Жексенбі, 06 Тамыз 2017 11:43

«Жолдар – тіршілік тамыры»

Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бейбіт Құлжамбайұлы Искаков: «Көшің көрнекті болсын десең, көлігің күтімді болсын» дейді қазақ. Иә, жылқы, түйе мінсең – көлік болған заман артта қалып, дамыған мемлекет салтанат құрған сәттен-ақ сол көліктің сан түрі қолданысқа берілді. Бұрында төрт түліктің күтіміне мән берген қазаққа бүгінде көлік-пен қатар, жолдардың да жағдайы көңіл аударатын мәселе болып отыр. Көлік қызметкерлері күні мерекесі қарсаңында аудандық әкімдікке барып, көлік саласына байланысты оңды жаңалықтарды біліп қайттық. Көкейде жүрген сұрақтарымызға жолаушы кө-лігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бейбіт Құлжамбайұлы Искаков жауап берді. – Құрметті Бейбіт Құлжам-байұлы, ауданымыздағы көлік жолдарының бүгінгі жағдайы қалай? – Аудан…
Жексенбі, 06 Тамыз 2017 11:16

Өмір мәні

Шынайы бақыт отбасының берекесі мен бірлікті тірлігі деп түсінетін анам әрқашан «Жанұя ырысын ұрыспен қашырмаңдар» деп отыратын. Бірде үйге ат терлетіп анамның бауыры келген еді. «Бауырдың орны бір бөлек» десе де анам бұл ет жақынының істеп жүрген тірліктеріне разы емес-тұғын. Кенеттен: «Сен осымен нешінші рет босағаңнан әйел жіберіп, нешінші рет жас жігіт болып отырасың.?» – деп төтесінен сұрақ қояды. Әпкесінің тік мінезі мен қайсарлығын білетін бауыры да ойын бүкпестен жеткізуге тырысады. – Әпкетай-ау, мен қылмыс жасап отырмын ба. Өзіңіз айтыңызшы? Өздерінің келісімдерімен оларды әйел етіп аламын. Кейіннен түсінісе алмасам, төркініне қайта апарып саламын. Мен де адаммын ғой, аз өмірімді қалауымша…
Сенбі, 05 Тамыз 2017 23:11

Әр мұсылман парызы

Жақында қайырымдылық акциясы негізінде Тескенсу ауылы Жыланкөзов №18 үй тұрғыны, жалғыз басты ана Укешова Гүльшара Тажековнаға Тескенсу ауылдық округінің «Нұр Отан» БПҰ хатшысы, С.Т. Бектеген жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы Д.Б.Нұрбеков және ауылымыздың белсенді жастары көмек қолын созды. Есік алдын ретке келтіріп, құлайын деп тұрған сарайын бұзып, жинастырып, ауласына тазалық жұмыстарын жүргізді. Гүлшара Укешова осы акцияны ұйымдастырған ауыл жастарына алғысын айтып, жылы лебізбен шығарып салды. Д.Б.НҰРБЕКОВ, Тескенсу ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы, «Жас Отан» жастар қанатының мүшесі.
Кәсіпкерлік – елімізді экономикалық тұрғыдан қуатты етер салалардың бірден-бірі. Сондықтан, Елбасының бастамасымен соңғы жылдары кәсіпкерлікке деген қамқорлық артуда. Кәсіпкерлерге және кәсіп ашам деушілерге толыққанды жағдай жасалып, шексіз тексерулер қысқартылды. Сондай-ақ, жеңілдетілген несиелер берілуде. Жақында төмен пайызбен несие алған Есік қаласының тұрғыны, кәсіпкер Құрылыс Бидахан бүгінде кәсібінің тасын өрге домалатуда. Осыған орай, «Нұр Отан» пар-тиясы аудандық филиалының желілік кестесіне сәйкес «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» партиялық жобасы аясында партия және жұмыспен қамту орталығының өкілдері жиһаз цехына арнайы барып, жұмыс барысымен танысты. Бағдарлама арқылы 2 млн 900 мың теңге несие алған кәсіпкер бүгінде бірнеше адамды тұрақты жұмыспен қамтуда. Айтуынша, базарда дайын жиһаздарды сататын…
«Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады», — деген еді Елбасымыз бір сөзінде. Еліміздің болашағын сеніп тапсырған Мемлекет басшысының сөздерінен-ақ жастардың қоғамдағы рөлін анықтауға болады. Шаңырағы үлкен, 54 ұлт пен ұлыстың басын қосқан Еңбек-шіқазақ ауданында 68 780 жас тіркелген. Олардың жас ерекшеліктеріне қарай әртүрлі бағыттағы іс-шаралар жүр-гізу «Еңбекшіқазақ ауданының жастары ресурстық орталығының» құзырында. Жастардың жағдайы, орталықтың ат-қарған жұмыстары туралы аталмыш орталық жетекшісі Айбек Ілебайды сөзге тартқан едік. – Айбек Қасымханұлы,…
Сенбі, 05 Тамыз 2017 17:22

Әйелдерге кеңес берілді

Бүгінде қоғамда әйелдерге еңбек міндеттерін орындау кезінде ерлермен бірдей талаптар қойылады. Сонымен қатар, қазіргі заманғы жайғдайда ата-анасының екеуі де бала тәрбиесі мен үй шаруашылығын жүргізуге бірдей жауапты болуға тиіс. Алайда, отбасылық-тұрмыстық қатынастарда ерлер басымдығының сақталуы байқалады. Бұл дұрыс та шығар, әрине. Десек те, ерлер мен әйелдердің теңдігі – қазіргі заман талабы. Осыны жұртшылық арасында насихаттау мақсатында жақында Шелек, Түрген, Ават ауылдарында кездесулер өтті. Аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Іле мұрагер» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен шараға жергілікті полиция қызметі әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Райгүл Төлебекова, жергілікті әйелдер кеңесінің төрайымы мен мүшелері, ауыл тұрғындары қатысты. Жиын барысында…
Сенбі, 05 Тамыз 2017 17:11

Үздіктер марапатталды

Жақында Еңбекшіқазақ ауданы ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Еңбекшіқазақ ауданы әйелдер одағы» қорының және жастар ре-сурстық орталығының ұйымдастыруымен Азат орта мектебінде «Көшбас-шы-2017» зияткерлік байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – бәсекеге қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеу, оқушылардың мемлекеттік тілге, қазақ халқының әдебиетіне, мәдениетіне, өнеріне, ұлттық құндылықтарына деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушылар өз шығармашылығынан тілге, туған жерге арнаған өлеңдерін тыңдарман назарына ұсынды. Қор төрайымы Роза Исатаева құттықтау сөз сөйлеп, жеңіс тұғырынан көрінген балаларды марапаттады. Нәтижесінде, оннан оқ бойы озық шыққан Н.Тохтахунова, С.Кахарова, П.Акрамов, Т.Арипова, А.Ясунов, Т.Князев марапатқа ие болды. Қамажай ЕРКЕБАЕВА.
Сенбі, 05 Тамыз 2017 17:07

Қауқарлылар анықталды

Жақында Шелек ауылының жасөспірімдер спорт мектебінде маргиналды жастар арасында «Білекті жастар» атты қол күресінен жарыс өтті. Аталмыш шара аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Еңбекшіқазақ ауданының жастары ресурстық орталығы» мен Шелек ауылдық округі әкімі аппараты, «Іле Мұрагер» үкіметтік емес ұйымының ұйымдастыруымен өткізілді. Жарысқа Шелек, Ташкенсаз, Қаракемер, Масақ, Бәйдібек би, Қазақстан, Тескенсу елдімекендерінен сайдың тасындай жігіттер күш сынасты. Нәтижесінде, 100 кг салмақта шелектік Жанболат Тасболат жүлделі І орынды қанжығасына байлады. 95 кг және 80 кг салмақта бақ сынасқан шелектік Евгений Сенжереев пен Шамиль Фундукчиев, ал 75 кг салмақта қаракемерлік Ержан Кенжебеков, 65 кг салмақта масақтық Данияр Мухаметжан жеңімпаз атанды. Өз тілшіміз
«Мал баққанға бітеді» деуші еді көнекөздеріміз. Расында, шаруашылықтың күйін келтіріп, ата кәсібіміздің тасын өрге домалату – бүгінгі міндет. Әсіресе, ауылдық жерлердегі ағайындарға. Осы мақсатты межелеген мемлекетіміз қос қолға күрек алып, іс қылам дегендерге қолдау көрсетуде. Оған дәлел – «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы. Бұл осы күнге дейін «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» деп аталған-тын. Биылдан бастап бұл бағдарлама ауқымы кеңейіп, ауыл шаруашылығына шағын несие беруге құқылы. Аталмыш бағдарламаның екінші бағыты яғни, жаппай кәсіпкерлік үшін жағдай жасау бойынша жыл басынан осы күнге дейін ауданымызда 500-ден астам адам несие алуға ниеттенген. Оның ішінде «Ауыл ша-руашылығын қар-жылай қолдау қоры»…
Жұма, 04 Тамыз 2017 10:27

Огонь и вода – летом беда

Благодатная пора лета чревата опасностями – пожарами, несчастными случаями на воде, а в нашей горной местности – еще и селевыми паводками. Какой ущерб нанесли, сколько бед причинили огонь и вода в самый жаркий период нынешнего лета, рассказывает главный специалист ОЧС района Еркебулан ТЕРГЕУСИЗОВ: – Тревожная тенденция – тонуть людей стало больше. На сегодняшний день в Енбекшиказахском районе зарегистрировано 12 фактов гибели людей на водоемах, в том числе трех несовершенолетних. За тот же период 2016 года утонули 9 человек, из них двое детей. Основная причина – неосторожность, легкомысленное отношение к водной стихии. А дети гибнут, вдобавок, по недосмотру взрослых. В мае…
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

Жарнама