Бейсенбі, 22 Маусым 2017 23:43

Әрбір бала бақытты болуға лайықты!

Адам баласы өз өмірінде мынадай үш іс атқаруы тиіс: бірі – ағаш отырғызу, енді бірі – үй салу және соңғысы – ұрпақ қалдыру. Ағаштың жемісті болуы, үйдің сән-салтанатпен тұрғызылуы оның негізгі өзегінде, іргетасында. Сол секілді артыңда қалар ұрпақ болашағының жарқын болуы оның бала шағына тікелей байланысты. Әр шаңырақтың көз қуанышы – балалар. Өз сәбиінің жұлдыздай жарқырап жүргенін қай ата-ана қаламайды дейсіз?! Десе де, бүгінгі қоғам сенің үлкен-кішілігіңе қарамайды: өз үстемдігі, өз билігі қолында тұр. Ал қоғам дегеніміз – біз. Яғни, сайып келгенде қолымызды өзге біреу емес, өзіміз кесіп келеміз. «Қоғамның кішкентай мүшелерінің» жай-күйі сол қоғамнан тыс қалмауы тиіс. Айтарымыз –…
«Мы должны культивировать новые индустрии, которые создаются с применением цифровых технологий». Это ключевое положение Послания Президента РК Нурсултана Назарбаева «Третья модернизация Казахстана: глобальная конкурентоспособность» послужило основой разработки программы «Цифровой Казахстан», предназначенной «…обеспечить развитие коммуникаций, повсеместный доступ к оптоволоконной инфраструктуре». Иными словами, основой модернизации страны должны служить достижения мировой цифровой индустрии, повсеместно внедряющей онлайн-сервисы во все сферы жизнедеятельности государства, общества и человека. Такая масштабная и сложная задача возложена, прежде всего, на сети телекоммуникаций. Флагманом системной «цифровизации» РК был и остается АО «Қазақтелеком». Его подразделения обеспечивают мобильный информационный обмен, без которого невозможно функционирование «электронного правительства» и других жизненно важных государственных, финансовых, социальных…
28 маусым – Ақпарат және байланыс қызметкерлерінің күні 28 июня – День работников информации и телекоммуникаций РК Қандай да болсын өтпелі, өзгерістер замандарында, қоғам дамуының күрделі кезеңдерінде бұқаралық ақпарат құралдарының атқарар қызметі арта түсері ақиқат. Жаңа тарих беттерін аударып, ақтарсақ жиырма алтыншы жылға аяқ басқан Тәуелсіздігіміздің өзі ғасырға жүк боларлық оқиғаларға, өзгерістерге толы болды. Кеңес Одағы ыдырап, Балтық жағалауы елдерінен бас-тап бұрынғы одақтас республикалар өз тәуелсіздігін жариялап жатты. Осы кезеңдегі сарғая бастаған газет беттерін қарап отырсақ «жалақы жоқ, зейнетақы жоқ» деген сөздер көбірек те, алаң елдің назарында алдымен әлеуметтік төлемдердің үзіліп қалу фактілері, өндіріс орындарының жұмысын тоқтатып, жұмыссыздықтың ұлғаюы секілді…
Бейсенбі, 22 Маусым 2017 19:34

Тәлімгер жолы

Запастағы подполковник ҚР ішкі істер органының ардагері отыз жылға жуық милицияның ауыр қызметінің барлық сатысынан сүрінбей өтіп, өміріне мол тәжірибе жинақтаған, Оразбай Ыбрайұлы Жалғаубеков Кеңес Одағы кезінде подполковник шеніне жеткен адам. Ол кезде сондай дәрежеге көтерілудің өзі кім көрінгенге бұйыра бермейтін бақыт болатын. Бұл шенге Оразбай ақсақал шыншыл, принципшіл, әділетті, адалдығының арқасында жетті. Отызыншы жылдардың ортасында әкесі Ыбрай Жалғаубеков Еңбекшіқазақ аудандық атқару комитетінің қосымша қосалқы шаруашылығының директоры болып жұмыс атқарды. Көптеген жетім-жесірге қамқорлық жасап, оларды ашаршылықтан құтқарып, адал еңбегімен асырапты. Бұл жасаған жақсылығын Есік қаласында тұратын көнекөз ақсақалдардан талай естігенбіз. Ыбрай ақсақал сол жылдарда «Ерен еңбегі үшін» медальдың иегері атанды.…
Бейсенбі, 22 Маусым 2017 19:28

Тыныштық пен тәртіп күзетінде

Тәуелсіз Қазақстан қоғамының тәртібі – ішкі істер органдарының бақылауында. Күн, түн демей, тұрғындардың қауіпсіздігі үшін үнемі қырағы жүретін полиция қызметкерлерінің еңбегі елеулі. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев: «...дамыған қоғам барлық жерде тәртіп пен реттілік орнатудан, жайлы подъезден, жинақы ауладан, таза көшеден және жарқын жүзді адамдардан басталады. Біз ең ұсақ құқықбұзушылықпен, бұзақылықпен, мәдениетсіздікпен ымыраға келмеуіміз керек...» – деп, тәртіп сақшыларына нақты тапсырма беріп, ел үшін адал еңбек етуге шақырған болатын. Ел сенімі, Елбасы сенімі ақталуда. Оған дәлел, елімізде жылдан-жылға ірілі-ұсақты қылмыстар санының азаюы. Аудандық ішкі істер басқармасының өкілдері де қазіргі таңда аудан тұрғындарының қауіпсіздігі жолында талмай еңбек етуде. Полиция қызметкерлері-нің төл мерекесі қарсаңында…
Бейсенбі, 22 Маусым 2017 19:20

Музейде жаңа бөлім ашылды

Шелек ауылындағы тарихи-өлкетану музейінде мемлекеттік қызметкерлер күніне арналған игі шара өткізіліп, оған ардагерлер мен Шелек ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері қатысты. Жиынды музейдің қор сақтау-шысы Әбілбек Айтақынов ашып жүргізіп, мемлекеттік қызмет деген – азаматтардың мемлекеттік органдар мен оның аппаратындағы кәсіби қызмет екенін, мемлекеттік қызмет жүйесі саяси және әкімшілік болып екі санатқа бөлінетін лауазымдарды құрайтынын, ықпалы зор адамдар саяси лауазымға жататынын, ал қалғандары әкімшілік санатта одан әрі жетілетінін, мұндай жауапты істе істеген соң өз қызметін әділ атқарудың маңыздылығын түсіндіріп, оларды төл мерекелерімен құттықтады. Округ әкімі-нің орынбасары Ертай Нұрмақанов мемлекеттік қызметте істеудің өзі абыройлы іс екенін, қазіргі таңда округ көлемінде атқарылып жатқан…
Бейсенбі, 22 Маусым 2017 19:15

Абзал жандар құрметтелді

Әлемдегі қаншама мамандықтардың ішінде бар өмірін адамдардың денсаулығына сарп ететін, асыл мамандық адамды емдеу әрине. Жұмыстары жауапкершілікке толы, әр азаматтың басты байлығы үшін дамыл таппай қызмет ететін дәрігерлерді «ақ халатты абзал жандар» деп сыйлаймыз. Қандай құрметке де лайықты медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі Бәйдібек би ауылындағы Мәдениет үйінде жоғары деңгейде аталып өтті жақында. Мерекелік іс-шарада алғашқы сөзді алған аудан әкімі Бинәлі Әбдіқапасұлы өзінің өмірі мен қызметін адам денсаулығына арнаған мейірімді жандарды төл мерекелерімен шын жүректен құттықтап: – Бұл мерекені адам тәнінің қиналысын жүрегімен сезіне білетін денсаулық сақтау саласы-ның барлық қызметкерлерінің, медбикелер мен дәрігерлердің ерен еңбегі бүкіл жұртшылықпен бағаланатын күні деп есептеуге…
Сәрсенбі, 07 Маусым 2017 10:20

Тарихи тұлғалар есімдері жаңғырды

Ауданымыздың үш мектебіне батыр бабамыздың, алаш ардақтысының, еңбек ерінің есімдері берілді Қазақтың ұлан өлкесі сынға түскен сонау бір сұрқай шақтарда басын бұғауға бермей, Алтай мен Атыраудың, Арқа мен Алатаудың арасындағы азаттық үшін арпалысқан оғландар есімі ұрпақ жадынан сөнбейді. Соның бірі – ХVІІІ ғасырда ғұмыр кешкен жоңғар басқыншылығына қарсы Хангелді, Наурызбай сияқты батырлармен бірге азаттық жолында күрескен – Бөлек батыр. Бүгінде Аңырақай аталып кеткен Далатау жазығында болған қалмақтардың бас батыры Аңырақайды тізе бүктірген баһадүр бабамыздың есімін енді жас ұрпақ мәңгі атап жүрмек. Себебі, өзінің туған өлкесі Ақшидегі мектеп Бөлек батыр есімімен аталды. Игі шараға аудан басшысы Бинәлі Ысқақ, аудандық мәслихат хатшысы…
Пікір-сайыс Үштұғырлы тіл саясаты – егемендік алған еліміздің жаңа даму кезеңінде оның дүниежүзілік аренаға шығып, басқа елдермен саяси-экономикалық, мәдени қарым-қатынасты қалыптас-тыруда ерекше рөл атқарады. Тілдердің үштұғырлығы идеясына Елбасы Н.Ә.Назарбаев нақты анықтама берген. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі, ал ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кіруге жол ашатын тіл. Алайда, бүгінгі қазақ қоғамында үштұғырлы тілге қатысты түрлі пікірлер қалыптасқан. Осы сан алуан ойларды бір арнаға тоғыстыру мақсатында жақында Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінде директордың әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Н.Нүсіпова, колледж әдіскері М.Қондыбаева және гуманитарлық білім беру бөлімінің меңгерушісі Қ.Бекбосынованың ұйымдастыруымен «Үштұғырлы тілдің бүгіні мен ертеңі» тақырыбында дебат…
Жексенбі, 18 Маусым 2017 18:01

Кәсібіңе бас иемін

Маусымның үшінші жексенбісі – Медицина қызметкерлерінің күні Ауданның бас дәрігері Болат БАЛАҚОЙШИЕВ: Қоғамның басты байлығын бақылау – міндетіміз Осы жыл басынан бері ауданымыздағы денсаулық сақтау саласына мемлекеттен 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Бұл бірінші байлық сақшыларына жасалған қамқорлық емес пе. Яки, өңіріміздегі 83 емдеу мекемесі, ондағы 300 дәрігер, 1242 орта буынды және 552 кіші буынды медицина қызметкерлері мемлекет қамқорлығында деген сөз. Олардың міндеті – ауданымыздың 300 мыңға жуық тұрғынына сапалы қызмет көрсету. Төл мерекелері қарсаңында ауданның бас дәрігері Болат Балақойшиевпен сұхбаттасқан едік... – Құрметті Болат Рысбайұлы, мемлекет қамқорлығын жоғарыда атап өттік. Аудан дәрігерлерінің қамқорлыққа қайтарымы қалай? – Иә, осы…
Page 1 of 28
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

Жарнама