Бейсенбі, 22 Маусым 2017 19:20

Музейде жаңа бөлім ашылды

Шелек ауылындағы тарихи-өлкетану музейінде мемлекеттік қызметкерлер күніне арналған игі шара өткізіліп, оған ардагерлер мен Шелек ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері қатысты. Жиынды музейдің қор сақтау-шысы Әбілбек Айтақынов ашып жүргізіп, мемлекеттік қызмет деген – азаматтардың мемлекеттік органдар мен оның аппаратындағы кәсіби қызмет екенін, мемлекеттік қызмет жүйесі саяси және әкімшілік болып екі санатқа бөлінетін лауазымдарды құрайтынын, ықпалы зор адамдар саяси лауазымға жататынын, ал қалғандары әкімшілік санатта одан әрі жетілетінін, мұндай жауапты істе істеген соң өз қызметін әділ атқарудың маңыздылығын түсіндіріп, оларды төл мерекелерімен құттықтады. Округ әкімі-нің орынбасары Ертай Нұрмақанов мемлекеттік қызметте істеудің өзі абыройлы іс екенін, қазіргі таңда округ көлемінде атқарылып жатқан…
Бейсенбі, 22 Маусым 2017 19:15

Абзал жандар құрметтелді

Әлемдегі қаншама мамандықтардың ішінде бар өмірін адамдардың денсаулығына сарп ететін, асыл мамандық адамды емдеу әрине. Жұмыстары жауапкершілікке толы, әр азаматтың басты байлығы үшін дамыл таппай қызмет ететін дәрігерлерді «ақ халатты абзал жандар» деп сыйлаймыз. Қандай құрметке де лайықты медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі Бәйдібек би ауылындағы Мәдениет үйінде жоғары деңгейде аталып өтті жақында. Мерекелік іс-шарада алғашқы сөзді алған аудан әкімі Бинәлі Әбдіқапасұлы өзінің өмірі мен қызметін адам денсаулығына арнаған мейірімді жандарды төл мерекелерімен шын жүректен құттықтап: – Бұл мерекені адам тәнінің қиналысын жүрегімен сезіне білетін денсаулық сақтау саласы-ның барлық қызметкерлерінің, медбикелер мен дәрігерлердің ерен еңбегі бүкіл жұртшылықпен бағаланатын күні деп есептеуге…
Сәрсенбі, 07 Маусым 2017 10:20

Тарихи тұлғалар есімдері жаңғырды

Ауданымыздың үш мектебіне батыр бабамыздың, алаш ардақтысының, еңбек ерінің есімдері берілді Қазақтың ұлан өлкесі сынға түскен сонау бір сұрқай шақтарда басын бұғауға бермей, Алтай мен Атыраудың, Арқа мен Алатаудың арасындағы азаттық үшін арпалысқан оғландар есімі ұрпақ жадынан сөнбейді. Соның бірі – ХVІІІ ғасырда ғұмыр кешкен жоңғар басқыншылығына қарсы Хангелді, Наурызбай сияқты батырлармен бірге азаттық жолында күрескен – Бөлек батыр. Бүгінде Аңырақай аталып кеткен Далатау жазығында болған қалмақтардың бас батыры Аңырақайды тізе бүктірген баһадүр бабамыздың есімін енді жас ұрпақ мәңгі атап жүрмек. Себебі, өзінің туған өлкесі Ақшидегі мектеп Бөлек батыр есімімен аталды. Игі шараға аудан басшысы Бинәлі Ысқақ, аудандық мәслихат хатшысы…
Пікір-сайыс Үштұғырлы тіл саясаты – егемендік алған еліміздің жаңа даму кезеңінде оның дүниежүзілік аренаға шығып, басқа елдермен саяси-экономикалық, мәдени қарым-қатынасты қалыптас-тыруда ерекше рөл атқарады. Тілдердің үштұғырлығы идеясына Елбасы Н.Ә.Назарбаев нақты анықтама берген. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі, ал ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кіруге жол ашатын тіл. Алайда, бүгінгі қазақ қоғамында үштұғырлы тілге қатысты түрлі пікірлер қалыптасқан. Осы сан алуан ойларды бір арнаға тоғыстыру мақсатында жақында Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінде директордың әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Н.Нүсіпова, колледж әдіскері М.Қондыбаева және гуманитарлық білім беру бөлімінің меңгерушісі Қ.Бекбосынованың ұйымдастыруымен «Үштұғырлы тілдің бүгіні мен ертеңі» тақырыбында дебат…
Жексенбі, 18 Маусым 2017 18:01

Кәсібіңе бас иемін

Маусымның үшінші жексенбісі – Медицина қызметкерлерінің күні Ауданның бас дәрігері Болат БАЛАҚОЙШИЕВ: Қоғамның басты байлығын бақылау – міндетіміз Осы жыл басынан бері ауданымыздағы денсаулық сақтау саласына мемлекеттен 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Бұл бірінші байлық сақшыларына жасалған қамқорлық емес пе. Яки, өңіріміздегі 83 емдеу мекемесі, ондағы 300 дәрігер, 1242 орта буынды және 552 кіші буынды медицина қызметкерлері мемлекет қамқорлығында деген сөз. Олардың міндеті – ауданымыздың 300 мыңға жуық тұрғынына сапалы қызмет көрсету. Төл мерекелері қарсаңында ауданның бас дәрігері Болат Балақойшиевпен сұхбаттасқан едік... – Құрметті Болат Рысбайұлы, мемлекет қамқорлығын жоғарыда атап өттік. Аудан дәрігерлерінің қамқорлыққа қайтарымы қалай? – Иә, осы…
Жексенбі, 18 Маусым 2017 17:54

Бұл жиын бұрынғыдан басқаша

Тұрақты комиссиялардың біріккен көшпелі отырысынан 6 шақырылған мәслихат депутаттарының кезекті біріккен комиссия отырысы Шелек ауылы әкімдігінің мәжіліс залында өтті. Күн тәртібінде төрт мәселе: «Дипломмен ауылға» бағдарламасының жүзеге асырылуы, осы бағытта бөлінген қаражаттың нысаналы игерілуі және ауданымыздың 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті туралы аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 21 желтоқсандағы №11-1 шешіміне өзгерістер енгізу. Бұл бағыт бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ермек Жәкеев есеп берді. Ал аудандық жұмыспен қамту орталығының атқарған жұмыстары аясында орталық басшысы Самат Буянбаев мінберге көтерілсе, ауданның экономикалық саласын дамыту үшін инвестиция тарту мен мемлекеттік бағдарлама аясында несиеге қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмыстар туралы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Нұрболат Серғали…
Жители Есика и района задают нам вопрос – почему возле районного акимата идет вырубка деревьев, украшавших территорию памятника «Алтын Адам», какая причина так радикально менять облик районного административного центра? Особое сожаление у них вызывает то, что под пилу попали тян-шанские ели, десятки лет служившие «визитной карточкой» райакимата… За разъяснениями газета обратилась к руководителю районного отдела ЖКХ и ЖИ Даурену Малибекову. Он сообщил следующее: На основании заключения РГП «Госэкспертиза» № 18-06002/15 от 23.07 2015 года составлен акт вырубки и переноса хвойных деревьев в количестве 31 штуки, подписанный мною, руководителем районного отдела архитектуры и градостроительства С.Молдакасымовым, акимом г.Есика Б.Бименовым, экологом района М.Тюлебаевым,…
Жексенбі, 28 Мамыр 2017 17:39

Кішілігі мен кісілігі басым

Қадірменді замандас, білімді де білікті азамат атану адам бойында сирек кездесетін асыл қасиеттер. Олар еліне сіңген ерекше еңбегімен бағаланбақ. Жайшылықтағы сыпайылық, мәдениеттілік, кішіпейіл бауырмалдығы басым азаматтың қызметте темірдей тәртіпті талап етуін, жауапкершілігі зор басшылығын көріп сегіз қырлы, бір сырлы деп қорытындыға келесің. Сыйласу соңғы сырласуға ұласып, бұл ойыңның дұрыстығы дәлелденеді. өп арасынан ерекше көрінетін сол азаматтардың бірі – аудандық, облыстық ішкі істер бөлімімен дараланған полиция генерал – майоры Асыл-Кеней Сағынжан Байболов. Жетпіс жастық ғұмырын енді тізгіндеген Сағынжан Еңбекшіқазақ ауданындағы «Көктөбе» кеңшарына қарасты кешегі «Совет» ауылында 1947 жылдың көктемінде кіндік қаны тамған. Осы ауданның «Жаңашар» орта мектебін бітірісімен әскерлік міндетін өтеуге…
Бейсенбі, 18 Мамыр 2017 12:34

Открыт садоводческий центр

Президент Казахстана Нурсултан Назарбаев обращает внимание на то, что в республике приоритетным вопросом остается импортозамещение в обеспечении основными продуктами питания, в том числе овощами и фруктами.
Бейсенбі, 11 Мамыр 2017 12:08

«Біз үшін бұл да бір белес»

– Құрметті Сейітхан Есенбайұлы, Елбасының бұл мақаласы жөнінде өзіндік пікіріңіз... – Тарих қойнауына енген Тәуелсіздікке дейінгі 70 жыл ішінде шыны керек, ұлттық санамыз шытынап, мәуелі мәдениетіміз мүжіліп үлгергені ақиқат. Оған кінәліні кеңестік идеологиядан көргенімізбен, өткен өтті. Ол да қатпар тарих қойнауына қазақ қоғамының зілді жылдары болып еніп кетті. Ал сол Тәуелсіздікке биыл міне, 26-шы жыл десек, осы уақыт аралығында Елбасымыз өзінің биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында атағандай екі белесті аттадық. Оның бірі – сонау 1991-де Тәуелсіздігімізді алғанымыз болса, екіншісі, «Қазақстан-2030» стратегиясын мерзімінен бұрын сапалы орындағанымыз. Бұл зор жетістік. Ендігі асуымыз – «Қазақстан-2050», яғни, әлем бойынша үздік…
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

Жарнама