-тар осы Сағынжанның тәлім-тәрбиесінен қанаттанған өзара тәжірибе алмасқан әріптес шәкірттері. Майор С.Дәулетияров, А.Алтынбеков, Т.Бөкенбаевтар, М.Уайсов-тар да ішкі істер бөлімінен еңбек зейнетіне шыққан ардагерлер. Аудандағы Ильян Жакеев, Абыхан Жексенбеков, Балқия Мырзаханова сынды жерлестері, Қалимолда Байболовтай жора-жолдастары да жетерлік.

Полиция генерал-майоры Асыл-Кеней Сағынжан Байболовтың 60 жылдық торқалы тойын республикамыздағы өзі қызмет істеген облыстар мен аудандар асқақтата атап өткен-ді. Ішкі істер басқар-масының ардагері еңбек зейнетіне шықса да қоғамдық жұмысынан әлі де қол үзген емес. Ол бүгінде облыстық ішкі істер департаменті ардагерлерінің төрағасы. Жұбайы Сабирамен Асылжан мен Ерасыл секілді ұлдар өсіріп, Ләйлә атты қыз тәрбиелеген ардагер ата-ана.

Мансабы, атақ-дәрежесі жоғары болғанымен адамгершілігі, кішілігі мен кісілігі басым азамат өзінің жолын қуған талай жоғары лауазымды ізбасарларды тәрбиелеп, оларға ардагер ұстаз атануда.

 

Нұрсадық Сарғожаев.

Еңбекшіқазақ, Талғар аудандарының

Құрметті азаматы.