«Саусағы Алатаудың еменіндей, Жотасы Қаратаудың кемеріндей. Жүзінен шаттық, қайғы білінбейді, Тұп-тұнық Қараөткелдің тереңіндей…» Қарға тамырлы қазақтың бағына біткен осындай жанашыр азамат Болатжан НҰРБЕКОВ ағамыздың еңселі жүзін көргенде есіңе сырбаз ақын Сырбай Мәуленовтің осы бір шумақтары еріксіз орала кетеріне не дерсіз?!. Оның тау тұлғасы мен асқақ арманы астасып жұдырықтай жүрегіне мейірім болып бекіп жатыр… Сонау жаугершілік заманда Ер Махамбет: «Ереуіл атқа ер салмай, Егеулі найза қолға алмай, Еңку-еңку жер шолмай, Ерлердің ісі бітер ме?» – деп жырласа, Болатжан САЙМАСАЙҰЛЫ өз заманына орайластырып, ереуіл атты білім деп түсіне отырып, білім жолына бет бұрды, егеулі найзаны маңдайдан аққан адал терге айналдырды. Күн демеді,…
«Отбасы – басты құндылық». Сондай-ақ, іргесі мықты, керегесі кең шаңырақ иесі атану – басты арман. Иә, кез-келген адам баласы оң-солын тани алатын, естияр азамат болып қалыптасқаннан кейін отбасылы болудың қамын ойлай бастайды. Әрине, үйленудің бастамасы болашақ жарыңды кездестіріп, махаббат хикаясымен жалғасудан басталады. Біраз уақыт бойы бір-бірінің сезімдеріне селкеу келтірмеген қос ғашық жарасымды жанұя құруды көздейді. Ата-ананың ақ батасын алған екі жас той әлегіне білек сыбана кірісе бастайды. Көптен күткен қызыққа да, шығынға да толы ұлы той бірер күннің ішінде бітеді де кетеді. Жас жанұя бірнеше ай, мүмкін, бірнеше жыл әй-шәй деспей, жүз шайыспай бірге өмір сүрер. Алайда, «ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды»–демекші,…
Бейсенбі, 13 Сәуір 2017 14:15

Приглашаем на рафтинг

Центральноазиатская ассоциация инструкторов приглашает всех желающих, сельчан и горожан, молодежь старше 12 лет, людей с ограниченными возможностями, принять участие в рафтинге по реке Или, посвященном Дню Победы. Такой вид водного туризма как рафтинг (сплав на лодках), в массовом масштабе практикуется в Енбекшиказахском районе впервые. На однодневном маршруте ниже плотины Капшагайского водохранилища вы познакомитесь с природными достопримечательностями, историей Великого Шелкового пути. Первая остановка будет возле Этнографического центра, где снимался фильм «Номад», вторая – у природного места силы «Писаные скалы». Сплав продлится 4-5 часов, перед финишем будут организованы гонки между экипажами. Каждый начинающий водник получит памятный сертификат о прохождении маршрута третьей категории…
Бейсенбі, 13 Сәуір 2017 14:13

Махаббаттан бал жұтам деп...

Махаббат – сезімдердің ең ұлысы. Бұл сезімнің құдірет-тілігі сонда, біреуді бақытқа жетелесе, біреуді қайғыға душар етеді. Осынау, махаббат дейтін сезімге нәзіктік пен адалдық, іңкәрлік пен сүйіс-пеншілік тән болса, ескіру мен тозығы жету жат нәрселер. Махаббат тууы бар, өркендеп өсіп-өнуі жоқ көзге көрінбей мәңгілік өмір сүруге ие жалғыз сезім. Оны суреттеу де, сөзбен жеткізу де мүмкін емес. Махаббатты тілсіз дейтініміз осыдан да шығар, бәлкім. Сондай-ақ, хакім Абай айтпақшы, «Махаббатсыз дүние бос». Расында да, бей махаббат бес күндік фәнидің еш мәні де, қызығы да жоқ. Құдды ғашықтықтан бастау алған осы бір сезімсіз қапасқа түскен құс тәрізді құрсауда қалып, қайдағы-жайдағы жымысқы ойлардың ортасында…
Бейсенбі, 13 Сәуір 2017 14:11

«Сәулет өнері – замана айнасы»

Сәулетшілік – адамзат ғұмырымен бірге тарихы тереңде жатқан, шоқтығы биік өнер. Ол қай заманда болмасын өзінің өзектілігін жоғалтқан емес. Оған дәлел, заманының баға жетпес байлығы болған Айша бибі, Арыстан-Баб, Қожа Ахмет Яссауи кесенелері әлі күнге өз биігінен түскен жоқ. Қазіргі таңда да сәулет өнері жоғары бағаланады. Ол – кешегі мен бүгінді байланыстырып, адамзатқа рухани тәрбие сыйлайды. Сондықтан, екінің бірі бұл өнердің тізгінін ұстай алмайды. Оған туындысымен халықтың эстетикалық талғамына лайықты жауап бере алатындар ғана лайық. Солардың бірі әрі бәрегейі – Қазақстан Сәулетшілер одағының мүшесі, еліміздің Құрметті сәулетшісі, «Есік Геосәулет» мекемесінің директоры Дәркенбаев Таңатар Садықұлы. Ауданымызда ғана емес, облыс, республикалық деңгейдегі…
Бейсенбі, 30 Наурыз 2017 10:22

Қазақшаң қалай, балақай? 2017

Қазақ тілін білу – қазақ ұлтының ғана емес, барша қазақстандықтардың азаматтық борышы. Мемлекеттік тілдің мәр-тебесін көтеріп, басқа тілдерді білу арқылы ғана біз бәсекеге қабілетті бола аламыз. Осыған орай, Көктөбе ауылындағы «Айгөлек» балабақшасында «Қазақшаң қалай, балақай?» атты аудандық балабақшалар арасындағы байқау өтті. Өзге ұлттың бүлдіршіндері бақ сынаған сайысқа 6 балабақшаның тәрбиеленушілері қатысты.
Ата-бабаларымыз білектің күшімен, найзаның ұшымен қасық қаны қалғанша жаумен күресіп, ұрпақты ұран етіп, бір қарыс жері үшін жанын беруге дайын болған. Ел ішінде дәл сондай бабалар аманаты мен қасиетін бойға сіңірген, Отан үшін отқа түсуден тайынбайтын азаматтар жетерлік. Солардың бірі – Өрікті ауылының тумасы Нұрсұлтан Қартбаев.
Бейсенбі, 30 Наурыз 2017 10:16

Ұлыстың ұлы күнінде

Бөлектіктер Ұлыстың Ұлы күнін Әймен ауылында жоғары деңгейде атап өтті. Думанды той Әймен орта мектебінен бастау алды. Сахна төрінде талантты оқушылар ән салып, би билеп, театрланған қойылымдар көрсетіп, бар өнерлерін ортаға салып жұршылықтың қошеметіне бөленді. Әсіресе, қыс айындағы жаңа жыл мен наурыз айындағы жаңа жыл болып айтысқан Жасұлан Дүйсембі мен Асхат Мейрамханның өнерлері көрермендерді тәнті етті.
Бейсенбі, 30 Наурыз 2017 10:13

Наурыз өтті дүркіреп

Ұлыстың ұлы күні – әз-наурыз мерекесі аудандық кітапханада ерекше форматта өтті. Кітапха-нашылардың ұйымдастыруындағы шараға ауданның құрметті азаматы, жазушы, ақын Шаяхмет Құсайынұлы, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кеңесшісі Нұрғиса Алишев қатысты.
«Қазіргі жас буын өзара сөйлесуден қалды. Тестке қарап телміріп, жаттаумен уақытын өткізеді». Дәл осылай шулаған еді осы күнге дейін ҰБТ жөнінде әңгіме қозғала қалса ата-аналар. Енді тестің жөні бір бөлек, қорытынды аттестациялаудың жөні бір бөлек. Яғни биылғы түлектерді жаңа сын күтіп тұр: аттестат алу үшін қорытынды аттестациядан өтеді, білімін жетілдіріп, жоғарғы оқуға тапсыру үшін ҰБТ-ға жүгінеді. Бұл төңірегінде жақында Райымбек Батыр атындағы орта мектептің акт залында кеңінен әңгіме болды. Оған аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Айжан Тортаева, аудандық ұлттық бірыңғай тестілеу орталығының директоры Қарлыға Қасымова және 20-дан астам мектеп түлектерінің ата-аналары қатысты. Сонымен кезегімен әңгіменің ауанын айтайық...
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

Жарнама