Сенбі, 05 Тамыз 2017 23:07

Жиһаз цехының жұмысымен танысты

 

Кәсіпкерлік – елімізді экономикалық тұрғыдан қуатты етер салалардың бірден-бірі. Сондықтан, Елбасының бастамасымен соңғы жылдары кәсіпкерлікке деген қамқорлық артуда. Кәсіпкерлерге және кәсіп ашам деушілерге толыққанды жағдай жасалып, шексіз тексерулер қысқартылды. Сондай-ақ, жеңілдетілген несиелер берілуде. Жақында төмен пайызбен несие алған Есік қаласының тұрғыны, кәсіпкер Құрылыс Бидахан бүгінде кәсібінің тасын өрге домалатуда.

Осыған орай, «Нұр Отан» пар-тиясы аудандық филиалының желілік кестесіне сәйкес «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» партиялық жобасы аясында партия және жұмыспен қамту орталығының өкілдері жиһаз цехына арнайы барып, жұмыс барысымен танысты. Бағдарлама арқылы 2 млн 900 мың теңге несие алған кәсіпкер бүгінде бірнеше адамды тұрақты жұмыспен қамтуда. Айтуынша, базарда дайын жиһаздарды сататын дүкені де бар, тапсырыс та жетерлік. Алдағы уақытта өндіріс көлемін ұлғайтып, жаңа жұмыс орындарын ашуды жоспарлап отыр.

Сардарбек НҰРАДИН.


 

Қаралды 29 рет
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

Жарнама