Күнтізбе

« Мамыр 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Серіктестер

 

Жарнама

«Атамекен» жұмысы сараланды

Жақында Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінде Алматы облысы кәсіпкерлер палатасының Еңбекшіқазақ аудандық филиалының 2016 жылғы атқарылған жұмыстарының есебі берілді. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Алтай Досумбаев, прокуратура қызметкерлері және ауданымыздағы кәсіпкерлер қатысты.

Толығырақ: «Атамекен» жұмысы сараланды

Еңбегің қатты болса, татқаның тәтті болады

Əлемді өзгерістердің өкпек желі өбіп тұрған сəтте, оған қарсы қорған құру – əбестік. Керісінше, желкен тұрғызу керек. Көреген Көшбасшымыздың осы ойы сəт санап маңыздылығын көрсетуде. Оң бағытқа бастаған қадамын жүйелі Жол- дауларымен, берері мол бағдарламаларымен, түрлі сындарда қалқан боп қарсы тұрар стратегияларымен нықтап басып келеді. Нəтижесін көріп те, біліп те жүрміз. Осы ретте дəстүрлі биылғы Жолдауы тағы бір жарқын келешекке даңғыл жол ашты. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бəсекеге қабілеттілік» тақырыбындағы бағыт-бағдарымызды талдау, түсіндіру мақсатында жиын өтті аудандық əкімдіктің мəжіліс залында. Аудан əкімі орынбасарлары, бөлім, мекеме басшылары, облыстық, аудандық мəслихат депутаттары, ауыл əкімдері ақсақалдар алқасы, əйелдер кеңесі, қоғамдық кеңес мүшелері мен белсенді жастар бас қосқан жиында аудан басшысы Бинəлі Ысқақ кеңейтілген баяндама оқыды. Отырысты аудандық мəслихат хатшысы Бекет Ахметов жүргізіп отырды.

Толығырақ: Еңбегің қатты болса, татқаның тәтті болады

Тұрғындармен Жолдауды талқылады

Жақында ауданымызға Парламент Мəжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы Фракциясының мүшесі Бейбіт Мамраев, облыстық мəслихат хатшысы Серік Мұқанов келіп, тұрғындармен Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бəсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауын жəне еліміздің Ата Заңына енгізілетін өзгерістерді талқылады. Аудан əкімінің бірінші орынба- сары Нұржан Құдайбергенов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғожаев депутатпен бірге ауданды аралады.

Толығырақ: Тұрғындармен Жолдауды талқылады

Әндегі мүгедек мәтіндер

Бұл жайында сөз қозғасақ, ең бірінші Абай еске түседі. Оның:

«Құр айқай бақырған,

Жүрекке ән бе екен?

Өнерсіз шатылған,

Кісіге сән бе екен?, – деген ұлағатты өсиеті ойға оралады. Мәнсіз-мағынасыз сөзі сын көтермейтін құр «бақыр» құлақ етіңді жейді, жүйкеңді қажытады. Қазіргі таңда кейбір әндерді тыңдап осындай ой мазалайды мені. Бәлкім бұл мәселе Сізде де бар шығар, құрметті оқырман. Сөзіміз сүйкімсіз болмасын, ендеше қазіргі эстрадамыздың жай-күйін саралап көрелік. Бірер жыл бұрын қазақ жастарының аузынан түспеген Сырым Исабаевтың «Мен сені сүйеді екем...» деген әні былай басталады:

«Уақыттың жылжымайтын,

Теңізі арада тұр...». Жылжымайтын теңізді көріп пе едіңіз? Мұндағы логикалық байланыс қайда? Яғни, ойлары шашыраңқы. Немесе:

«Мен сені сүйеді екем,

Атыңды жаттай алмай.

Мен сені сүйеді екем,

Жыласам тоқтай алмай» дейді қайырмасында. Не мән, не мағына? Атын жаттай алмайтындай не көрініпті, шын сүйсе жүректе жазылып тұрмай ма? Ал төртінші тармақтағы тоқтай алмай жылау арқылы сүйетінін дәлелдеу жігіт үшін қаншалықты нанымды. Өзіңіз ойлап көріңіз... Қысқасы, мәтіннің өн бойынан дені дұрыс, төрт аяғын тең басқан сөзді кезіктіре алмайсыз. Бұл әңгімеміздің «әліппесі» ғана. Ендеше, талдауды жалғастырайық...

Толығырақ: Әндегі мүгедек мәтіндер