Күнтізбе

« Мамыр 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Серіктестер

 

Жарнама

Рәміздерім – тұмарым!

«Туы биік елдің – тұғыры биік» деген дана қазақ. Ақиқаты сол, еліміздің дербестігін дәріптер, өткеніміз, бүгініміз бен болашағымыздың арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі – Рәміздер. Оған құрметпен қарау – әрбір Қазақстан азаматының міндеті. Осы орайда сәрсенбінің сәтті күнінде аудан әкімінің жанындағы ҚР Мемлекеттік Рәміздері жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысы өтті. Оған техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Әбсамат Әкімов арнайы қатысты. Жиынды аудандық ішкі сая-сат бөлімінің басшысы Момунжан Исламов жүргізіп отырды. Күн тәртібінде үш мәселе қаралды: біріншісі, Елтаңбаға енген жаңа стандарттар жайында, екіншісі Шелек округі әкімінің орынбасары Мәди Бектасовтың Мемлекеттік Рәміздерді қолдану және насихаттау жөніндегі есебі, үшінші, Рәміздер күнін өткізу мәселесі талқыланды.

 

Алғашқы мәселе бойынша Әбсамат Әкімов және осы департаменттің бөлім басшысы Қатипа Жұманова баяндама жасады. Олар өз сөзінде ҚР СТ 989-2014 «ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» атты жаңа стандартты қолдану тәртібі мен ондағы өзгерістер жайлы кеңінен атап өтті. Айтуынша, Елтаңбаға енген жаңа стандарт көбіне оның сапасы мен түсіне байланысты. Яғни, жаңа Елтаңба алтын және көгілдір түспен айрықша әрленген (суретте). Бұл стандарт осы жылдың 1 қаңтарында күшіне енген. Ескертетін жайт, 2016 жылдың 1 қаңтарына дейінгі ілінген Елтаңбалар 2017 жылдың 1 шілдесіне дейін жарамды. Яғни, сол мерзімге дейін жаңа Елтаңбаны ілуге міндетті мемлекеттік мекеме басшылары.

Әбдісамат Әбжапарұлы Мемлекеттік рәміздердің орналасу тәртібімен оның сапасы жөнінде де кеңінен әңгіме қозғады:

– Осы жерде ескеретін бір жәйт, арнайы мемлекеттік рәміздерді жасауға лицензиясы бар кәсіпкерлерге ғана тапсырыс бергендеріңіз өздеріңізге ыңғайлы. Себебі, сапасы жағынан әлдеқандай сындар болған жағдайда заң бойынша ауыстырып беруге міндетті тапсырыс алушы.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Мәди Бектасов мінберге көтеріліп, ірі округтегі мемлекеттік мекемелерде Рәміздердің орналасуы мен елдік символдардың насихатталуы жөнінде баяндама оқыды.

– Мемлекеттік Рәміздерді насихаттау мақсатанда округ аумағында сыртқы үгіт-насихат құралдары ретінде 2  баннер және  барлық  мемлекеттік мекемелерде ұлттық стандартқа сай 36 стендтер орнатылған.

Жалпы орта, бастауыш, кәсіп-тік орта білім беру ұйымдарында арнайы оқшауланған көрнекті орынға ұдайы Мемлекеттік Ту тігілген, Мемлекеттік Елтаң-ба не олардың бейнесі, сон-дай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мемлекеттік тілдегі мәтіні орналастырылған. Осы орайда округтегі 8 жалпы, 2 орта арнау-лы  білім беру, 2 балабақшада бұл талап орындалған. 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасының бейнесi Мемлекеттік рәміздерді насихаттау және олардың мәртебесін көтеру мақсатында округте түрлі қоғамдық-саяси шаралар, акциялар, дөңгелек үстел отырыстары және басқа да мәдени-көпшілік шаралар өткізіліп отырады.

Баяндаманы тыңдап отырған Әбсамат Әбжапарұлы атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, «басқаларға үлгі ретінде айтып жүретіндей өз көзіммен көріп шығамын» деді.

Жиын соңы сұрақ-жауапқа ұласты. Сондай-ақ, осы мамыр айында Рәміздерді пайдалану тұрғысында облыс аумағында арнайы комиссия жүретіндігін де ескертті. Мемлекеттік Рәміздерге салғырт қараған мекемелерге 400 АЕК көлеміне дейін айыппұл салынатындығы да айтылды. Мұндағы басты мақсатты Елбасының сөзімен келтірсек: «Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңба, Гимнін тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы да осы».

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.