Күнтізбе

« Сәуір 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Серіктестер

 

Жарнама

Өзгерістер өміршеңдікке бастайды

Өткен аптада Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы жарық көрген болатын. Елдің болашағын бағдарлаудағы маңызды мәселелерді көтерген мақаладағы басым бағыттар мен негізгі міндеттер бойынша пікір бөлісу және алдағы атқарылар жұмыстарды айқындау мақсатында дүйсенбі күні аудан әкімдігінде аудан активінің отырысы өтті. Шараға аудандық мәслихаттың хатшысы Бекет Ахметов, әкім орынбасарлары, «Нұр Отан» партиясының, қоғамдық кеңестің, ардагерлер ұйымының мүшелері, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, басқарма, бөлім басшылары, округ әкімдері мен мемлекеттік қызметкерлер, этно-мәдени бірлестіктердің жетекшілері қатысты. Жиынды аудан әкімі Бинәлі Ысқақ кіріспе сөзбен ашып, жүргізіп отырды.

Толығырақ: Өзгерістер өміршеңдікке бастайды

«Орта толады, толы шайқалады. Ешқашан болдым, толдым деме»

«Саусағы Алатаудың еменіндей,

Жотасы Қаратаудың кемеріндей.

Жүзінен шаттық, қайғы

        білінбейді,

Тұп-тұнық Қараөткелдің

тереңіндей…»

Қарға тамырлы қазақтың бағына біткен осындай жанашыр азамат Болатжан НҰРБЕКОВ ағамыздың еңселі жүзін көргенде есіңе сырбаз ақын Сырбай Мәуленовтің осы бір шумақтары еріксіз орала кетеріне не дерсіз?!. Оның тау тұлғасы мен асқақ арманы астасып жұдырықтай жүрегіне мейірім болып бекіп жатыр…

Сонау жаугершілік заманда Ер Махамбет:

«Ереуіл атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай,

Еңку-еңку жер шолмай,

Ерлердің ісі бітер ме?» – деп жырласа, Болатжан САЙМАСАЙҰЛЫ өз заманына орайластырып, ереуіл атты білім деп түсіне отырып, білім жолына бет бұрды, егеулі найзаны маңдайдан аққан адал терге айналдырды. Күн демеді, түн демеді. Аумалы-төкпелі 1990 жылдардан бері еңбегін емді. Сөйтіп, өсіп-өнді. Халық қалаулысы атанды. Еліне адал еңбегін арнаған Болатжан ағамызбен аз-кем сыр бөліскен едік. Көптің бірі секілді күпілдек жел сөз, жалтырақ әңгімеден алыс екенін көрсетті сұхбат барысында. Ендеше, назар аударыңыз...

– Құрметті Болатжан Сайма-сайұлы, сізді жанашыр азамат ретінде аудан толық біледі десем артық болмас. Қайырымдылық жасау қаннан берілген қасиет шығар?

Толығырақ: «Орта толады, толы шайқалады. Ешқашан болдым, толдым деме»

БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

КІРІСПЕ

 

Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты.

Мен жыл басындағы халыққа Жолдауымда Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жарияладым.

Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алдық.

Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – əлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу.

Аталған екі жаңғыру проце-сінің де нақты мақсат-міндеттері, басымдықтары мен оған жет кізетін жолдары бар. Мен көзде-ген жұмыстарымыздың бəрі дер уақытында жəне барынша тиімді жүзеге асарына сенімдімін. Бірақ, ойлағанымыз орындалу үшін мұның өзі жеткіліксіз.

Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси жəне экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олар-дың өзегіне айналады.

Рухани жаңғыру тек бүгін басталатын жұмыс емес.

Біз Тəуелсіздік кезеңінде бұл бағытта бірнеше ауқымды іс атқардық.

2004 жылы «Мəдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақ-стан аумағындағы тарихи-мəде-ни ескерткіштер мен нысандарды жаңғырттық.

2013 жылы «Халық – тарих толқынында» бағдарламасы арқылы əлемнің ең белді архивтерінен төл тарихымызға қатысты құжаттарды жүйелі түр-де жинап, зерттедік.

Енді осының бəрінен де ауқымды жəне іргелі жұмыстарды бастағалы отырмыз.

Мен еліміз мықты, əрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынымыз жəне бұқаралық сананы қалай өзгертетініміз туралы көзқа-растарымды ортаға салуды жөн көрдім.

Толығырақ: БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ