Бейсенбі, 01 Маусым 2017 11:15

Көңілдің гүлі, көздің нұры!

Округ әкімінің орынбасары Мәди Бектасов алаңға жиналған жұртты ел болашағы балалар күнімен құттықтап, қамқоршысынан айырылған, мүмкіндігі шектеулі, жағдайлары нашар отбасылар-дың балаларына балмұздақ, түрлі тәттілер таратты. Өнерлі бүлдіршіндердің әр ұлт тілінде ән айтып, биленген билері тамашаланды. Баршамызды бал тілімен баурайтын, Бала деген бір бақыт қой жайнайтын. Ата-ананың арманы мен тілегін, Бала емес пе бал-бұлақ боп жалғайтын, – демекші, «Бәйтерек» балабақшасы педагогтары мен бүлдіршіндерінің осы мерекеге орай бір жылдық шығармашылық концерті болды. Адам өміріндегі ең үлкен бақыт – ұрпақ тәрбиелеу десек, сол тәрбие мен білімнің қандай деңгейде екені осы шарада көрініс тапты. Бүлдіршіндер балабақшада алған тәлімі мен үйренген өнерін тамашалатты. Бал тілімен…
Шебердің қолы ортақ Өзі түйін түймеген, Зат қадірін біле ме? Өзі түсіп күймеген, От қадірін біле ме? Ағаш жонып көрмеген, Шот қадірін біле ме? – деп танымал шебер, марқұм Дәркенбай Шоқпарұлы айт-пақшы, қолынан іс келмейтін адамдар заттың да, оттың да, шоттың да қадірін білмейтіні анық. Ал, Ақтоған ауылының тұрғыны Ақберген Шубаев осы үшеуінің де қадірін біліп, одан үйлестіріп, алуан түрлі кәдесыйлар, басқа да дүниелер жасап жүрген қас шебердің өзі. Бабалар қашап кеткені, Тарихтың көне беттері. Тайсалмай тағдыр тезіне, Сарғайып бізге жеткені, – деп Ақберген Батырханұлы жырлағандай, бабалардан қалған өнерді жалғастырып, ағаштан ою ойып, темірден түйін түйіп жүрген азамат. Біз керексіз…
Жексенбі, 18 Маусым 2017 16:40

Халықаралық көрменің ашылуы өтті

Биылғы жылдың 9-10 маусымы Қазақстан тарихында алтын әріптермен жазылады. Дәл сол күні елімізде тұңғыш рет с орталығында өткен кеш барысында мультимедиялық шоу көрсетіліп, елорда халқы мен қонақтарын тамсандырды. Концерттік бахалықаралық көрменің тұсауы кесілді. Ашылу салтанатына 17 мемлекеттің басшылары келді. Конгресғдарламада бас-аяғы 300 өнерпаз өнер көрсетті. Қойылымда кинетикалық декорация, жарықдиодты экран, трекингі бар проекторлық жүйе мен қашықтықтан басқарылатын дрон сынды соңғы үлгідегі сахналық инновациялық технологиялар қолданылды. Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев барша жұртты көрменің ашылуымен құттықтады. Елбасы 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысқан ЭКСПО көрмесін Қазақстанның ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасынан бірінші болып өткізіп отырғанын атап өтті. –…
Мәдениет – мем-лекетіміздің дамуына үздіксіз қызмет ететін мәртебелі сала. Ұлтымыздың беделін әлемге танытатын өнер ошағы. Сол мәдениет саласында 27 жылдан бері аянбай қызмет етіп жүрген Қайназар мәдениет үйінің директоры, «Үздік мәдениет басшысы» атағымен марапатталған Райхан Жанбосынова. Райхан Сексенбайқызы аудан ішінде алғашқы болып «Нұрлы жол – болашаққа бас-тар жол» атты Елбасымыздың салиқалы саясатын насихаттау мақсатында ауыларалық гастрольдық концерттерін қойып жүр. Концерттің негізгі мақсаты – өнер өмірдің ажырамас бөлшегі болғандықтан, жастардың өнерге деген қызығушылықтарын арттырып, таланттарын шыңдау үшін шығармашылықтарымен тұрғындарды таныстыру. Райхан Жанбосынованың өзі басқарып отырған мәде-ниет үйіндегі ұжымымен және өнердегі шәкірттерімен атқа-рылып жатқан бұл бастамасы ауыл тұрғындарының көңілі-нен шығуда. Осы уақытқа…
Сәрсенбі, 07 Маусым 2017 16:24

Достықты ту еткен фестиваль

Бірлігі бекем елдің тірлігі де түзу. Осы ретте Еңбек орта мектебінде достық фестивалі өтті. Оған Балтабай округіне қарасты қоғамдық кеңес, ардагерлер, әйелдер кеңесі мүшелері, аудандық этно-мәдени бірлестік өкілдері, ауыл жас-тары қатысты. Ұйытқы болған – «Елім-ай» қоғамдық қоры, қолдау білдірген аудандық ішкі саясат бөлімі. Фестивальде алғаш боп сөз тізгінін алған Астана қаласында өткен Ассамблеяның 25 сессияның делегаты, қор төрағасы Жаңаберген Мұхамедов: – Қазақ «Бірлік бар жерде – тірлік бар» дейді. Расында, қайсарлығы қара тасты үгіткен, қаһарынан қас дұшпаны үріккен, қайырымдылығы тас жүректі жібіткен қазақ елі өзгенің ала жібін аттап өтпеген, жақыным деп келгенді өзектен теппеген ел. Бұл біздің арғы тегімізден қанымызға…
Бейсенбі, 18 Мамыр 2017 12:38

Болар бала болмысынан

Дәл осылай қазақ келешегінен зор үміт күтетін, бойында қандай да бір қабілет, тулаған талант барын таныған соң айтқан. «Бұлақ көрсең көзін аш» деген дана сөзге сүйеніп, ондай өренді жастайынан баптап, келешегіне жол сілтеп отырған. Шынашақтай ауылдың қара домалақ қара баласы Дәурен Сәрсембаев та өзіндік дарынымен ел аузына іліккен жастардың бірі болды. Бақай тауының бөктерінде 1988 жылдың наурызында өмір есігін ашқан Дәурен жас кезінен-ақ «көмейі-не бұлбұл ұялаған», әнші бала атанды. Әкесі Әуесханның «күміс көмейі» домбыраны қолына алып, өз бетінше талпынып, кейін мектепте өнерлі өрендер қатарынан көрініп, талай байқауларда танылып жүрді. Таланты бар Дәуренді ұстазы да дөп басып, талай ән байқауларына салып,…
Бейсенбі, 18 Мамыр 2017 12:36

«Халық нағыз өнерді аңсайды»

Қазақ халқы ертеден мәде-ниет пен салт-дәстүрге баса мән беріп, оның сақталуына қатты көңіл бөлген. Себебі, мәдениет – ұлттың бет-бейнесі. Бұл турасында жазушы Мұхтар Әуезов: «...ғылым мен мәдениет барлық дүниенің алтын қазығы болып отыр» – деп, мәдениеттің ұлт өміріндегі орнын айшықтап кеткен. ОсЫ күнде сол алтын қазықты ел арасында насихаттап, дамуына үлес қосып жүрген жандар аз емес. Сондай жанның бірі –Қырбалтабай мәдениет үйінің директоры Айғаныш Стамбекова.
Бейсенбі, 11 Мамыр 2017 12:11

Талғамы биік талант

Сазы сөзі мәңгілік мағыналы Атыңнан айналайын халық әні Қанша тыңдап келсем де бір өзіңді, Тыңдай алмай келемін қанып әлі – деп ақындарымыз жырлағандай, халық әндері қаны қазақ, жаны қазақ адамды ешқашан жалықтырған емес. Себебі ұлтымыздың шынайы болмысын боямасыз бойына сіңірген дәстүрлі әндеріміз – әуезді әуендерімен, ұғынықты сөздерімен жаныңа сырлы сезімдер мен рухани күш сыйлайды. Сондықтан болар, әншімін деп жүрген талайлар халық әндерін қарық қылып орындай алмайтынын, айт десе батылдары бармайтынын көріп жүрміз. Оны сахнада орындау – табиғи таланты мен терең білімі бар және қазақы ұлттық құндылықты бойына сіңіріп өскен әншіге тиесілі. Дәстүрлі әнді дәріптеп, мәдениет саласында аянбай еңбек етіп жүрген…
Бейсенбі, 03 Қараша 2016 11:48

Айтыс. Кіл жүйріктер шабысы

Мен үшін қазақ өнерінің мұнары һәм шынары көрінетін айтыс – ұрпақтың бойтұмары болуы тиіс. Себебі, бұл құдіретті өнер есте жоқ ескі заманнан бастау алған. Ашығын айтсақ, сонау Қашқаридің заманында іргесіне тас қаланған. Дәлел дейсіз бе, ендеше М.Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік» жинағындағы «Қыс пен Жаздың айтысын», Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани хикметіндегі» «Дозақ пен Пейіштің айтысын» айтайық. Осынау құдіретіміздің құнын асыруды межелеген аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ауданымызда «Тәуелсіздік – тұғырым, Ана тілім – ғұмырым» тақырыбында айтыс ұйымдастырылып, ақындарымызды бәйгеде баптап, көрермендеріміздің айызын бір қандырды жақында. Соңғы 10-15 жылда аудан сахнасынан көлеңкесі де көрінбеген құдіретті өнерімізді «қайта тірілтсек» деген бөлім басшысының…
Бейсенбі, 11 Тамыз 2016 11:30

Атасы аян берген арқалы ақын

Мірдің оғындай сөз маржанын теріп айтатындығы мен жүйріктігіне сөз жетпейтін әйгілі ақпа айтыскер ақын Құлмамбет Құланаян биыл 190 жасқа толады. Құлмамбет 1881 жылы жыр жампозы жамбыл Жабаевпен 55 жасында – нағыз кемеліне келген кезінде айтысқан. Ол кезде Жәкең орда бұзар 35 жасқа толған кезі. Осы айтыстан кейін бірін ұстаз, бірін шәкірт тұтып, жыр додаларында бірге жүрген екі алып ақын өле-өлгенше сыйласып өтіпті. Өйткені, Жамбыл: «Құлмамбетпен айтысқаннан кейін атақ-даңқым дүркіреп жүре берді» деп, айтыстарының ішінде Құлмамбетпен айтысын ерекше санаған.
Page 1 of 2
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

Жарнама