Сенбі, 05 Тамыз 2017 17:07

Қауқарлылар анықталды

Жақында Шелек ауылының жасөспірімдер спорт мектебінде маргиналды жастар арасында «Білекті жастар» атты қол күресінен жарыс өтті.

Аталмыш шара аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Еңбекшіқазақ ауданының жастары ресурстық орталығы» мен Шелек ауылдық округі әкімі аппараты, «Іле Мұрагер» үкіметтік емес ұйымының ұйымдастыруымен өткізілді. Жарысқа Шелек, Ташкенсаз, Қаракемер, Масақ, Бәйдібек би, Қазақстан, Тескенсу елдімекендерінен сайдың тасындай жігіттер күш сынасты. Нәтижесінде, 100 кг салмақта шелектік Жанболат Тасболат жүлделі І орынды қанжығасына байлады. 95 кг және 80 кг салмақта бақ сынасқан шелектік Евгений Сенжереев пен Шамиль Фундукчиев, ал 75 кг салмақта қаракемерлік Ержан Кенжебеков, 65 кг салмақта масақтық Данияр Мухаметжан жеңімпаз атанды.

Өз тілшіміз

Қаралды 22 рет
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

Жарнама