Бейсенбі, 03 Қараша 2016 11:48

Айтыс. Кіл жүйріктер шабысы

Мен үшін қазақ өнерінің мұнары һәм шынары көрінетін айтыс – ұрпақтың бойтұмары болуы тиіс. Себебі, бұл құдіретті өнер есте жоқ ескі заманнан бастау алған. Ашығын айтсақ, сонау Қашқаридің заманында іргесіне тас қаланған. Дәлел дейсіз бе, ендеше М.Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік» жинағындағы «Қыс пен Жаздың айтысын», Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани хикметіндегі» «Дозақ пен Пейіштің айтысын» айтайық. Осынау құдіретіміздің құнын асыруды межелеген аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ауданымызда «Тәуелсіздік – тұғырым, Ана тілім – ғұмырым» тақырыбында айтыс ұйымдастырылып, ақындарымызды бәйгеде баптап, көрермендеріміздің айызын бір қандырды жақында. Соңғы 10-15 жылда аудан сахнасынан көлеңкесі де көрінбеген құдіретті өнерімізді «қайта тірілтсек» деген бөлім басшысының…
Бейсенбі, 11 Тамыз 2016 11:30

Атасы аян берген арқалы ақын

Мірдің оғындай сөз маржанын теріп айтатындығы мен жүйріктігіне сөз жетпейтін әйгілі ақпа айтыскер ақын Құлмамбет Құланаян биыл 190 жасқа толады. Құлмамбет 1881 жылы жыр жампозы жамбыл Жабаевпен 55 жасында – нағыз кемеліне келген кезінде айтысқан. Ол кезде Жәкең орда бұзар 35 жасқа толған кезі. Осы айтыстан кейін бірін ұстаз, бірін шәкірт тұтып, жыр додаларында бірге жүрген екі алып ақын өле-өлгенше сыйласып өтіпті. Өйткені, Жамбыл: «Құлмамбетпен айтысқаннан кейін атақ-даңқым дүркіреп жүре берді» деп, айтыстарының ішінде Құлмамбетпен айтысын ерекше санаған.
8-10 қазанда Таразда өтетін Қазақ хандығының 550 жылдық торқалы тойы бүгінде әлемнің назарын аударып отыр. Тарихи күнді атап өтуге қолда бар мәлімет бойынша 23 млрд теңге бөлінген мемлекет қоржынынан. Оған түрлі спорттық, мәдени шаралар қолға алынбақ. Оның ішінде театрландырылған қойылымдар, «Қазақ хандығына 550 жыл» монументі, ««Керей мен Жәнібек», «Қазақ елі» спектакльдері, «Қазақ хандығы» балеті, 10 сериялы тарихи-драмалық «Қазақ елі» телехикаясы түсірілді. Мерейлі күнге ауданымыздан Ұста Дәркембай Шоқпарұлы атындағы қолөнер мұражайы аттанып кетті. Тамашалауға емес, өзіндік қолөнерлерімен жұртты таңдандыруға. Жолға дайындық кезінде мұражай директоры Дәулет Шоқпаровпен жолығып, аз-кем әңгімелескен едік.
Мен нағыз өнерге адам атаулының неге тәнті болатынын жаңа түсіндім. Сол үшін де, Дәркембай бауырым,сенің алтын саусағың мен қанатты қиялыңа мың алғыс! Тілеулесің – Ақселеу Сейдімбеков. 22.01.1982 жыл. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан және КСРО суретшілері мен дизайнерлер Одағының мүшесі, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының иегері, Еуропадағы Қыпшақтар қауымдастығының басқарма мүшесі, Қырғыз Республикасы «Дизаин академиясының» толық мүшесі, бірнеше дүркін өткізілген дүние жүзі халықаралық қолөнершілер көрмесінің дипломанты, өмірінің соңғы күндеріне дейін Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы «Сәндік өнер» кафедрасының профессоры әрі меңгерушісі болып қызмет еткен, белгілі қолөнер шебері, жерлесіміз ұста Дәркембай Шоқпарұлының алдымызда туғанына 70 жылдық мерейтойы да жақындап келе…
Page 2 of 2
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

Жарнама