Жұма, 02 Желтоқсан 2016 11:07

Жетісу керуені ауданда

Тәуелсіздік ақ таңының атқанына биыл ширек ғасыр толды. Бабалар аңсаған күнге жету біз үшін оңай болған жоқ. Сондықтан, егемендіктің 25 жылдығы аясында елімізде түрлі шаралар ұйымдастырылып, халқымыз қадір тұтқан Тәуелсіздік мерекесі тойлануда. Осы игі іс жақында ауданымызда жалғасын тапты. Облыс әкімдігі және облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен «Жұлдызды 25 іс-шара» аясында «Жетісу керуені» атты акция өткізілді.
Бейсенбі, 24 Қараша 2016 13:39

Қарыз – қатынас бұзады

Әлбетте, «тәртіпке бағынған құл болмайды». Сол секілді Ата-Заңды ардақтаған азамат жатқа күлкі, дұшпанға күң болмайды. Мұны ұғыну үшін ауыз толтырып айтарлықтай ақыл да қажет емес. Тек түйсікпен түсінсе болғаны. Осы ретте алғанын бермей, көрсе де көрмей жүрген борышкерлердің қытымыр қылықтары дөңгелек үстел басында сөз болды. Аудандық соттың ұйымдастыруымен өткен шараға Алматы облыстық сотының судьялары Арыстанбек Стыбаев, Фархад Абдуллин, Талғар аудандық сотының судьясы Нұрлан Шаймерденов, Іле аудандық сотының судьясы Айжан Устенова және Еңбекшіқазақ аудандық соты судьясының міндетін атқарушы Айдар Омаров қатысты. Аудандық прокуратура, жеке сот орындаушылары, қорғаушылар Есік қаласы әкімі аппаратының мәжіліс залынан орын алды. Дөңгелек үстелді Фархад Фазылжанұлы жүргізіп отырды.
Бейсенбі, 24 Қараша 2016 13:36

Газификация на старте

Одиннадцатое ноября можно назвать стартовым днем газификации района, которая начнется с райцентра и Тургенского сельского округа. В этот день аким г.Есика Бауыржан Бименов пригласил в районный дом культуры членов местного самоуправления, председателей КСК, квартальных, уличных, домовых комитетов, руководителей городских и тургенских учреждений и предприятий на встречу с инвестором проекта газификации – ТОО «АПЛ-Констракшн», проектировщиками и строителями-подрядчиками.
Бейсенбі, 24 Қараша 2016 13:33

Табысты мемлекет – табысты ел

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Райымбек батыр атындағы орта мектептің конференцзалында «Табысты мемлекет – табысты ел» тақырыбында конференция өтті. Аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Елім-ай» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жүзеге асқан шараға аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Ә.Талқамбаев, «Еңбекшіқазақ» газетінің бас редакторы Х.Ахметжанов, қор төрағасы Ж.Мұхамедов, мектеп директоры Ә.Түбекбаев және округтердің белсенді ақсақалдары мен жастар қатысты. Жиынды аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Исламов жүргізіп отырды.
Бейсенбі, 24 Қараша 2016 13:24

Ауданның әлеуеті зор

Өткен аптада ауданымызға республикалық-облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері келіп, аграрлық ауданның келешегі кемел екендігіне көз жеткізді. Атап айтқанда, республикалық «Қазақ радиосы», «Қазақстан Zaman», «Президент және халық» газеттері мен облыстық «Жетісу» мен «Огни Алатау», Талдықорған қалалық «Талдықорған» газеттері және жергілікті басылымдар ауданымыздың болашағынбарлайтын жиындарға қатысып, әлеуметтік нысандар мен өндіріс орындарын аралады.
Бейсенбі, 10 Қараша 2016 14:13

Н Е Т – бытовому насилию

Генеральная прокуратура РК 26 октября 2016 года выступила инициатором республиканской акции «Казахстан без насилия в семье», которая продлится до 26 мая 2017 года. К ее проведению подключились местные органы исполнительной власти, правоохранительные органы, учреждения образования, здравоохранения, службы социальной защиты, неправительственные учреждения. Цель акции – согласно Концепции гендерного равенства, принятой в Казахстане, поставить заслон бытовому насилию, защитить права женщин и детей, оказать социальную и правовую помощь членам неблагополучных семей. В национальной традиции казахов никогда не одобрялось рукоприкладство, психологическое, экономическое давление на слабых членов семей. Народная мудрость гласит, что избитая, униженная женщина никогда не родит батыра.
Бейсенбі, 10 Қараша 2016 14:11

Отбасыларға көмір берілді

Қайырымдылық – адамзаттың ең асыл қасиеті. Осы қасиет арқылы ғана пенделер өздерінің көкірегіндегі иманды, жүрегіндегі адамгершілікті көрсетеді. Ата-бабаларымыз да қайырымды істі барлығынан биік қойып, жоғары бағалаған. Өзін ғана ойлаған, жамандықтың белгісі, Өзгені де ойлаған, адамдықтың белгісі. Үлгілі сөз білмеген, надандықтың белгісі, Бар-жоғына қарамас анық жомарт, ер кісі – деп қайырымдылыққа өзіндік бағасын берген Шағырай шешен адамгершіліктің алтыннан да қымбат екендігін жырлаған. Бабалардан ұрпаққа аманат болған асыл қасиеттің үлгісіне жақында ауданымыздың тұрғындары куә болды. «Фараби нұры» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен, аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға қамқорлық көрсетілді.
Не первый год идут разговоры о газификации населенных пунктов района, благо через него проходит трубопровод « Бейнеу-Коргас». Основная проблема, которую решало районное руководство, заключалась в поисках инвестора. В ноябре текущего года наконец-то начался первый этап реализации проекта по газификации. В него включены районный центр и Тургенский сельский округ. Инвестор компания ТОО «АПЛ-Констракшн». На вопросы газеты о сроках и условиях газификации отвечает заместитель директора ТОО «АПЛ-Констракшн» Д.ДУСИПОВ.
Бейсенбі, 10 Қараша 2016 14:08

Өрендеріміз өнерімен өрледі

3-4 қарашада Талдықорған қаласы І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында жылдағы дәстүрлі ХІV – балалар шығармашылығының «Жетісу жұлдыздары» байқауы өткен-тін. 170-ке жуық өнерпаз қатысқан өнер додасында ауданымыздың намыс туы еркін желбіреді.
Бейсенбі, 10 Қараша 2016 14:00

«Нұрлы құс» құрылысы қарқынды

Құс өсіру – замана ағысына қарай жедел дамып келе жатқан кәсіптің бірі. Неге дейсіз ғой, себебі, құс басқа төрт түліктей жайылып, ірі азықтарды іздемейді. Аула ішінде, арнайы қораларда өсіруге бейім. Әрі жетілу, көбею қабілеті де басқа мал басымен салыстырғанда анағұрлым жоғары. Ал өнімге азық жұмсауы әлдеқайда төмен. Мысалы, мамандардың айтуынша, қосқан әр килограмм салмағына ірі-қара 10-12, қой – 8-10 азық өлшемін жұмсаса, құс 3-5, тез жетілгіш етті бағыттағы балапандар яғни, бройлерлер 1,5-2 кг ғана өнім жейді. Осыны жан-жақты зерттеп, зерделеген «Нұрлы Құс» ЖШС бройлерлік тауық етін өңдеу фабрикасын Нұрлыда салып жатыр. Жалпы құны 1 млрд 800 млн теңге болатын ірі…
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

Жарнама