Сейсенбі, 19 Қыркүйек 2017 10:47

Тұрақтылық – табан тірер тұғырымыз

«Бірлік бар жерде тірлік бар». Иә, бабалар сөзінен асып айту әсте артық болар. Осы ойдың астарын саралау мақсатында Бәйтерек орта мектебінде «Толеранттылық пен татулық – қоғамдық келісімнің кепілі» тақырыбында форум өтті. Аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Елім-ай» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жалауы желбіреген шараға қор төрағасы Ж.Мухамедов қатысып құттықтау сөз айтты. Ауданымыздағы ұлтаралық татулықты нығайтудағы аталмыш қордың атқарып жатқан ауқымды ісіне ризашылығын білдірді мектеп директоры Шымберген Пірімбаев. Кейіннен Жаңаберген Мухамедов: – Мемлекет басшысы Астана қаласында Бейбітшілік және Келісім сарайында өткен Ассамблеяның 25-сессиясында осындай бас-ты байлығымызды сақтап қалу тұрғысында кеңінен ойын білдірді. Санамыздың ісімізден озық тұруын ашық айтты. Бұл дегеніміз, Жаңғырудың негізі…
Сейсенбі, 19 Қыркүйек 2017 10:30

Маңызды құжаттарды талқылады

Жақында аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Іле мұрагер» қоғамдық бір-лестігінің ұйымдастыруымен Ақши ауы-лындағы Бөлек батыр және Есіктегі Қ.Сәтпаев атындағы орта мектепте Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы басты басымдықтар мен «5 институционалдық реформа: 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында кездесу өтті. Шара барысында қоғамдық бірлестік төрағасының орынбасары Қымбат Құрманжанова Жолдаудағы басымдықтарға тоқталып өтті: – Елбасы осы Жолдауда еліміздің дамыған 30 елдің қатарына кіру керектігін тағы бір еске салып өтті. Сондай-ақ, сын-қатерлерді күтіп отырмай, оған кез-келген сәтте қарсы тұра алатын мемлекетті қалыптастыру керектігін қадап айтты. Ол үшін бес басымдықты жүзеге асыруы-мыз керек. Экономикамыздың…
Сейсенбі, 19 Қыркүйек 2017 09:53

Келісіп пішкен тон келте болмас

Расында, билік пен қарашаның арасы бір атаның баласындай, қос өзеннің сағасындай жақын болса, онда ынтымақтың орнағаны. Онда шешілмейтін түйткілдердің болмағаны. Жақында Ақши орта мектебінің акт залында өткен аудандық мәслихат жанындағы комиссиялардың біріккен көшпелі отырысы осындай ізгілікті істің көрінісін көз алдымызға әкелді. Оған бөлім, мекеме басшылары, Бәйдібек би, Ақши, Балтабай, Қырбалтабай округінің әкімдері мен қоғамдық кеңес мүшелері арнайы шақыртылды. Себебі, көшпелі комиссия отырысынан екі күн алдын аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов бастаған депутаттар төрт ауылды аралап, қоғамдастық мүшелерімен кездескен еді. Келелі мәселелерді көзбен көріп, тұрғындармен жүздескен еді. Отырыс сондағы түйткілдердің түйінін тарқатқандай болды. Күн тәртібінде «Аудан көлемінде салық түсімдерінің 2017 жылдың…
Парламентте қаралған латын қаріптеріне көшу жайындағы мәселе бойынша филолог Ербол Тлешовтіңұсынысымен қолданысқа 25 графикалық белгі ұсынылған екен. Бір ұнамдысы, бір кездегідей «ұ» әрпін ү-ден ажыратуүшін үстін сызып немесе «аяғына» белдік қойып, дауысты дыбыстан кейін келетін «и» әрпінің үстіне сызықша қойып«ё» дегенге екі нүкте қою сияқты әурешіліктер болмайды екен.Оның орнына қос қаріп, яғни диаграф ұсынылады. Ә-ні «ае» деп, ө-ні «ое» ш-ны «sh», ж-ны «zh»-деп көрсету қолайлы болсакерек. Бұның өзі әлемдегі ағылшын әліппесінен, латын қаріптерінен әрі аспай ғана, әріптерді бұрынғыдай 42 қылмай-ақ сөзімізді,ойымызды жеткізу амалы. Ағылшын тілін оқыған адамдар «good morning» (қайырлы таң) деген тіркестегі ng диграфын қазақта бар«ң» әрпімен оқиды «гуд…
Жақында аудан әкімдігінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел отырысы өтті. «Әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының, оның ішінде жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының құрылысы кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында өткен жиында жоғарыда аталған басқарма басшысы Мұрат Тоғызбаев, Еңбекшіқазақ ауданының жолаушылар және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бейбіт Искаковтар сөз сөйледі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында айтылған бесінші басымдық бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталған Мұрат Тоғызбаев қоғамда «Сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік» қағидасын қалыптастыруды басты назарға алып отырғандарын атап өтті. Оның айтуынша, қазіргі…
Сейсенбі, 12 Қыркүйек 2017 10:22

Патриоттық байқау басталды

«Нұр Отан» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалы-ның ұйымдастыруымен «Бақыт-ты отбасы – Бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында мектеп оқушылары арасында «Туған жерім» атты шығармалар байқауы басталды. Осы аптада аталған байқау жайында партия филиалының өкілдері мектептерде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Айтуларынша, үстіміздегі жылдың 5 қыркүйегінен 1 желтоқсан аралығында өтетін байқауға 5-11 сынып оқушылары қатыса алады. Аудан бойынша шығармаларды қабылдау қазан айының 25-не дейін жүргізілетін болады. Үздік шығармаларды қабылдап, іріктеу аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаевтың бекіткен комиссия мүшелеріне тапсырылады. Өз тілшіміз.
Сейсенбі, 12 Қыркүйек 2017 09:55

Бар жақсылық балаларға

Ават ауылдық округінде жақсы-лыққа жаны құмар жамағаттың, ауыл мешітінің, мектеп ұстаздары-ның қолдауымен «Мектепке жол» қамқорлық акциясы өтті. Шара негізінде әлеуметтік аз қамтылған, жағдайы төмен, жетім-жесірлерге, көпбалалы отбасыларынан шыққан көмекке мұқтаж 27 мектеп оқушысына мектепке қажетті заттармен көмек көрсетілді. айдана АЛҚОЖАҚЫЗЫ, Ават ауылдық округі әкім аппаратының жетекші маманы. Аз қамтылған және көпбалалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ішінен оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармай қалуының алдын алу үшін көмек көрсету мақсатында Баяндай орталау мектебінде «Мектепке жол» акциясы өтті. Шапағаты мол шараға Ташкенсаз округінің әкімі Э.Масутова, мектеп директоры М.Құттықожа және ауыл тұрғындары…
«Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады... Мәселен, «Ауылым – әнім» атты әнді айтқанда, «Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін» деп шырқайтын едік қой. Бажайлап қарасақ, бұл – мағынасы өте терең сөздер». Бұл Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы турасында айтқан ойлары. «Ер – ел үшін туады» деген нақыл бекер айтылмаса керек. Облысымызда алғашқы болып Елбасының «Туған жер» бағдарламасын іске асырған Сабировтар отбасы Ащыбұлақ ауылындағы саябақтың құрылысын аяқтады. Игі шараға арнайы келген облыс әкімі Амандық Баталов Қазақстан ауылындағы әкімдік ғимаратының құрылысымен танысып, Есік…
Показать свои творческие способности, в этом году смогут 16 молодых семей Жетысуского края. По установленным правилам конкурса, семьи, в которых есть профессиональные певцы, танцоры и артисты театра, принять участие в состязании молодых семей «Мәңгілік ел – мәңгілік отбасы» не смогут. Это служит своего рода доказательством прозрачности и честности конкурса. Об этом на брифинге Региональной службы коммуникаций рассказал руководитель Алматинского областного управления по вопросам молодежной политики Айдын Нурмухамбетов. Данный конкурс впервые был организован в 2012 году. И стал хорошей традицией для региона. Сегодня он проводится в 6 раз. Он состоит из 5 этапов: «Жүйрік болсаң, шауып көр», «Ата көрген оқ жонар,…
Жексенбі, 03 Қыркүйек 2017 12:33

Мектеп үшін емес, өміріміз үшін оқимыз!

Дәстүрлі тамыз кеңесі биыл жаздың соңғы айының 28-іне тұрақтады. «Қазақстанның жаңғыруы 3.0 – білімнің үлесі» деп айдар таққан кеңеске әдеттегідей аудан басшысы Бинәлі Ысқақ арнайы келіп, білім саласындағы жетістіктер мен кемшіліктерді таразылады. Сонымен қатар, келелі кеңеске аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов те қатысты. Алдымен Бинәлі Әбдіқапасұлы бастаған аудан басшылары білім бәсекесінде бәсі жоғары болған мектептердің көрмесін аралады. Білім бөлімінің соңғы жылғы инновациялық жетістіктерімен танысты. Сөйтіп, аудан әкімінің орынбасары Айбек Бидаевтың жүргізуімен кеңес өз жұмысын бастады. Жыл өткен сайын білім саласына мемлекет қолдауы ұшан-теңіз. Бұл қазіргі қоғам білектің емес, білімнің күшіне сенетіндігін және соған тәуелді екенін айғақтаса керек. Айталық, ауданымыздың өзінде…
Page 1 of 4
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

Жарнама