Күнтізбе

« Мамыр 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Серіктестер

 

Жарнама

ҚР-да міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша 100 СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР

(1-50 – халыққа арналған,

51-63 – жұмыс берушілерге арналған,

63-100 – медициналық қызметкерлерге арналған)

 

ҚР-да міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша

100 СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР

 

1. Сұрақ: – Ел азаматы ретінде, мін-детті әлеуметтік медициналық сақтан-дыруды (МӘлМС) енгізуден мен не аламын?

– Біріншіден, ҚР аумағында Сіз таңдаған кез келген емханадағы медициналық көмек. Бұл жағдайда, емхананың шығыстарын толығымен Қор өтейді; Екіншіден, ТМККК және МӘлМС пакеттері шеңберінде қарастырылған медициналық көмекке жұмсалатын қосымша төлемдердің барлық түрінен босатыласыз; Үшіншіден, Сізге елдің кез келген дәріханасында ұсынатын, құрамы бойынша кеңейтілген және жақсартылған дәрілік заттардың тізбесіне толық қолжетімділік (Қорда фармацевтикалық қызметтердің жеткізушілері ретінде тіркелген); Төртіншіден, ӘлМСҚ-да Сіздің пайдаңызға аударылған салымдар және медициналық ұйымдарда Сізге көрсетілген қызметтер туралы ай сайынғы ақпаратты алу мүмкіндігі; Бесіншіден, сапасыз қызмет көрсетілсе немесе МӘлМС қатысушысы ретінде менің құқықтарым бұзылған жағдайда Қор арқылы өз құқықтарыңызды және мүдделеріңізді қорғау.

2. Сұрақ: – 1996-1998 жылдардағы ММСҚ-ның жұмыс тәжірибесі біздің есімізде. Осындай жағдай қазір де қайталанбайтынына кепілдік бар ма?

– Қоғамда жүзеге асырылатын кез келген өзгерістердің өз жағымды және жағымсыз жақтары бар. 1996-1998 жылдарда сақтандыру медицинасын құру тәжірибесін сын көзбен ғана қабылдауға болмайды, оның сөзсіз жақсы жақтары бар. Бұл реформаның ең басты нәтижесі экономикадан қосымша қаражатты тарту есебінен денсаулық сақтау жүйесі объектілерінің желісін және медициналық көмектің барлық ел халқына қолжетімділігін сақтау болып табылады. Мысалы, осындай мамандандырылған бағдарламаның болмауы балалар мектепке дейінгі мекемелерін жекешелендіруге әкеп соқты, оның салдары осы күнге дейін сезіледі. Одан басқа, 90-жылдардағы экономикалық шындықтар ағымдағы жағдаймен салыстыруға келмейді.  20 жыл бұрын көптеген кәсіпорындар күрделі қаржылық қиыншылықтарға тап болғаны бәріміздің есімізде, олардың көбісі банкротқа ұшыраған, еңбекақы бойынша үлкен қарыздар жинаған. Экономикалық дағдарыс жаппай, оның ішінде медициналық сақтандыру қорына төлемеудің негізгі себебі болды. Қордың жағдайы экономикалық белсенді емес халық үшін тұрақты аударымдарды қамтамасыз етуге қаратылған жергілікті атқарушы органдардың да қиын жағдайға тап болғанына байланысты күшейе түсті.Бүгінгі таңда біз экономикадағы жұмыспен қамтудың елеулі өсімін белгілейміз. Отандық кәсіпорындарда 6,5 млн-нан астам жалданған жұмыскерлер еңбек етуде, ай сайын жұмыс берушілер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 53 млрд теңге және өз жұмыскерлерінің пайдасына Әлеуметтік сақ-тандыру қорына 23 млрд теңге аударады. Белсенді емес халық үшін ӘлМСҚ-а салымдарды төлеу бойынша міндеттемелерді мемлекет өз мойнына алатынын атап өткен жөн. Осының барлығы, жалпы, енгізіліп отырған медициналық сақтандыру жүйесінің тұрақты қызмет етуінің алғышарттарын қалыптастырады.

Толығырақ: ҚР-да міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша 100 СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР

Тәуелсізбін, еркінмін, егеменмін!

1991 жыл. Күн сәулесін шашқан сәуірдің бірінші жұлдызында өмірге мен келдім. Дәл осы жылдың ызғарлы желтоқсанында көптен күттіріп, аңсатып, зарықтырып дүние есігін Тәуелсіздік ашты. Оған жарық сыйлаған Қазақстан  –   барлық   алда  күтер  қиын қыстау   кезеңдер  мен   қиыншылықтардан қорғау үшін барын  салды...

Дәл сол жылы 20 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Қаулысы қабылданды. Қандай керемет! Біз болашақта «Қазақстанның азаматымыз» деп кеуде кере айта аламыз енді, Тәуелсіздік. Ал, араға бір күн салып, яғни, 21 желтоқсанда Алматы қаласында бұрынғы КСРО құрамына енген он бір тәуелсіз мемлекет басшылары Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құру туралы Алматы Декларациясына қол қойды. Бодандық құрсауынан босап, «Біз – ҚАЗАҚ деген елміз» деп емін-еркін айта алатын кезде 1991 жылы Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасының егемендігін таныды. Иә, рухы биік, көңілі дархан халықты мойындамасқа лажы қалмады.

Қорғаныс – тәуелсіз мемлекеттің ең маңызды нышандарының бірі екені сөзсіз. Осыны ұғына отырып, 1992 жылы 10 қаңтарда «Қазақстан Республикасында ішкі әскерлері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қабылданып, мемлекеттің тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында еліміздің ішкі істер әскері құрылды. Осы жылдың 7 мамырындағы «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы» №745 Жарлығымен өзінің дербес құрылымы, басқару мен қаржыландыру тәртібі бар республиканың Қарулы Күштер құрылысының негізі салынды. Конституциямызға сәйкес, Президент – қарулы күштердің Бас Қолбасшысы болып бекітілді. Өзгелермен тереземіз теңесіп, керегеміз кеңейіп, тынысымыз ашылғандай болды.

Мен екі жастағы, тілі былдырлап шығып келе жатқан бүлдіршін қылығыммен ата-анамды қуантып жүргенде, 1992 жылы 30 қаңтарда Тәуелсіз Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына кірді. Сонымен қатар, осы жылы  Алматы қаласында Дүниежүзі қазақтарының І Құрылтайы өтті. Жан-жаққа тарыдай шашылған қазағым өзінің тарихи Ота-нында бас қосты. Енді олар өзге елде жүрсе де, «Қазақстан деген Тәуелсіз мемлекетіміз бар» деп кеуде қағып айта алады. Бұл да қазақтың еңсесін көтеріп, басын тік ұстауына себепкер еді. Ал, 2 наурызда Қазақстан БҰҰ-ға мүше болып, оның халықаралық қатынастар жүйесінде дербес субъект сапасында ықпалдасуы басталды. 22 мамырда Қазақстан ЮНЕСКО құрамына енді. Лиссабон хаттамасына ядролық қарудан арылу міндеттемесін алып, қол қойды. Енді Қазақстандағы сәбилер бомбаның жарылған дауысын естімейді. Осынау тәуелсіздікті танытатын даталар тізімін бұл жылы мемлекеттік рәміздердің қабылдануы шарықтатты. 4 маусымда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы туралы» және «ҚР Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы» заңдар күшіне енді. 11 желтоқсанда «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының мәтіні туралы» заң қабылданды. Міне, солай!

Негізінен, 1991-94 жылдар аралығында әлемнің 111 елі Қазақстан Республикасын таныса, 92 мемлекетпен дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды. Бұл, әсіресе, астын сызып көрсететін мақтаныш.

1993 жыл. Мен үш жастамын. Балабақша табалдырығын аттап, өрлеуге қарай алғашқы қадамдарымды бастым. 1993 жылғы қаңтардың 28-де ҚР тұңғыш Конституциясы қабылданды. Ата Заң – жаңаша серпін беріп, қазақстандықтардың бойында зор сенім ұялатты.

Бас қаламыз – Астана бүгіндері әлем танитын әсем қалалар қатарында. Бәйтерегімен бөлектеніп, Ақ ордасымен арайланып тұр. Ал кезінде оның атауы Ақмола-тұғын. 1994 жылы 6 шілдеде Жоғарғы кеңес депутаттары астананы Ақмола қаласына көшіруге шешім қабылдайды. Содан бері қаланың атауы да жаңарды, саяси-экономикалық ахуалы да асқақтады.

1995 жылы 30 тамызда қазіргі қолданыстағы ҚР Конституциясы қабылданды.

«Мектеп» атты кемеге отырып, «Білім» теңізіне саяхатым 1997 жылы басталды. Яғни, алғашқы рет мектепке аяқ басып, қолға қалам алған кездерім. Сол жылы 11 шілдеде «ҚР Тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған екен. «Әліппемен» қоштасып, «Ана тілмен» достығым басталған шақта анамның сүтімен бойға дарыған тілім жоғары мәртебе алғанына шын қуандым. Иә, дәл солай!

Ел еңсесін тіктеп, кеудесін көтергеннен кейін дамудың даңғыл жолы басталып кетті. Елбасы Н.Назарбаев Тәуелсіз Қазақстанның жан-жақты дамуы үшін күш-жігерді де, қомақты қаражатты да аямады. 2001 жыл – автомобиль жолдары жылы болып жарияланып, қатынастың негізгі бөлігі – жолдар қалыпқа келе бастады.

2002 жыл – денсаулық жылы деп айшықталды. Әлбетте, гүлденген елдің ғажайыбын дені сау адам ғана сезіне   алады.

Мыңдаған жылдар қойнауынан маңызын жоғалтпай бізге жеткен мәдениетіміз – өрелі өткеніміз бен кемел келешегіміздің кепілі. Соған байланысты, 2004 жылы– ҚР Перзиденті Н.Назарбаевтың Жарлығымен «Мәдени мұра» мемлекеттік Бағдарламасы қабылданды.Бұл да – Тәуелсіздіктің тартуы.

2009 жылы 19 мамырда Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің №224 бұйрығымен «Болашақ» халықаралық стипендия-сы бекітілді. Ал мен үшін бұл жыл – алтын ұя мектебіммен қош айтысып, үлкен өмірдегі сапарымның бастауы еді. Сөйтіп, гүлденген, түрленген Тәуелсіз Қазақстанмен бірге мен де өстім, өркендедім. Болашаққа тура қарап, сеніммен нық қадам бастым. Менің елім – Қазақстан Республикасы ТМД елдерінің ішінде бірінші болып 56 мүше елді біріктірген мемлекетаралық беделді ұйым – Еуропа қауіпсіздігі және ынтымақтастығы ұйымына 2010 жылы төрағалық ету мүмкіндігіне ие болды. Ал, 2010 жылдың 31 желтоқсаны мен 2011 жылдың 7 қаңтар аралығында VII қысқы Азия ойындары Астана-Алматы қалаларында өтті. Бұл дегеніңіз – әлемдік қонақтарды қабылдап, тиісті деңгейде күтіп алатындай қауқарымыздың жеткені деген сөз. Әсіресе, 2010 жылдың біздің есімізде спорттық жетістіктерімен қалғаны мәлім. Әлем чемпионаттарында 11 медаль, олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша 81 медаль, өзге де халықаралық турнирлерде 334 медальға ие болдық. Ванкуверде өткен Қысқы Олимпиада   ойындарында он жылдық үзілістен кейін бірінші рет күміс жүлдені қанжығаға байладық. Гуанчжоуда өткен 16-Жазғы Азия ойындарында қазақстандық спортшылар 18 алтын, 23 күміс және 38 қола медаль иеленді. Жалпы, командалық есеп бойынша еліміз 4-ші орынға табан тіреді.

Елін жарқын болашаққа жетелеген Елбасы 2012 жылы «Қазақстан-2050 Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын жариялады. Иә, осындай талаптар мен тапсырмалар арқылы еліміздің межелі уақытқа қоятын мақсаты мен стратегиясы – әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына ену. «Көрінген таудың алыстығы жоқ».

Ал, баршамыздың есімізде қалған елеулі жыл деп кеше ғана көз алдымыздан сырғып өткен – 2015-ті айта аламыз. Президент Н.Назарбаев: «Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрып, қазақ мемлекеттілігінің негізін салды. Бәлкім, ол бүгінгі түсініктегі мемлекет болмаған шығар, бірақ ешқандай мемлекет дәл бүгінгі күйінде құрылмады. Басты нәрсе, сол кезде негізі қаланды және біз ата-бабамыздың салған ізінің жалғастырушысымыз» - деп, 2015 жылды – Қазақ хандығының 550 жылдығы деп жариялады. Тарихымызға бойлап, елдігіміздің даму жолына сан мәрте шолу жасадық. Азаттық жолында құрбан болған талай боздақтарымызды еске алып, ерліктерін мақтан тұттық. Қазіргі гүлденген егемен елде өмір сүріп жатқанымыз да – солардың арқасы екенін ұғынып, ешқашан ұмытпауға өз-өзімізге серт бердік. Сонымен қатар, ҚР Конституциясының 20 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын да атадық дүркіретіп. Ұлықтадық. Жеткен жетістіктеріміздің бәрі де береке мен бірлік туының астында жүзеге асқанын насихаттадық.

Хош, биыл табалдырығымыздан аттаған 2016 жыл да ерек болмақ, бұйырса. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы. Ширек ғасыр шынықтырды. Қиындыққа қайыспай, қасқайып қарсы алуды үйретті. Етек-жеңіміз жиналып, мәңгілікке бет алдық...

Түйін:

Жыл санап дамып, өркендеп, көркейіп келе жатқан еліммен бірге мен де жарқын болашаққа қарай қарыштап қадам бастым. Жоғарғы білімімді алып, өмір айдынында өз орнымды таптым.  «Отан – отбасынан басталатынын» да ұмытпадым. Қолыма қалам алып, еңсесі биік елімнің жақсылығын жер-жаһанға жария етіп отырам деп шештім. Тәуелсіздік – құрдасым, біздің бағындырар белестеріміз бен алар асуларымыз әлі алда. Бабаларымның арманы өзің едің. Сен мәңгілік бол,Тәуелсіздік!                                                             

Алмагүл НҰҒМАН.

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан САҒЫНТАЕВ: «Ешкімнің пікірі ескерусіз қалмайды»

Осыған дейін Көкше жерінде болған Жер реформасы жөніндегі республикалық комиссия Алматы облысына табан тіреді. Талғар ауданына қарасты Арқабай ауылында орналасқан «Байсерке-Агро» агрохолдингі базасында Жер реформасы жөніндегі комиссияның кезекті көшпелі отырысы өтті. Оның жұмысына комиссия мүшелерімен қатар, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, ауылшаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, облыс тұрғындары мен жергілікті кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының төрағалары қатысты. Селекторлық түрде өткен басқосуды аудандар мен қалалар видеобайланыс арқылы бақылап отырды. Жиынды комиссия төрағасы Бақытжан Сағынтаев жүргізді.

Толығырақ: ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан САҒЫНТАЕВ: «Ешкімнің пікірі ескерусіз қалмайды»

Рәміздерім – тұмарым!

«Туы биік елдің – тұғыры биік» деген дана қазақ. Ақиқаты сол, еліміздің дербестігін дәріптер, өткеніміз, бүгініміз бен болашағымыздың арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі – Рәміздер. Оған құрметпен қарау – әрбір Қазақстан азаматының міндеті. Осы орайда сәрсенбінің сәтті күнінде аудан әкімінің жанындағы ҚР Мемлекеттік Рәміздері жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысы өтті. Оған техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Әбсамат Әкімов арнайы қатысты. Жиынды аудандық ішкі сая-сат бөлімінің басшысы Момунжан Исламов жүргізіп отырды. Күн тәртібінде үш мәселе қаралды: біріншісі, Елтаңбаға енген жаңа стандарттар жайында, екіншісі Шелек округі әкімінің орынбасары Мәди Бектасовтың Мемлекеттік Рәміздерді қолдану және насихаттау жөніндегі есебі, үшінші, Рәміздер күнін өткізу мәселесі талқыланды.

Толығырақ: Рәміздерім – тұмарым!

Елбасы. Ел тәуелсіздігі. Ел ертеңі

Қазақ елі өз тәуелсіздік ғасырының төрттен бірін толтырды. Бұл мерзім адам өмірімен есептегенде де, тарихи тұрғыдан алып қарағанда да көп уақыт емес. Бірақ осы қысқа мерзімге қарамастан қазақ елі әлем мойындаған мемлекеттер қатарына енді. Еліміздің саяси өмірі жаңартылып, түбегейлі өзгерістер жасалды. Мемлекеттіліктің барлық институттары құрылып, экономикамыз нарықтық жолға түсті. Халықтың әл-ауқаты жаңа деңгейге көтерілді, әлеуметтік салада тың асуларды бағындырдық. Мемлекеттік шекарамыз айқындалып, елдің тұтастығы, жердің бүтіндігі қамтамасыз етілді. Елбасының көрегендігі мен ерік-жігерінің нәтижесінде Қазақстан әлемде тұңғыш рет ядролық қарудан бас тартты. Семей сынақ полигонын жабуы бүкіл дүниежүзінің назарын өзіне еріксіз аударды. Осы бір батыл қадамның нәтижесінде мемлекет тәуелсіздігінің қауіпсіздігіне әлемнің іргелі мемлекеттері кепілдік берді.  Бастысы, ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы ұлы арманы мен мақсаты орындалды. Сәл тарихқа сапарлайық...

Толығырақ: Елбасы. Ел тәуелсіздігі. Ел ертеңі