Бейсенбі, 29 Желтоқсан 2016 12:19

Өлеңге әркімнің бар таласы

«Талпынған жетер мұратқа» демекші, сөз патшасы – өлең жазу өнеріне талпынып, айтар ойын саралай білетін жас жеткіншектер баршылық екен. Асысаға ауылында ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне, еркіндікті аңсаған қазақ жастарының басынған кеңестік биліктің жөнсіз қарсы бейбіт ереуілге шыққан оқиғаның орын алғанына 30 жыл толуына орай «Желтоқсан желі ызғарлы» атты аудандық жас ақындар мүшәйрасы өтті. Аудандық жастар ресурстық орталығы, «Жас Отан» Жас-тар Қанатының аудандық филиалы және Асы ауылдық округі әкімінің аппараты ұйымдастырған бұл байқауда Қаратұрық, Көктөбе, Қорам, Асы, Масақ, Бәйтерек, Тескенсу, Түрген, Шелек ауылдық округтерінің таланттары бәсекеге түсті.
Бейсенбі, 29 Желтоқсан 2016 12:13

Бүлдіршіндер тілегі орындалған күн

Бірге соғып бар әлемнің сағаттары, Күтер бәрі таусылмай тағаттары. Ғасырдың он жетінші жылы келді, Құстай ұшып, қырау шалған қанаттары. Иә, көзді ашып-жұмғанша елімізде жақсы-лығымен есте қалған мешін жылы аяқталып, жаңа тауық жылы босағаны аттағалы тұр. Ересектер мерекеге дайындық жасап, абыр-сабыр болып жүргенде, балалар аяз атадан сыйлық күтіп, тілек тілейді. Жақында бүлдіршіндердің арманын орындау мақсатында Бәйдібек би ауылдық мәдениет үйінде аудан әкімінің шыршасы өтті. Бірі мультфильм кейіпкерінің кейпіне еніп, енді бірі қазақтың ұлттық киімдерін киген оқушылар жаңа жылды тағатсыздана күтіп, Аяз ата мен Ақшақарды сағынып қалғаны көрініп-ақ тұр. Жаңа жылға арналған тақпақтарын пысықтап, Аяз атадан сыйлық алуға асық. Аудандағы әлеуметтік аз…
Бейсенбі, 22 Желтоқсан 2016 14:32

Душа казаха – в творении художника

Работы Курмангазы Кадирова, члена союза художников и дизайнеров РК, всегда удивляют своей необычностью и оригинальностью. В многолетнем творческом поиске Курмангазы Кайрулаулы прошел путь от классической живописи до картин, которым трудно дать определение: это сплав графики, чеканки, кости, кожи, резьбы по дереву, где предметом искусства является все, включая рамы. То же можно сказать о его скульптурах. Но каждое произведение художника подчинено единому принципу – оно отражает дух народа казахов, его историю, быт, сказания и легенды. В картинах и скульптурах К.Кадирова легко узнаваема национальная культура Казахстана, ее своеобразие и колорит. Поэтому работы Курмангазы Кадирова всегда вызывают у зрителей, желающих прикоснуться к миру…
Бейсенбі, 22 Желтоқсан 2016 14:28

Республикада – Бірінші

12 мыңнан астам мүшесі бар «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы бүгінде тұрғындардың қордаланған мәселелерін шешуге ықпал етіп, жұртшылықтың алғысына бөленуде. Сәйкесінше, партиялық ұжымның еңбегі еленіп, марапаттарға ие болуда.
Балалар – біздің болашағымыз. Ести-ести жауыр болған сөз шығар, алайда, бұл – ақиқат. Ата-бабаларымыз білектің күшімен, найзаның ұшымен, ақыл-парасат-тың ұшқырлығымен қорғаған ұлан-ғайыр жеріміздің келешек иесі де бүгінгі бүлдіршін-дер. Осы жерді, елді көркейтіп, әлемдегі озық 30 елдің қатарына қосатын да біздің балаларымыз. Елбасы Н.Ә.Назарбаев бір сөзінде: «Балаларға жағдай жасау – болашаққа құйған инвестициямыз» – деп атап өткен болатын. Иә, бүгінде келешекке инвестиция құюдан еліміз аянып жатқан жоқ. Оның ішінде ауданымызда балалар мен жастардың толыққанды білім алуына барлық жағдай жасалуда. Игі шара жақында Бәйдібек би ауы-лында жалғасын тапты. Ауылдың мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндеріне арналған жаңа «Достық» балабақшасының лентасы қиылды.
Акция Генеральной прокуратуры РК «Казахстан без насилия» в Енбекшиказахском районе приняла международное звучание. В рамках данной акции Оф «Кризисный центр «Интизар», созданный ветераном движения неправительственных организаций Уркыз Илиевой, 21 ноября 2016 года провел презентацию приюта для пострадавших от насилия женщин и детей. Этот проект был реализован на грант правительства Японии, выделенный оф КЦ «Интизар» по государственной программе японии «Корни травы».
Заң – бәрімізге ортақ, ал оның дұрыс орындалуын қадағалау – прокуратураның құзырында. Осыған орай, прокурорлардың кәсіптік мерекесі қарсаңында аудандық заң қадағалаушыларының осы жылғы атқарған жұмыстарын оқырман назарына ұсынғанды жөн санадық.
Жұма, 02 Желтоқсан 2016 11:18

Ғасыр дертіне қарсы шаралар

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұйымдастырушылық және тәжірбиелік шараларды іске асыру бойынша Қорам ауылдық округінің әкімі аппаратында жоспар жасалынған. Жоспар бойынша мектептің жоғарғы сынып оқушылары мен округ тұрғындарының қатысуымен семинар-кеңес, «Дөңгелек стөл» форматында жиындар өтіп тұрады.
Жұма, 02 Желтоқсан 2016 11:17

Жемқорлыққа жол жоқ

Аудан әкімі аппараты ҚР 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының орындалуы жолында облыстық, аудандық әкімдіктер тарапынан қабылданған директивалық құжаттарды және «Қазақстан Респбликасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар аймақтық жоспарын бекіту туралы Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 тамыздағы №449 қаулысын басшылыққа ала отырып жұмыс жасауда.
Жақында аудандық әкімдіктің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылық министрлігінің «Ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы ғылыми ұйымдарының ғалымдары агробизнес өкілдерімен және әкімдік қызметкерлерімен кездесу өткізді. Жиынға акционерлік қоғамның басқарма төрағасы Асқар Наметов, «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС директоры Серік Кененбаев, «Қазақ мал шаруашылығы және азықтандыру ҒЗИ» ЖШС директоры Әбдірақман Омбаев, Қазақ ұлттық аграрлық университеті ректорының кеңесшісі Бөрібай Жексембин, аудан әкімі Бинәлі Ысқақ, Ұйғыр ауданының әкімі Алимжан Тохтасунов, Алматы өңіріне қарасты тоғыз ауданның әкім орынбасарлары мен бөлім басшылары, шаруа қожалықтарының басшылары қатысты. Жиынды аудан басшысы Бинәлі Әбдіқапасұлы жүргізіп отырды.
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

Жарнама