Бейсенбі, 11 Мамыр 2017 11:57

ҚР-да міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша 100 СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР

(1-50 – халыққа арналған,

51-63 – жұмыс берушілерге арналған,

63-100 – медициналық қызметкерлерге арналған)

 

ҚР-да міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша

100 СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР

 

1. Сұрақ: – Ел азаматы ретінде, мін-детті әлеуметтік медициналық сақтан-дыруды (МӘлМС) енгізуден мен не аламын?

– Біріншіден, ҚР аумағында Сіз таңдаған кез келген емханадағы медициналық көмек. Бұл жағдайда, емхананың шығыстарын толығымен Қор өтейді; Екіншіден, ТМККК және МӘлМС пакеттері шеңберінде қарастырылған медициналық көмекке жұмсалатын қосымша төлемдердің барлық түрінен босатыласыз; Үшіншіден, Сізге елдің кез келген дәріханасында ұсынатын, құрамы бойынша кеңейтілген және жақсартылған дәрілік заттардың тізбесіне толық қолжетімділік (Қорда фармацевтикалық қызметтердің жеткізушілері ретінде тіркелген); Төртіншіден, ӘлМСҚ-да Сіздің пайдаңызға аударылған салымдар және медициналық ұйымдарда Сізге көрсетілген қызметтер туралы ай сайынғы ақпаратты алу мүмкіндігі; Бесіншіден, сапасыз қызмет көрсетілсе немесе МӘлМС қатысушысы ретінде менің құқықтарым бұзылған жағдайда Қор арқылы өз құқықтарыңызды және мүдделеріңізді қорғау.

2. Сұрақ: – 1996-1998 жылдардағы ММСҚ-ның жұмыс тәжірибесі біздің есімізде. Осындай жағдай қазір де қайталанбайтынына кепілдік бар ма?

– Қоғамда жүзеге асырылатын кез келген өзгерістердің өз жағымды және жағымсыз жақтары бар. 1996-1998 жылдарда сақтандыру медицинасын құру тәжірибесін сын көзбен ғана қабылдауға болмайды, оның сөзсіз жақсы жақтары бар. Бұл реформаның ең басты нәтижесі экономикадан қосымша қаражатты тарту есебінен денсаулық сақтау жүйесі объектілерінің желісін және медициналық көмектің барлық ел халқына қолжетімділігін сақтау болып табылады. Мысалы, осындай мамандандырылған бағдарламаның болмауы балалар мектепке дейінгі мекемелерін жекешелендіруге әкеп соқты, оның салдары осы күнге дейін сезіледі. Одан басқа, 90-жылдардағы экономикалық шындықтар ағымдағы жағдаймен салыстыруға келмейді.  20 жыл бұрын көптеген кәсіпорындар күрделі қаржылық қиыншылықтарға тап болғаны бәріміздің есімізде, олардың көбісі банкротқа ұшыраған, еңбекақы бойынша үлкен қарыздар жинаған. Экономикалық дағдарыс жаппай, оның ішінде медициналық сақтандыру қорына төлемеудің негізгі себебі болды. Қордың жағдайы экономикалық белсенді емес халық үшін тұрақты аударымдарды қамтамасыз етуге қаратылған жергілікті атқарушы органдардың да қиын жағдайға тап болғанына байланысты күшейе түсті.Бүгінгі таңда біз экономикадағы жұмыспен қамтудың елеулі өсімін белгілейміз. Отандық кәсіпорындарда 6,5 млн-нан астам жалданған жұмыскерлер еңбек етуде, ай сайын жұмыс берушілер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 53 млрд теңге және өз жұмыскерлерінің пайдасына Әлеуметтік сақ-тандыру қорына 23 млрд теңге аударады. Белсенді емес халық үшін ӘлМСҚ-а салымдарды төлеу бойынша міндеттемелерді мемлекет өз мойнына алатынын атап өткен жөн. Осының барлығы, жалпы, енгізіліп отырған медициналық сақтандыру жүйесінің тұрақты қызмет етуінің алғышарттарын қалыптастырады.

 

3. Сұрақ: – МӘлМС енгізу медицина-лық қызметкерлердің ақшалай «ризашылығын» шешуге қалай көмектеседі?

– Медициналық қызметкерлердің ақшалай «ризашылығы» немесе қосымша бейресми төлемдердің негізінде, бірінші кезекте, еңбекке ақы төлеудегі теңгермешілік бар. Қазір біліктілігі, тәжірибесі, дағдылары мен білімдеріне тәуелсіз бір мамандандырудың дәрігерлері бірдей еңбекақы көлемін алады. МӘлМС жағдайында пациенттердің өздері таныған дәрігер көрсетілетін қызметтердің көлемі мен сапасына сәйкес (немесе адекватты)  еңбекақыға ие болады. Азаматтар жарналарды аудара отырып, өз госпитализацияларын немесе емханаға жүгінуін төлеп отыр. Осыған байланысты, жүйенің қатысушылары, МӘлМС жүйесі белгілеген жарналардан басқа қосымша төлемдерді жүзеге асырмауға тиіс. Осылайша, сақтандыру медицинасының дамуымен медициналық көмекке бейресми төлемдердің проблемасы өзінің өзектілігін жояды.

4. Сұрақ: – Мен үш баланың анасымын, ажырасқанмын, ресми түрде жұмыс істемеймін, алимент алмаймын, қосымша табыстар болып тұрады. МӘлМС-пен не істеймін?

– Біріншіден, Сіздің балаларыңыз үшін 18 жасқа дейін мемлекет Әлеуметтік медицина-лық сақтандыру қорына салымдар енгізеді. Екіншіден, егер Сіз жұмыс істемесеңіз және 3 жасқа дейінгі баланы күтумен айналыссаңыз, онда мемлекет сол кезеңге Сіз үшін де міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарналарды жүзеге асырады.Басқа жағдайларда медициналық көмек алу мүмкіндігін сақтап қалу үшін Сізге: а) тұрғылықты орын бойынша жұмыспен қамту орталығына хабарласуыңыз қажет, ол жерде сіздің біліктілігіңіз бен жұмыс тәжірибеңізге сәйкес жұмысқа орналасу нұсқаларын ұсынады. Егер ұсынылған нұсқалар жарамаса, онда Сіз жұмыссыз мәртебесін аласыз және бұл жағдайда мемлекет, белгіленген уақыт ішінде, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына Сіз үшін салымдар төлеу бойынша міндеттемені өз мойнына алады. б) салық органдарында жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге аласыз және Сіз мәлімдеген табыстың немесе табыс болмаған жағдайда 2 минималды еңбекақы төлемінің 5%-ы көлемінде салымдар жасауға болады. в) егер Сізге алдындағы екі нұсқалар жарамаса, онда Сізге өз бетінше екінші деңгейдегі банктер арқылы минималды еңбекақы төлемінің 5%-ы көлемінде Медициналық сақтандыру қорына салымдар жасауға болады.

5. Сұрақ: – Айтыңызшы, ҚР барлық аумағы бойынша сақтандырылған азамат-тарға, мысалы, іссапарға жіберілген, демалыстағы адамдарға медициналық қызметтер көрсетіле ме? Әлде тек тіркелген тұрғылықты орын бойынша ма?

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘлМС) пакеті шеңберіндегі медициналық қызметтер, сақтандырылған азаматтық орналасқан жерінен тәуелсіз, Қазақстан Республикасының барлық аумағында көрсетіледі.

6. Сұрақ: – Маусымдық жұмыстарда немесе тұрақсыз сипаттағы жұмыстарда істейтін азаматтар үшін олардың табыс-тары қалай есептеледі?

– Жұмыс істеу кезеңінде азамата алынған табыстан аударады, ал жұмыс жоқ кезеңде немесе МЕТ 5%-ы көлемінде өз бетінше аударады, немесе тұрғылықты орны бойынша Жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде хабарласуға тиіс. Бұл жағдайда оның орнына жарналарды мемлекет аударады.

7. Сұрақ: – ҚР-да жұмыс істейтін шетелдіктер, еңбекші мигранттарға медициналық көмек қалай қамтамасыз етіледі?       

– Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру тура-лы» заңының 2-бап 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұратын шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ оралмандар, егер басқасы қолданыстағы заңмен көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей құқықтарды қолданады және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде міндеттемелерді атқарады. Еңбекші мигранттарға медициналық көмек мемлекетаралық келісімдер шеңберінде көрсетіледі. Мысалы, Еуразиялық кеңістіктің бес елінің (Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Армения және Беларус) аумағында жедел және шұғыл медициналық көмек тегін негізде көрсетіледі. Егер мұндай келісімдер болмаса, онда еңбекші мигранттар ҚМС шеңберінде және ортаға қауіп төндіретін аурулар кезінде тегін медициналық көмек алады.

8. Сұрақ: – Жұмыссыздарға, өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандарға және елдің экономикалық белсенді емес халқының басқа да санатына медициналық көмек қалай қамтамасыз етіледі? Елімізде олар қанша?

– Статистикалық деректер бойынша, өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандардың саны ҚР-да қазіргі таңда 500 мыңнан астам адамды құрайды. Бұл халық санаты 2020 жылға дейін, жоспарлық госпитализациялау, яғни адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төнбейтін жағдайлардан басқа барлық медициналық қызмет пакетін алады. Сонымен қатар, аталған халық санатына мүмкіндік ұсынылады: а) тұрғылықты орын бойынша жұмыспен қамту орталығына хабарласуыңыз қажет, ол жерде сіздің біліктілігіңіз бен жұмыс тәжірибеңізге сәйкес жұмысқа орналасу нұсқаларын ұсынады. Егер ұсынылған нұсқалар жарамаса, онда Сіз жұмыссыз мәртебесін аласыз және бұл жағдайда мемлекет, белгіленген уақыт ішінде, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына Сіз үшін салымдар төлеу бойынша міндеттемені өз мойнына алады. б) салық органдарында жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге аласыз және Сіз мәлімдеген табыстың немесе табыс болмаған жағдайда 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап  2 минималды еңбекақы төлемінің 5%-ы көлемінде салымдар жасауға болады. в) егер Сізге алдындағы екі нұсқалар жарамаса, онда Сізге өз бетінше екінші деңгейдегі банктер арқылы минималды еңбекақы төлемінің 5%-ы көлемінде 2018 жылдың 1 қаңтар айынан бас-тап Медициналық сақтандыру қорына салымдар жасауыңызға болады.

9. Сұрақ: – МӘлМС кезінде төлемшінің өлімі жағдайында жиналған қаражатты туыстарына беру қарастырылған ба?

– Жоқ, қарастырылмаған, әлеуметтік меди-циналық сақтандыру жинақтаушы жүйе болып табылмайды. Әрбір төлемші салымдарының сомасынан тәуелсіз, барлық халық санаттары медициналық қызметтерге бірдей рұқсат алады.

10. Сұрақ: – МӘлМС шеңберінде АИТВ-инфекциясы: механизмі қандай, сақтандыру тізбесіне кіреді ме, қаржыландыру және т.б. (қаншалықты қозғалады)?

– АИТВ-инфекциясымен байланысты, әлеу-меттік-маңызды аурулардың тізіміне кіретін медициналық қызметтермен қамтамасыз ету, тегін медициналық көмектің кепілденген көлемі шеңберінде ұсынылады және сақтандыру пакетінің кеңеюіне байланысты Қорға беріледі.

11. Сұрақ: – Неше жасқа дейінгі балалар ММС жүйесіне енгізетін салымдардан босатылатынын айтыңызшы?

– 18 жасқа дейінгі балалар, студенттер және жоғары оқу орындарының түлектері бітіргеннен кейін 6 айға дейін ӘлМСҚ-қа төлейтін салымдардан босатылады.

12. Сұрақ: – МӘлМС шипажайлық-ку-рорттық емдеу алуды қарастырады ма?

– Жоқ, шипажайлық-курорттық емделу көзделмеген. Бірақ, ӘлМС шеңберінде, сақтан-дыру қаражаты есебінен бірқатар аурулар (инсульт, инфаркт, онкология, трансплантология) бойынша оңалту көмегін кеңейту болжануда.

13. Сұрақ: – Қазақстанның медициналық сақтандыру қорымен аумақтық белгісі  бойынша шарт жасаған медициналық ұйымдар туралы қайдан білуге болады?

– Медициналық сақтандыру қорының ресми порталында ӘлМСҚ-пен келісімшарт жасаған медициналық ұйымдардың тізбесі орналасады, сондай-ақ қордың ақпараттық қызметтерінде ақпарат алуға болады.

14. Сұрақ: – ӘлМСҚ-пен шартқа отырма-ған коммерциялық емхананың дәрігері жазып берген дәрілік заттарға жұмсалған шығыстарды ӘлМСҚ өтей алады ма?

– Коммерциялық емхананың дәрігері жазып берген дәрілік заттарды ӘлМСҚ арқылы өтеу, Қор мен емхана арасында келісімшарт жасалған жағдайда болады.

15. Сұрақ: – Емханаларда ұйымдасты-рушылық техника жетіспейді, ал қолданыс-та бары ескірген, сондықтан анализге рецептті немесе жолдаманы 40 минуттай тосуға тура келеді (осындай жағдай 6 емханаларда бар). Оған қоса қабылдау графигі сақталмайды. Сонымен қатар медициналық персонал екі есептілікті жүргізуге мәжбүр – қағаз және электрондық. Нәтижесінде, тар көлемді маманға жету үшін алдымен терапевт кабинетінің жанында жарты күн тұру керек, одан кейін УДЗ немесе басқа да тексерулерге жету үшін тағы 2-3 апта күту керек. Осындай жағдайларда, ақылы дәрігерге қаражаты жоқ науқастар алтын уақыттарын жоғалтады, ауру келесі кезеңге көшеді. Бұл проблема медициналық сақтандыруға көшкен кезде шешіледі ме? Қалайша?

– Біріншіден, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жағдайында, медициналық қызметтерді көрсетуге арналған конкурсқа жұмыскерлерінің саны, техникалық жабдықталу және медициналық көмек ұйымының құрылымы белгіленген минималды талаптарға (стандарттарға) сәйкес келетін медициналық ұйымдар ғана қатыса алады. Екіншіден, конкурсты тек сапалы медициналық қызмет көрсеткендер ғана жеңе алады. Ал ауылдық денсаулық сақтауға қатысты болса, онда оларға жалғыз қызметтерді жеткізушілер ретінде, ӘлМСҚ, ұсынылатын медициналық көмектің сапасын жыл сайын арттыру талаптарын қояды. Үшіншіден, 2018 жылдан бастап ауруханалар мен емханаларда техникалық қайта жабдықтау мүмкіндігі пайда болады, өйткені осы жылдан бастап Қор амортизациялық аударымдарға қаражат бөледі. Төртіншіден, қолданыстағы ақпараттық жүйе бүгінгі таңда қабылдауға E-GOV, медициналық ұйымдардың өз порталдары арқылы жазылуға мүмкіндік береді. МӘлМС енгізу сәтіне қарай барлық ұйымдардың МӘлМС-тің АТ-жүйелеріне рұқсаты болуға тиіс.

16. Сұрақ: – Медициналық сақтандыру дәрігер жазып берген дәрілерге жұмсалған шығынның орнын толтырады ма және қандай аурулар 100%-дық өтеледі?

– Мемлекет қазіргі кезде халыққа ұсыны-атын тегін дәрілік заттардың тізімін анықтады. МӘлМС пакеті шеңберінде осы тізбе тек сақталып қана қоймай, сондай-ақ бірқатар позициялар бойынша кеңейтіледі және жақсартылады.

17. Сұрақ: – ММС жүйесінде сақтанды-рылған адам республикадан тыс жерде тегін емделе алады ма?    

– Жоқ. Медициналық сақтандыру қоры тек Қазақстан Республикасында көрсетілген меди-циналық қызметтер ғана төлейді. 

18. Сұрақ: – Жұмыс беруші ӘлМСҚ-қа мен үшін салым төлейтіні туралы өз бе-тінше қалай білуіме болады?       

– Егер ғаламторға кіруге мүмкіндігіңіз болса, онда Сіз, Медициналық сақтандыру қорынан сақтандыру салымдарының аударылуы туралы ақпаратты автоматты түрде жеке электрондық поштаңызға ала аласыз немесе жеке мәліметтеріңізді көрсете отырып, Қорға ресми түрде сұрау жібере аласыз. Егер ғаламторға кіруге мүмкіндігіңіз болмаса, онда Медициналық сақтандыру қорындағы салымдар туралы Сіз бекітілген емханаға, МЗТО, ХҚҚО, аумақтық жұмыспен қамту орталықтарына хабарласып білуге болады,

19. Сұрақ: – Егер мен өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандарға жатсам, менде уақытша табыстар болса және мен жұмыссыз ретінде тіркелмеген болсам, онда мен ӘлМСҚ-қа салымдар аударуға тиіспін бе, егер ия болса, онда қайдан және қанша пайыз аудару керек?  

– Егер Сіз өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санатына жатсаңыз, онда 2020 жылға дейін Сізге жоспарлық госпитализациялаудан басқа медициналық көмектің барлық пакеті ұсыны-лады. Біз Сізге жеке кәсіпкер ретінде тіркелуді және мәлімдеген табыстан аударымдар жасауға, немесе жұмысқа орналасу немесе жұмыссыз мәртебесін алу үшін жұмыспен қамту органдарына жүгінуді, немесе – сондай-ақ өз бетінше екінші деңгейдегі банктер арқылы ӘлМСҚ-қа МЖА-ның 5%-ы көлемінде 2018 жылдың 1 қаңтардан аударымдар жасауды ұсынамыз.

20. Сұрақ: – Жұмыс орнын ауыстыру кезінде, жаңа жұмысқа ауысқанға дейін менде 1-2 ай үзіліс болды, МӘлМС шеңберіндегі медициналық қызметтер пакеті жұмыс істейді ме?

– Ұсынылатын нормалар бойынша соңғы салым жасалған айдан бастап 3 айдың ішінде МӘлМС-те медициналық көмекке құқық сақта-лады, сонымен бірге 3 айға жасалатын салымдарды төлеу міндеттемесі (қарыз) сақталады.

21. Сұрақ: –Жеке зертханаға жүгінген кезде медициналық сақтандыру қоры менің анализ тапсыруға жұмсалған шығыс-тарымды төлейді ме?

– Қор зертхананың қызметтерін тікелей тө-лемейді. Бірақ, егер зертхананың емханамен жасалған келісімшарты болса, ал емхананың медициналық сақтандыру қорымен жасалған шарты болса, олар Сізге тегін болады.

22. Сұрақ: – Адам сақтандырылғаны туралы қалай білуге болады?

– Егер Сіз жұмыскер болсаңыз, онда заңна-маға сәйкес жұмыс беруші ай сайын, келесі есепті айдың 15-жұлдызынан кешіктірмей Сізге есептелген (ұсталған) және аударылған салымдар және (немесе) жарналар туралы мәліметті ұсынуға міндетті. Сондай-ақ, бұл ақпаратты Қордың бөлімшелерінен, МЗТО, ХҚҚО, e-gov порталында және Сіз бекітілген емханаларда тексеруге болады.

23. Сұрақ: – Қай уақыттан бастап адам МӘлМС жүйесінде сақтандырылған болып есептеледі – еңбек шартын жасаған кезде ме, әлде жұмыс беруші бірінші салымды аударған кезінде ме?

– Медициналық сақтандыру қорына салымды аударған сәттен бастап.

24. Сұрақ: – Ерікті медициналық сақтан-дыру сақталады ма? Қызметтер МӘлМС-ке немесе ҚМС-ке қосарланады ма?  

– Ерікті медициналық сақтандыру жойылмайды. МӘлМС пакетіне кірмейтін бөлек медициналық қызмет түрлері ҚМС арқылы төлене алады, мысалы: ересектерге арналған стоматология, зиянды өндірістерде жұмыс істейтін жұмыскерлер үшін міндетті мерзімді қаралу, шипажайлық-курорттық емдеулер және т.б. Барлығы жеке адамның немесе кәсіпорынның қалауы мен қаржылық мүмкіндік-теріне байланысты. Жеке адам немесе кәсіпорын (ұжымдық шарт негізінде) МӘлМС пакетінде қызметтерді қосарланбайтын ҚМС қызметтер пакетін таңдай алады.

25. Сұрақ: – Науқас емханаға процедура кабинетіне, емдейтін дәрігер белгілеген процедураларды орындау үшін шприцтарды өз есебінен сатып алып, өзімен бірге әкелуге міндетті ме?

– Жоқ, Сіз ТМККК және МӘлМС шеңберінде медициналық көмек алсаңыз, олар медициналық ұйымдарда бар болуға тиіс.

26. Сұрақ: – Мысалы, адам үшін мемлекет салым төледі, одан кейін ол өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық санатына көшеді. Үзілістер немесе екі еселік сақтандыру болмайды ма?

– Екі еселік сақтандыру мүмкін емес, өйткені, Сіз мәртебені ауыстырып, жеке кәсіпкер ретінде тіркелген кезде, бұл ақпарат салық органдарында көрінеді және медициналық сақтандыру қорына түседі. Егер Сіз жұмыссыз болып, одан кейін мәртебеңізді ауыстырсаңыз, онда сәйкесінше мемлекет жарналарды төлеуді тоқтатады.

27. Сұрақ: – Азаматтығы жоқ адамдарға медициналық көмек қалай көрсеті-леді?

– «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтан-дыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі құқықтарды тең дәрежеде пайдаланады және міндеттерді атқарады. Заңның 26-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын 12 әлеуметтік жағынан осал санатты шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға жарналар мемлекетпен төленбейді. Сонымен қатар, министрлікпен «ҚР заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және ҚР кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша және әлеуметтік-еңбек саласы» бойынша Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын 12 әлеуметтік жағынан осал санатты шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қорға жарналарды мемлекеттің төлеуі туралы ұсыныстар енгізілуде. Сонымен қатар, Заңның 3-бабының 2-тармағына сәйкес, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылатынын атап өту керек.Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ТМККК ұсынуға қатысты, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің 88-бабының 5-тармағына сәйкес, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың айналадағылар үшін қауіп төндіретін қатты аурулары болған кезде уәкілетті орган айқындайтын тізбеге сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқығы бар. «Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» ҚР Заңының 8-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан шетелдiктер әлеуметтiк және зейнетақымен қамсыздандыру мәселесiнде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын пайдаланады және солар сияқты мiндеткерлiкте болады. Осыған байланысты, ҚР аумағында тұрақты тұрып жатқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың ҚР азаматтарымен әлеуметтiк және зейнетақымен қамсыздандыру мәселесiндегі тең ахуалын ескере отырып, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілері-не денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек саласындағы мәселелері бойынша өзгеріс-тер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасының тұжырымдамасы арқылы, ұқсастығына қарай, ҚР азаматтарымен қатар оларға ТМККК алуда тең құқық беру ұсынылады.

28. Сұрақ: – Сақтандыру бойынша көрсетілетін медициналық көмекке егулер жатады ма?

– Профилактикалық егулер барлық ел азаматтарына арналған мемлекет кепілдік берген медициналық қызметтердің базалық пакетіне кіреді (ТМККК).

29. Сұрақ: – Жұмыссыздарға медицина-лық сақтандыру алу үшін жұмыссыз мәртебесін алуға тиіс деп айтады. Бірақ, егер ауылда жарамды жұмыс болмаса және ЖК ашуға да табыс жетпесе, тек 2-3 сиыр мен бақша ғана болса, онда қалай болғаны. Яғни, ертең бізге медициналық көмек көрсетуден бас тартылады ма?

– Сізге көмек беруден бас тартылмайды, өйткені барлық азаматтар үшін медициналық көмектің кепілденген көлемі бар. Бұл жедел-жәрдем көмек және санитариялық авиация; әлеуметтік-маңызды аурулар және шұғыл жағдайлар кезіндегі медициналық көмек; профилактикалық егулер; амбулаторлық-дәрілік қамтамасыз етумен амбулаторлық-емханалық көмек (2020 жылға дейін). Одан басқа, Сіз медициналық сақтандыру қорына жарналарды ауылдық елді мекендерде «Қазпошта» арқылы, екінші деңгейдегі банктер арқылы 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап АЕТ 5%-ы көлемінде аудара аласыз.

30. Сұрақ: – Госпитализацияға төлем қалай жүргізіледі?  

– Ақы төлеу, стационарда бір емделіп шығу жағдайы үшін сақтандырылған адамның қаражаты есебінен, денсаулық сақтау министрлігі белгіленген тарифтер бойынша медициналық көмектің сапасын сараптама нәтижелері арқылы ескере отырып жүргізіледі.

31. Сұрақ: – Жұмыс берушілер аударатын жарналар жұмыскердің жалақысына байланысты ма?

– Ия, жұмыс беруші барлық жұмыскерлердің еңбектеріне ақы төлеу қорынан аударады, ал жұмыскерлерге арналған аударымдар олардың белгіленген еңбекақы көлемінен жүреді.

32. Сұрақ: – есептелген жалақыдан немесе салық ұсталып қалған (зейнетақы; табыс) жалақыдан төленеді ме?  

– Жарналар есептелген жалақыдан төленеді.

33. Кез келген стационарға немесе емханаға (оның ішінде жеке) тіркеусіз немесе жолдамасыз хабарласуға болады ма?   

– Шұғыл жағдайлар кезінде кез келген медициналық ұйымдарға тіркеусіз немесе жолдамасыз хабарласуға болады. МӘлМС пакеті шеңберіндегі медициналық қызметтер Қазақстан Республикасының барлық аумағында, аумақтық тиістілігі мен меншік нысанына тәуелсіз ұсынылады. Сонымен бірге жалғыз шарт медициналық ұйымның медициналық сақтандыру қорымен жасалған келісімшарты болып табылады.

34. Сұрақ: – Егер қолданыстағы жүйе жап-жақсы жұмыс істесе, онда бізге міндетті сақтандырудың қажеті неде?    

– Бүгінгі таңда қолданыстағы денсаулық сақтау жүйесінің бірнеше негізгі проблемаларды шешуге жағдайы жоқ: 1) Медициналық ұйымдар арасында пациенттерді тартуға бәсекелестіктің болмауы. Қолданыстағы жүйеде мемлекет медициналық көмектің қолжетімділігін қамтатмасыз ету үшін барлық медициналық ұйымдар арасында қаражатты тең үлестіретін жалғыз қызметтерді жеткізуші ретінде келеді. Сонымен бірге, тең үлестіру практика жүзінде мынаған әкеп соқты, бір бағдарлы және бірдей қабылдау күші бар медициналық ұйымдар, олар көрсететін медициналық көмектің сапасына тәуелсіз бірдей қаржыландыру көлемін алады. Бұл, қымбат тұратын ауруларды емдеуді кеңейту есебінен көптеген медициналық ұйымдарда барынша көп ақшаны «тартып алу» үрдісін тудырды, ең басты көрсеткіш – көрсетілетін қызметтердің сапасын жоғалта отырып. 2) Төлемдердегі теңгермешілік және бейресми төлемдердің өсуі Өкінішке орай, дәрігердің тәжірибесіне, білімі мен дағдыларына тәуелсіз барлық бір бағдарлы мамандар, олардың бірдей жұмыс тәжірибелері жағдайында бірдей еңбекақы төлемін алады. Осыған байланысты, қазір пациенттер таңдаған көптеген танылған дәрігерлер жеке құрылымдарға немесе жеке кабинеттерге көшіп жатыр, ол жерде олар кәсіптік дағдыларына сәйкес ақша таба алады. Бұл өз ретінде халық үшін қосымша ауыртпалық болып келеді. 3) Әлеуметтік қамқоршылдықты сақтау Мемлекет кепілдендірген медициналық көмектің көлемі халықтың көбісіне олардың денсаулығы үшін мемлекет жауап береді деген пікір тудырады. Практика жүзінде азаматтардың денсаулығының 20%-дан артық емес пайызы медицинаға тәуелді, қалғаны – өмір салты мен қоршаған ортаның, генетиканың және т.б. әсері болып табылады. Барлық аталған проблемалардың жиынтығы қолданыстағы сыншыл аяның қоғамдағы денсаулық сақтау жүйесінің негізі болды. Бұл жағдай енгізіліп отырған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде қарастырылатын медициналық көмекті қаржыландыру және ұйымдастыру тәсілдерін күрделі өзгертуді талап етеді.

35. Сұрақ: – Медициналық сақтандыруды енгізу бойынша қандай елдер бізге үлгі болады және нәтижесінде Германия немесе Корея сияқты медицина бізде де болады ма?     

– Тек елдердің тәжірибесі ғана емес, сол елдердегі әлеуметтік сақтандыру жүйесін дамыту үрдістері де, сондай-ақ қателіктері де зерделенді. Мысалы, Францияда бірінші жылдары жарналарды төлеу ауртпалығы жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасында бөлінген, барлық шығыстардың 50%-ы экономикалық белсенді емес халыққа жүргізілетіні анықталғанда мемлекеттік бюджеттен аударымдар көлемі артылды.Германияда медициналық ұйымдарды қаржыландырылатын мыңнан астам ауруханалық кассалар қызмет еткен. Кассалардың осындай саны, аурулардың қатерлері болған кезде әр түрлі жарналар деңгейлері бар жүйенің қатысушылары арасындағы қаражатты қайта бөлуге жол бермеді. Осыған байланысты, Германия ауруханалық кассаларды ірілендіре бастады, нәтижесінде олардң саны, бірыңғай қорды құрудың одан арғы үрдістерімен 100-ге дейін қысқартылды. 2014 жылдан бастан АҚШ президент Обаманың бастамасы бойынша медициналық қызметтердің қымбат болуы себебінен барлық халық тобына медициналық көмектің қолжетімділігі қамтамасыз етілмеген жинақтаушы медициналық сақтандыру жүйесінің орнына, Affordable Care Act, немесе халықта Obamacare аталып кеткен заңы негізінде жалпыға қолжетімді медициналық сақтандырудың әмбебап жүйесі енгізілді. АҚШ-тың денсаулық сақтау реформасының басты элементі АҚШ азаматтарының, егер олар сақтандырылған болмаса, медициналық сақтандыру міндетін енгізу болып табылады. Сонымен қатар, ауқатсыздарға субсидиялар көзделеді. Реформа сондай-ақ полисі бар азаматтардың медициналық сақтандыру жағдайын жақсартуға арналған. Осылайша, заң жобасына сәйкес 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушілер және оларды сақтандырушылар жұмысшыларға медициналық сақтандыру ұсынудан бас тарта алмайды немесе оларға сақтандыру жарналарын көбейте алмайды, егер еңбек шарты басталмас бұрын жұмысшының ауыр созылмалы ауруы расталған болса (мысалы, ЖИТС, қатерлі ісік және т.б.)

36. Сұрақ: – Зиянды жағдайларда жұмыс істейтіндер үшін салымдар төлеген кезде қандай да бір жеңілдіктер болады ма?      

– Зиянды жағдайларда жұмыс істейтіндер үшін салымдар төлеген кезде жеңілдіктер қарастырылмаған. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заң барлық жұмыс істейтін халық үшін жарналардың бірыңғай көлемін орнатты. Қорға төлеуге жататын жұмыскерлердің жарналары: 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – жарналарды есептеу объектісінің 1 пайызы; 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – жарналарды есептеу объектісінің 2 пайызы көлемінде орнатылады.

37. Медициналық сақтандыру қорында экономикалық ахуалдың төмендеу жағ-дайына резервтерді қалыптастырудың дағдарысқа қарсы сценарийі бар ма? 

– Экономикалық жағдайдың қиындай түсуі кзінде Қор: - ағымдағы қаржы жылынан екі жыл бұрынғы экономика бойынша орташа айлық жалақыдан экономикалық белсенді емес халық үшін мемлекет аударған жарналарды қарастыратын контрциклдік шараларды қолданады. Дағдарыс кезеңдерінде бұл, жұмыс берушілерге қарағанда, бюджетке неғұрлым жоғары деңгейлі жарналарды қамтамасыз етеді; - Қор активтерінің 3 %-ына дейінгі көлемде резервтерді қалыптастырылатын резервтерін қолданады.

38. Сұрақ: – Міндетті медициналық сақтандыру қорының қаражатын әр түрлі қатерлерден, бірінші орында инфляциядан қорғау қарастырылған ба?

– Біріншіден, «ұзын ақшасы» бар және сақтауды қамтамасыз етуді талап ететін басқа әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қарағанда, әлеуметтік сақтандыру қорында қаражаттар жиналмайды, олар күнделікті медициналық ұйымдар көрсететін қызметтерді төлеуге бағыт-талады. Екіншіден, медициналық қызметтер бағасының өсуі дағдарысты қамтитын өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған халықтың табысынан жүзеге асырылатын жарналармен өтелетін болады.

39. Сұрақ: – Мен МӘлМС шеңберінде көр-сетілген қызметтер бойынша ақпаратты қадағалай аламын ба? 

– Электрондық денсаулық сақтау жүйесі базасында әрбір сақтандырылған азаматқа логин және құпиясөз арқылы жеке кабинетке қолжетімділік ашық болады, онда көрсетілген медициналық қызметтер, олардың құны туралы ақпаратты қадағалауға болады, сондай-ақ ол жерде емделу барысы, диагностика, анализ нәтижелері және т.б. туралы мәлімет орналасады.

40. Сұрақ: – Қордың шығындары бойынша ақпарат халық үшін қаншалықты айқын болады?       

– Қазіргі таңда, жаңа модельде қаражатты жинау мен бөлудің айқын жүйесі қарастырылған. ӘлМСҚ қызметінің айқындылығы мыналар арқылы жүзеге асырылады: Жарналар мен қаражат түсуінің күнделікті мониторингі; Көрсетілген медициналық қызметтердің күн-делікті мониторингі; Қаражатты пайдалану туралы стандартты есепті уәкілетті органға ұсыну (ДСӘДМ, ҚМ, Үкіметке, Есеп Комитетіне); Қоғамға жыл сайын жылдық есепті жариялау (қысқаша газеттерде, толық вебсайтта және жеке БАҚ басылымдарда) ӘлМСҚ-ның стратегиялық құжаттары (5 жылға даму стратегиясы, қысқа мерзімдік кезеңге даму жоспары, жылдық жоспар) орналасатын ӘлМСҚ вебсайтын жүргізу.

41. Сұрақ: – Өзімен бірге сақтандыруды (карточка) үнемі алып жүру керек пе, әлде жеке куәлік жеткілікті болады ма?     

– Өз ЖСН білу жеткілікті немесе өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат болуы тиіс.

42. Сұрақ: – МӘлМС енгізу азаматтар-дан төлемдерді талап ету арқылы жемқор-лықтың өсімін тудырмайды ма?     

– Біз жемқорлықтан кетудеміз. Біздің жарналар, жұмыс берушінің немесе мемлекеттің біз үшін аударымдары бұл біздің жоспарланған госпитализациямызға төлем болып табылады.

Осыған байланысты, медициналық көмек ұсыну кезінде медициналық ұйымдар тарапынан «қосымша шартты төлемдер», ТМККК және МӘлМС кіретін техникалық қызметтер ұсынылмауға тиіс. Қызметтерге ақы төлеу, медициналық ұйымның ұсынылған медицина-лық көмегінің сапасы мен көлемін растау арқылы 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қордың қаражаты есебінен жүргізіледі. Аталған уақыттан бастам сақтандырылған адамадар жүйеде көрсетілген медициналық көмектің барық түрлерін ала алатын болады.

43. Сұрақ: – Жақында әкемізге есту аппаратын сатып алдық. МӘлМС шеңберінде өз бетінше сатып алынған техникалық оңалту құралдарына жұмсалған шығынның көлемін қалай анықтайтынын білгіміз келеді?   

– Өз бетінше сатып алынған техникалық құралдар төленбейді, егер бұл оңалту шеңберін-де көрсетілген медициналық қызметтердің бөлігі болса, онда олар МӘлМС пакетіне кіре алады.

44. Сұрақ: – Стоматологиялық қызмет-тер міндетті медициналық сақтандыру пакетіне кіреді ме? Ия болса, қашан?   

– МӘлМС жүйесінің медициналық көмек тізбесінде. - Шұғыл стоматологиялық көмек (жедел ауыры) балар мен үлкендерге; - Жоспарлы  стоматологиялық қызметтер ТМККК шеңберінде жүкті әйелдер мен балаларға қалады. -         Ортодонттық көмек бет-жақ патологиясы  туа біткен балаларға көрсетіледі.

45. Сұрақ: – Егер дәрігерлер, стационарда жоқ болғандықтан дәрілерді өзіңізге сатып алуды ұсынса, онда ММС жұмсалған ақшаны қай жағдайда қайтарады және дәрігерлер бұл туралы науқасты ақпараттандыруға міндетті ме?

– Стационарлық көмек толықтай МӘлМС пакетіне кіреді және тегін ұсынылады. Егер пациент дәрілік препараттарды өз бетінше сатып алса, онда аурухана дәрігердің жолдамасын ұсыну бойынша дәрілердің құнын өтеуге тиіс. Қорға жүгінген кезде бұл жағдайлар тексеріліп, тиісті шаралар қолданылады.

46. Сұрақ: – Медициналық сақтандыру қорына жұмыс істейтін зейнеткерлер жарналар төлейді ме?

– Жоқ, зейнеткерлер үшін мемлекет аударады. Олар жұмыс істеген жағдайда, оның жұмыс берушісі оған жарналарды төлеуден босатылады.

47. Сұрақ: – Егер мен соңғы 3 жыл ішінде медициналық көмекке жүгінбесем, онда салымдар сомасы жиналады ма және оларды басқа мақсатқа алуға болады ма?

– Жоқ. Медициналық сақтандыру жүйесі жинақтаушы емес ортақ болып табылады, сондықтан қатысушылардың атауландырылған есебіндегі қаражат аурудың қатері келгенде жүйеге қатысушылары арасында қаражатты қайта бөлуді қарастырады. Басқа мақсаттарға, туыстарға аударуға немесе мұрагелікке қалдыруға мүмкін емес.

48. Сұрақ: – Біз ММС бойынша ЭКҰ-ға сүйене аламыз ба? Егер ия болса, онда неден бастау керек?

– Бұл процедура МӘлМС пакетіне қосулы. Сондықтан процедураны көрсетілген тәртіпен өтуге болады.

49. Сұрақ: – Мысалы, егер адам апатқа ұшыраса, оған шұғыл көмек көрсету үшін жарақаттанушыда медициналық сақтан-дыру бар ма екендігін анықтау керек пе?

– Жоқ, керек емес, өйткені шұғыл көмек барлық азаматтарға, МӘлМС-ке қатысуға тәуелсіз көрсетіледі.

50. Сұрақ: – Егер, Қазақстан Республика-сының азаматы уақытша шет мемлекетке шықса жарнаны төлейме? Төлесе қалай?    

– Қазақстан Республикасының азаматы шет мемлекеттке жағдайда, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 АЕТ 5% төлейді.  Қазақстан Республикасы аумағынан уақытша шыққан азаматтар жарналарын Қорға алдын ала толығымен немесе басқа тұлғаның көмегімен сол уақыт аралығына төлеуге мүмкіншілік берілген.

Жұмыс берушілердің сұрақтары

51. Сұрақ: – Неліктен мен жұмыс беруші ретінде МӘлМС жүйесіне қатысуым керек?

– Пайда болған қаржылық дағдарыс жағдайында әрбір кәсіпорын үшін шығындарды қысқарту мәселесі бірінші орынға шығады. Бұл қиын кездерден өту үшін басшыларға барлығын, бірінші орында – жұмыс күшін үнемдеуге тура келеді. Дегенмен, персоналды қысқарта отырып, қалған жұмыскерлердің мойнына артылған ерекше жүк проблемасы туралы әрбіреуі ойлай бермейді. Басшыға персоналдың өзара орынбасу жүйесін үнемдеуге тура келгенде, кез келген жұмысшының ауруы кәсіпорын үшін одан да күрделі салдарға әкеп соғады.Осындай жағдайларда қызметкерлердің денсаулығы туралы ойламау зиянды болады. Өз жұмысшыларының проблемаларын шеше отырып, басшы бірінші орында өз бизнесі туралы уайымдайды. Мәселе тек қызметкерлердің денсаулық проблемасы қалайша оңтайлы шешуде болып тұр. Сақтандыру медицинасы Сіздің жұмыскерлеріңізге, олардың табыстарына тәуелсіз барлық медициналық көмек көлемін, оның ішінде жоспарлық стационарлық көмек пен дәрілік қамтамасыз ету және жоғары мамандандырылған медициналық қызметтерді, оңалтулық қолдауды, консультациялық-диагностикалық көмекті, мейіргерлік күтім жәнен паллиативтік көмек алуға мүмкіндік береді. Мысалы, егер бүгін Сіздің жұмыскеріңіз қатты аурып қалса, ол қымбат ем алуға мұтаж және ұзақ науқастық демалыс алуға мәжбүр. Медициналық қызметке ақы төлеу үшін жеткілікті жеке қаражаты болмай ол өз жұмыс берушісіне және кәсіпорын ұжымына материалдық көмекке жүгінеді, ол барлық тараптардың маңызды материалдық шығындарына әкеп соғады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру жағдайында науқас жұмыскерді емдеу, күту және оңалту бойынша шығыстарды медициналық сақтандыру қоры өз мойнына алады. Одан басқа, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің жарналары, бірінші орында денсаулық сақтау жүйесінің бірінші буынын кеңейтуге, госпитализациялау жағдайларын азайту мақсатында аурулардың алдын алуға, сәйкесінше тиімді амбулаторлық-емханалық көмек есебінен жұмыс уақытын жоғалтуды азайтуға бағытталған. Сонымен қатар, бүгін еңбек нарығында жұмыс берушілердің бір бөлігі ғана өз жұмыскерлеріне толық әлеуметтік пакетті, оның ішінде медициналық сақтандыруды ұсына алады, оны біліктілігі жоғары мамандарды тартуға басымдылық ретінде қолданады. МӘлМС енгізу арқылы аталған әлеуметтік пакет еңбек нарығының барлық қатысушыларына қолжетімді және әмбебап артықшылық болады, ол кадрлық мәселелерді шешуді жеңілдетеді. Мысалы, экономикасы дамыған, еңбек өндірісі жоғары деңгейлі елдерде (Франция, Германия, Корея, Жапония) міндетті медициналық сақтандыру үлгісіне артықшылық танытты. Өйткені бұл үлгі шығындарды азайту, өнімнің өсуі және кәсіпорынның табысын арттыру арқылы бизнес үшін даусыз экономикалық пайданы қамтамасыз етеді.   Медициналық сақтандыруды енгізудің негізгі пайдасы жұмыскерлердің уақытша жұмысқа жарамсыздығына байланысты өндірістегі шығындарды азайту. Осылайша, жыл сайын 2,6 млн. астам қызметкер уақытша еңбекке жарамсыздығына байланысты еңбекке жарамсыздық парағын рәсімдейді. Егер күн сайын орта есеппен әрбір қызметкер 12,6 мың теңгеге өнім (немесе қызмет көрсетуді) шығаратын, онда жұмыс берушілердің жыл сайынғы шығыны шамамен 370 млрд. теңгені құрайды. Ең жақсы клиникаларда уақтылы профилактикалық қарап-тексеруден өту, сапалы ем және қымбат тұратын арнайы көмек қабылдау жұмыс істейтін азаматтардың денсаулығын сақтауға, олардың уақытша еңбекке жарамсыздық күндерін қысқартуға және осының нәтижесінде жұмыс берушінің шығындарын  азайтуға мүмкіндік береді.

52. Сұрақ: – Медициналық сақтандыру жүйесіне төленетін салымдардың көлемі қандай болуға тиіс?

– Егер Сіз жұмыс беруші болсаңыз, онда Сіз ай сайын Қорға – 2017 жылғы шілдеден бастап сіздің қызметкерлеріңіздің еңбекақы қорынан – 1%, 2018 жылы – 1,5%, 2019 жылы -  1,5%, 2020 жылы - 2%, 2022 жылы – 3%  сақтандыру аударымдарын жүргізетін боласыз. Қайта үйлестіру сомалары корпоративтік табыс салығынан (КТС) шегеруге жатқызылады. Сонымен бірге, ай сайын қызметкердің нақты еңбекақысынан 2019 жылы - 1%, ал 2020 жылы - 2% ұстап қалып, Қорға аудару қажет. Қайта үйлестіру сомалары жеке табыс салығынан (ЖТС) шегеруге жатқызылады. Сонымен қатар аударымдарды/жарналарды есептеу үшін қабылданатын айлық табыс минималды еңбекақының 15-еселік көлемінен аспау керек (2016 жылы – 342 885 теңге).  Сақтандыру аударымдары мен жарналар қорға мынадай табыс түрлерінен төленбейді: қызметтік іссапарларға компенсациялардан және қосалқы сипаттағы жұмыстан; қызметкерлердің егістік жұмыстарынан; бюджет қаражатынан қызметкерлерді жеткізуге, оқуға ақы төлеуге, жәрдемақы және компенсацияға байланысты шығындардан; сауықтыруға арналған жәрдемақы мен демалыс жәрдемақысынан, медициналық қызметтерге ақы төлеу, бала туу кезіндегі, минималды жалақы (МЖ) шеңберіне жерлеуге берілген төлемдерден; стипендиядан; сақтандыру сыйақыларынан

53. Сұрақ: – Жұмыс беруші үшін МӘлМС-қа аударымдар тетігі қандай болады?

– Жұмыс беруші ай сайын өз бетінше екінші деңгейдегі банктер арқылы қызметкерлердің кірісін медициналық сақтандыру қорына есептейді және аударады.

54. Сұрақ: – 2019 жылы табыс салығын есептеу кезінде жұмыскерлердің жарналары шегеруге жатқызылады ма?

– МӘлМС-ке салымдар ЖТС және КТС бойынша шегеруге жатқызылады, осылайша, салық салынатын негіз, сәйкесінше салымдар мен жарналардың сомасына азайтылады.

55. Сұрақ: – Жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалығының жұмыскерлері, базарда-ғы сатушылар жарналарды қалай төлей-ді?       

– Есептеу мен төлеу жарналары мынадай сипатта жүзеге асырылатын болады:  - заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің, жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар және кәсіби медиаторлар – 5% кем емес 2  МЕТ 2017 жылғы шілдеден бастап 25-күнінен кешіктірмей, келесі айдың төлем кірістері төленеді; – енжар тұрғындар, оның ішінде өз бетімен қамтылғандар (жеке өндірумен (іске асырумен) тауарларды, жұмыстарды, көрсетіле-тін қызметтерді) ҚР «Халықты жұмыспен қамту» туралы Заңымен белгіленген, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 5% 1 МЕТ бастап төленеді. Базардағы сатушылар, егер олар жеке кәсіпкер ретінде тіркелсе, онда сол сияқты мәлімдеген табыстан аударымдар жасайды. Егер ол жалдамалы жұмысшы болса (базардағы сатушылар), онда жарналар еңбек шартында көрсетілген еңбекақы деңгейінен аударылады. 

56. Сұрақ: – Менің жұмыскерлерім қым-бат жоғары білікті мамандандырылған медициналық көмекті ала алады ма?

– Ия, әрине. Жәлеуметтік медициналық сақтандыру, жұмыс беруші және жұмыскерлер барлығы жүргізген салымдар көлемінен біраз артық бағалы, жоғары мамандандырылған медициналық көмек алуға Сіздің жұмыскер-леріңізге мүмкіндік береді. Мысалы, Қорға жылына 240 мың теңге сомасына аударымдар жасаса, егер мәселе 1 млн. теңге тұратын жүрек операциясы жайлы болса, онда Сіздің жұмыскеріңіз Медициналық көмек қорының қаражаты есебінен төлеуге сүйене алады, оған қоса дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және оңалтулық қолдау. ӘлМСҚ-ның ынтымақтастық және әділдік жүйесін принциптері жарналар төлеуге жүйесін қолда бар табыс және керекті көлемде жарналар мөлшеріне қарамастан медициналық көмек алуды көздейді.

57. Сұрақ: – Жұмыс беруші өзінің МӘлМС-ке салымдарына бақылауды жүзеге асыра алады ма?

– Қор сұраныс арқылы сіздің жұмыскерлер-дің мәртебесі (сақтандырылған немесе сақтандырылған) және сұралатын кезеңге енгізілген сомасы туралы ақпаратты бере алады. Одан басқа, жұмыс беруші, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметін қоғамдық бақылауында бола тұра, қатыса алады.: қоғамдық бақылау комиссиясының мүшесі – қызметтің айқындылығын қамтамасыз ету; кәсіптік қауымдастық мүшесі – стандарттарды қарау мен тарифтерді бекітуге қатысу;

58. Сұрақ: – Тұрақты табысы жоқ мау-сымдық қызметкерлер ӘлМСҚ-қа аударымдарды қалай жасайды?      

– Маусымдық жұмысшылар үшін жарнаны табыс бар кезінде оның жұмыс берушісі төлейді, табыс жоқ кезеңде ол өз бетінше екінші деңгейдегі банктер арқылы ӘлМСҚ-қа МЖА-ның 5%-ы көлемінде аударымдар енгізе алады. 

59. Сұрақ: – Мен жұмыс беруші ретінде өз қызметкерлеріме медициналық ұйымды таңдай аламын ба?

– Жоқ, таңдай алмайсыз. МӘлМС кезінде медициналық қызметтерді алу үшін жұмыскер медициналық ұйымды өзі таңдайды. Жұмыс берушінің медициналық ұйымдарды таңдауы ерікті медициналық сақтандыру кезінде жүзеге асырылады.

60. Сұрақ: –  Менің жұмыскерлерім ерікті сақтандыру есебінен жеке медициналық қомпаниядан қызмет алады. Тағы МӘлМС-ке төлеудің керегі неде?

– Жұмыс беруші өз жұмысшыларына ерікті медициналық сақтандыруға (ЕМС) шарт жасайды, ол жұмыс берушінің аударымдар сомасымен шектелген медициналық көмектің белгілі бір көлемін алуды көздейді. Бұдан артық ЕМС шеңберіндемедициналық көмек көрсетілмейді. Міндетті әлеуметтік сақтандыру көрсетілетін медициналық көмектің көлемі мен сомасын шектемейді. Сонымен қатар, МӘлМС пакетіне кірмейтін медициналық қызметтердің тізбесі ЕМС шартында атап айтылады. МӘлМС пакетіне кірмейтін жеке медициналық қызметтердің түрі ЕМС арқылы төлене алады, мысалы: ересектерге арналған стоматология, зиянды өндірістердің жұмысшыларына арналған міндетті мерзімдік медициналық тексерулер, шипажайлық-курорттық ем, косметология және т.б. Одан басқа, ЕМС жеке емханалар тарапынан көрсетілген қызметтерге жоғарлатылған шоттардың қатері бар, ол жұмыс берушілерге ақталмаған шығындар әкеледі. Сондай-ақ ЕМС-та тапсырыс берушіде (қазіргі жағдайда – жұмыс берушіде) жеткізуші көрсететін медициналық көмектің сапасын бақылаудың тетігі жоқ. ММС жүйесінде Қор медициналық көмектің сапасын бақылауды қамтамасыз етеді, сақтандырылған азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды.

61. Сұрақ: –  Жұмыс берушілер, салық-тардан құтылып, жұмыскерлердің санын жасырмайды ма?

– Өкінішке орай, табысты және «көлеңкелі» жалақыны жасыру қатері, салықтан құтылу тәсілі ретінде кез келген экономикада бар. Бұл мәселені шешу үшін фискалдық органдар тарапынан әртүрлі күресу әдістері бар. Біріншіден, жұмыскер медициналық ұйымға электрондық жүйе арқылы жүгінген кезде жұмыс берушінің (2017 жылдан бастап) және жұмыскердің өзінің (2019 жылдан бастап) салымдары, ол үшін қаншалықты уақтылы аударылғаны салыстырылыды. Солайша жұмыскер жұмыс берушіден келген түсімдерді бақылай алады. Екіншіден, салық қызметінің органдары ӘлМСҚ-қа салымдар туралы декларация қабылдайды, олардың негізінде қарыздарды бақылау және өндіріп алу жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда біз экономикадағы жұмыспен қамтудың елеулі өсімін белгілейтінімізді атап өту керек. Отандық кәсіпорындарда 6,5 млн-нан астам жалданған жұмыскерлер еңбек етуде, ай сайын жұмыс берушілер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 53 млрд теңге және өз жұмскерлерінің пайдасына Әлеуметтік сақтандыру қорына 23 млрд теңге аударады. Белсенді емес халық үшін ӘлМСҚ-а салымдарды төлеу бойынша міндеттемелерді мемлекет өз мойнына алатынын атап өткен жөн. Осының барлығы, жалпы, енгізіліп отырған медициналық сақтандыру жүйесінің тұрақты қызмет етуінің алғышарттарын қалыптастырады.

 

62.      Сұрақ: –  Жұмыскерлер жыл бойы МҰ-ға жүгінбесе, онда төленген салымдарды қайтару жұмыс берушілерге қарастырылған ба?

Жоқ, қарастырылмаған. Жұмыскерлері жыл бойы МҰ-ға жүгінбеген жұмыс берушілердің төленген салымдары қайтарылмайды. Бұл әлеуметтік сақтандыру жүйесінің негізгі принциптеріне қарама-қарсы – жүйенің барлық қатысушыларының ортақтастығы және жүйенің барлық қатысушыларының теңдігі. Төленген қаражаттар, осы кезеңде медициналық қызметтерге жүгінген қолданушыларға медициналық көмекті төлеуге жұмсалады.

63.      Сұрақ: – Біздің кәсіпорында жеке ведомстволық медициналық-санитариялық бөлім бар, онда біз кәсіпорын есебінен ем аламыз. Онда не үшін біз тағы ӘлМСҚ-ға жарналар төлейміз?

  Қолданыстағы «МӘлМС туралы» заңға сәкес ӘлМСҚ-ға аударымдар мен жарналарды енгізу барлығына міндетті болып табылады және Сіз оны медициналық әлеуметтік сақтандыру қорына уақтылы төлуге тиіссіз. Сіздің медициналық-санитариялық бөлімге қатысты болса, онда ол қосымша ақша таба отырып, Қор өткізетін амбулаторлық-емханалық және стационарлық көмек көрсетуге арналған конкурсқа қатысуға құқығы бар.

Медициналық қызметкерлердің сұрақтары

64.      Сұрақ: – МӘлМС қалай жұмыс істейді?

  Қызметкер, жұмыс беруші, жеке кәсіпкер және мемлекет экономикалық белсенді емес тұрғындар үшін енгізген барлық жарналар мен аударымдар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына (Қор) түсетін болады. Қорға түсімдерді бақылау Мемлекеттік кіріс комитетіне бекітіледі, ал атауландырылған есеп «Үкімет азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясында сақталады. Қор медициналық ұйымдардан медициналық қызметтердің бірыңғай стратегиялық сатып алушысы болып табылады. Сатып алу конкурстық негізде жүргізіледі. Конкурс екі кезеңде өтеді. Бірінші кезеңде, медициналық ұйымдардың ресурстық қамтамасыз етуін орнатылған мемлекеттік минималды стандарттарға сәйкестігіне бағалауы жүргізіледі (ғимараттар, медицина техникасы, кадрлар). Оң баға беру жағдайында медициналық ұйым екінші кезеңге жіберіледі, онда көрсетілетін қызметтердің көлемін, құнын және орнатылған критерийлер бойынша сапасын бағалау жүргізіледі. Осылайша, тиісті ресурстық қамтамасыз етуі мен білікті көмек көрсететін тәжірибелі мамандары бар үздік мемлекеттік және жеке емханалар медициналық көмек көрсету мүмкіндіктерге ие болады.

65. Сұрақ: – Денсаулық сақтау жұмыскерлері сақтандырылған мәртебесін қалай анықтайды?

  Барлық медициналық ұйымдар ҚР сақтандырылған азаматтарының бірыңғай тізбесіне қолжетімділікке ие болады. Азамат медициналық қызметкерге жүгінген кезде тек оның ЖСН енгізу және оның сақтандыру дәрежесін алуға тиіс. Егер аударымдар енгізілген болса, онда өтініш білдірген азамат сақтандырушын ұсынатын қызметтердің барлық спектрін ала алады. Егер олай болмаса, онда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көмек көрсетіледі (ТМККК).

66. Сұрақ: – Медициналық ұйымдар МӘлМС енгізуден нені алады?

–  Көрсетілген қызметтер көлемі үшін адекваттық қаржыландыру; Медициналық персоналға еңбекақыны арттыру мүмкіндігі және қызмет нәтижелері бойынша еңбекақы төлеу жүйесін енгізу; Тарифке амортизациялық аударымдарды енгізу есебінен медициналық техниканы жаңарту мүмкіндігі; Жеке инвестицияларды, тәжірибелі отандық және шетел мамандарын тарту.

67. Сұрақ: – Медициналық ұйымдар МӘлМС жағдайында медициналық көмекті қалай ұсынады?

  Қор медициналық қызметтерді ТМККК шеңберінде сатып алған тәрізді МӘлМС шеңберінде де мемлекеттік және жеке клиникалардан конкурс негізінде сатып алады.

Конкурс екі кезеңде өтеді.

Бірінші кезеңде әрбір медициналық ұйым қызметтерге өнім берушілердің Бірыңғай тізбесіне өзінің техникалық экономикалық және медициналық мәліметтерін енгізеді. Ұсынылған мәліметтерге сәйкес Қор олардың белгіленген ең төмен стандарттарының сәйкестігіне баға береді.  Оң нәтиже болған жағдайда медициналық ұйым конкурстың келесі кезеңіне өтеді.  Екінші кезеңде көрсетілген қызмет көлеміне, оның құнына және өткен жылы көрсетілген қызметтер санына Қор баға береді (орнатылған критерийлер). Егер медициналық ұйымның ресурстық қамтамасыз етілуі белгіленген ең төмен стандарттарға, ал көрсетілетін қызметтер белгіленген сапа критерийлеріне сәйкес келетін болса, онда медициналық ұйым әлеуетті жұмыс беруші ретінде таңдалады.

68. Сұрақ: – МӘлМС жағдайында қандай медициналық көмек түрлері көрсетіледі?

  Медициналық қызметтердің екі пакеті болады. Бірінші – елдің барлық азаматтары үшін мемлекет кепілдік беретін пакет. Оның ішінде:

• Жедел жәрдем және санитариялық авиация;

• Әлеуметтік маңызы бар аурулар және жедел жағдайлар кезіндегі медициналық көмек;

• Профилактикалық егулер;

• Амбулаториялық-дәрілік қамтамасыз ету арқылы амбулаториялық-емханалық көмек (2020 жылға дейін).

Екінші пакет – Сақтандырылған азаматтар үшін МӘлМС жағдайларында ұсынылатын медициналық қызметтердің пакеті мыналарды қамтиды:

• Амбулаториялық-емханалық көмек:

• Емханадағы емдеу;

• Дәрігерлердің қабылдауы;

• Зертханалық қызметтер;

• Диагностика және манипуляциялар;

• Стационарлық көмек – жоспарлы тәртіпте ауруханаларда емдеу;

• Стационар алмастырушы көмек – күндізгі стационарда ем қабылдау;

• Жоғары технологиялық медициналық қызметтер – күрделі және бірегей медициналық технологияларды пайдалану арқылы орындалатын медициналық көмек;

• Дәрімен қамтамасыз ету – амбулаториялық-емханалық көмек көрсету кезінде;

• Мейіргерлік күтім – басынан кешкен аурудың салдарынан өз-өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ, бөгде адамдардың тұрақты күтімін немесе қарауын қажет ететін  адамдар;

• Паллиативті көмек – емдеуге келмейтін, өміріне қауіпті және ағымы ауыр аурулары бар пациенттердің өмір сүру  сапасын адам үшін мүмкін болатын ең жоғары қолайлы деңгейде  ұстап тұру.

• Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту

69. Сұрақ: – Медициналық ұйымдарға МӘлМС шеңберінде қызметтерге ақы төлеу тәртібі қандай?

  Бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы келісімшарт жасаған барлық медициналық ұйымдар, көрсетілген қызметтері туралы ақпаратты Қорға күн сайын ұсынады. Көрсетілген қызметтердің көлемі мен сапасын сараптауды Қордың өңірлердегі аумақтық бөлімшелері жүргізеді. Ай сайын Қор аумақтық бөлімшелерден төлем қажеттілігін алады және оның негізінде медициналық ұйымдардың есебіне қаражатты аударуды жүзеге асырады. Қор, Бірыңғай ақпараттық жүйенің деректері негізінде, келешекте келісімшарттың іске асыруына әсерін тигізетін медициналық ұйымдардың рейтингін үнемі анықтайды.

70. Сұрақ: – Медициналық жұмыскерлер үшін жалақы мөлшері артады ма?

Міндетті түрде, медициналық жұмыскерлердің жалақылары артады. Елдің экономикасында медициналық жұмыскердің жалақысын кемінде орта деңгейге дейін кезең бойынша арттыру жоспарлануда. 2030 жылға дейін медицина жұмыскерінің (дәрігерлердің) жалақысы республика бойынша орта жалақыны 2 есе артуға тиіс. Осы барлық есептеулер даярланып қойған. Одан басқа, 2024 жылға дейін бірінше буынның және ауылдық денсаулық сақтау жұмыскерлердің жалақыларын арттыру көзделген.

71. Сұрақ: – Медицииналық жүмыскерлердің еңбекақысын арттыру тетігі қандай? Қандай көздерден бұны жасау көзделген Из каких источников это предполагается сделать?     

МӘлМС жағдайында әрбір медициналық ұйым еңбекке ақы төлеу мәселесінде сараланған әдісті енгізе алады, персоналдың материалдық ынталандыру үлгісін өз бетінше қалыптастыра алады. Бұл танылған кәсіпқойлар, тәжірибелі жоғары білікті дәрігерлер, қазіргіге қарағанда, көбірек еңбекақы алады дегенді білдіреді. Медициналық ұйым менеджменті емханалардың табысты қызметі мен қаржылық әл-ауқаты жоғары санатты мамандарды тартуға байланысты болатынын түсіну керек. Осындай еңбекке ақй төлеу тетігі жеке медицина секторында бұрыннан бері қолданылады және өзінің тиімділігін дәлелдеді. Практикада бүгінгі таңда көптеген пациенттер емделу мен консультация үшін, сәйкесінше лайықты материалдық қамтамасыз етуді алуға тиіс мәртебелі дәрігерлерді таңдайтыны құпия емес. Әлеуметтік сақтандыру жүйесінде жұмыскерлердің еңбегін ынталандыратын осындай тетіктер болады, өйткені медициналық қызметтердің сапасы мен қорытынды нәтиже МӘлМС-тің негізгі мақсаттары болып табылады.

72. Сұрақ: – Медициналық қызмет сапасын бағалаудың қандай критерийлері болады?

   Қор қолданатын критерийлердің негізгі тобы:

Пациенттердің қауіпсіздігі;

Клиникалық және экономикалық тиімділік;

Медициналық қызметтерге өнім берушілер арқылы құнды көрсеткіштер мен индикаторларға қол жеткізу.

73. Сұрақ: – ӘлМСҚ қаражаттарын бөлудің айқындылығы қалай қамтамасыз етіледі?

  Бүгінгі күні, жаңа модельде теңгерімділіктің және Қордың тұрақтылығын қамтамасыз етудің жаңа макроэкономикалық құралдары ескерілген тәрізді, сонымен бірге қаражатты жинау мен бөлудің айқын жүйелері де ескерілген. Бастапқы кезеңде, қаржылық есептілікті жариялау жөніндегі стандарттық талаптармен қатар Қор қызметінің айқындығын арттыру механизмдері әзірленеді.

74. Сұрақ: – Медициналық сақтандыру қорының конкурсына қатысу үшін медициналық ұйымда ақпараттық жүйенің болуы міндетті ме?

Қазіргі уақытта, медициналық ұйымдардың конкурсқа қатысу үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру өзіндік ақпараттық жүйесі болуы бойынша қатаң талаптар жоқ. Бұл қағида ұсынымдық сипатта. Қолданыстағы ақпараттық жүйелері интернет арқылы кез келген ТМККК қызмет көрсететін медициналық ұйымның жұмыс істеуіне мүмкіндік беретіндігін айтып өту керек.

75. Сұрақ: –  ӘлМСҚ қызметіне қоғамдық бақылау қамтамасыз етіледі ме?

Бақылауды қамтамасыз ету тетіктерінің бірі «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңда бар – бұл Медициналық қызметтердің сапасы жөніндегі бірлескен комиссия. Бұл комиссия ДСӘДМ, ӘЛМСҚ, қоғам өкілдері арасындағы диалогтік келісім алаңына айналады. Қоғамдық бақылау аталған комиссияның құрамына дәрігерлер мен пациенттер қауымдастықтарының және өзге де ҮЕҰ өкілдерін міндетті түрде енгізу арқылы жүзеге асырылады. ӘлМСҚ жарғысында сондай-ақ, Қоғамдық кеңес құру арқылы бақылауды қамтамасыз ету тетігі қарастырылады, ол сол сияқты ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен диалогтік алаң болады.

76. Сұрақ: – Медициналық қызметкерлер МӘлМС енгізуден нені алады?

Денсаулық сақтау қызметкерлері МӘлМС енгізуден мынадай пайда мен артықшылықтар алады:

• еңбек нәтижесі бойынша ақы төлеу;

• ынталандыру пакеті, оның ішінде материалдық ынталандыру, әлеуметтік пакет, сыйақылар, бонустар;

• жұмыс беруші есебінен біліктілікті арттыру мүмкіндігі:

• медициналық техниканы жаңарту;

• жұмыс процестерін оңтайландыру және еңбек шартын жақсарту;

• жұмыс орнында оқыту;

• кәсіптік мобильділік;

77. Сұрақ: – МӘлМС енгізуге байланысты ерікті медициналық сақтандыру қалай жұмыс істейді?     

Ерікті медициналық сақтандыру (ЕМС) сақтандырылған адамның  МӘлМС жүйесімен көзделмеген медициналық күтімге  жұмсалатын шығындарын толықтай немесе ішінара жабуға мүмкіндік береді. ЕМС полисі жеке тұлғаларға немесе ірі компаниялардың қызметкерлеріне олар өздері таңдаған клиникаларда тексеруден өтуге және сақтандыру компаниясының есебінен (сервистік қызметтер, күту парақтарының болмауы, МӘлМС-ға енбейтін қызметер – стоматология және т.б.) қызмет алуға  мүмкіндік береді. ЕМС рәсімдей отырып, азамат ерікті сақтандыру полисіне енгізілген қызметтер көлемін өзі таңдайтын болады.

78. Сұрақ: – МӘлМС енгізумен медициналық көмектің сапасы артады ма?

МӘлМС енгізумен медициналық қызметтер сапасы даусыз жақсарады. Бұл үшін іс-шаралардың мынадай кешені жүзеге асырылуда:

- Сапа жөніндегі бірлескен комиссия құрылды; Сапаны басқару саласындағы функцияларды қайта бөлу, оның ішінде ҮЕҰ-дың қатысуын кеңейту;

- Қор тарапынан көрсетілген қызметтерге сараптама жүргізу функциясын күшейту;

- медициналық қызметтерді берушілер арасында одан әрі бәсекелестікті дамыту үшін жағдайларды қамтамасыз ету, оның сапаны арттыруға себеп болары сөзсіз;

- сапа индикаторларын Қор мен  медициналық қызметтерді берушілердің арасындағы шарттарға қосу және оларды қаржыландыру деңгейлерімен үйлесімдеу және т.б.

79. Сұрақ: – МӘлМС енгізу кадрлық мәселені шешуге көмектеседі ме?

  МӘлМС енгізуді басқа реформаларды іске асыру кешенінде қарастыру қажет, оның ішінде, бұл медициналық ЖОО арқылы білікті кадрларды даярлау және практикалық медициналық жұмыскерлердің біліктілігін арттыру.

Министрлік және өңірлердің денсаулық сақтау басқармалары медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді, оның ішінде медициналық персоналды қамтамасыз ету, барлық халыққа білікті медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарды медициналық құралдармен жабдықтау.

Медициналық ұйымдар, әлеуетті жеткізушілер ретінде, белгіленген талаптарға сәйкес МӘлМС шеңберінде медициналық қызметтер көрсету бойынша конкурсқа қатысу үшін өз ұйымдарының дайындығы бойынша барлық шараларды қарастыруға тиіс.

80. Сұрақ: – Жаңа тарифтік саясат өзін-өзі өтеушілік және медициналық ұйымдарды одан әрі дамыту үшін жағдайлар жасайды ма? 

  Ия, өйткені амортизациялық құрамдас бөлікті тарифтерге кезең бойынша қосу жоспарлануда. Диагностикалау мен емдеудің жаңа технологияларын енгізуге қаржының тиімді бөлінуіне ықпал етеді.

81. Сұрақ: – Біздің ауылдық жерлердегі медициналық ұйымдар жаңа жүйенің енгізілуіне дайын ба?

МӘлМС енгізумен ауылдық медицина деңгейінде түбегейлі өзгерістер күтілмейді. Құрылымдық өзгерістер шеңберінде барлық ауылдық медициналық ұйымдар, ӘлМСҚ үшін медициналық қызметтерді жеткізуші болып табылатын бір заңды тұлғаны ұсынады. Ауылдық медицинаның амбулаториялық-емханалық бөлімі белгіленген КТС негізінде, стационарлық – КШТ қолдану арқылы қаржыландырылады.

82. Сұрақ: – МӘлМС жүйесіне өту кезінде стационарлардың ауруларды қабылдау бөлмесі қалай қаржыландырылады?

Ауруларды қабылдау бөлмесінің қызметтері, пациенттің келу уақытына және оның денсаулығы күйіне байланысты екі дәреже бойынша төленеді. Біріншісі, ауруларды қабылдау бөлмесінде көрсетілген қызметтерді сағат 3-ке дейін, екіншісі – 24 сағатқа дейін орналасуға төлеуді көздейді.

83. Сұрақ: – Айтыңызшы, медициналық ұйымдарды жергілікті атқарушы органдар деңгейінде қаржыландыру сақталады ма және қандай бағыттар бойынша?

ЖАО деңгейінде қоғамдық денсаулық және МӘлМС жүйесіне кірмейтін кейбір басқа да медициналық ұйымдарды қаржыландыру сақталады.

84. Сұрақ: – Құралдарды сатып алу мен күрделі жөндеуге шығыстар қалайша өтеледі?

Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды дамытудың  2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес медициналық қызметтердің тарифтерге негізгі қаражатын жаңартуға шығыстарды кезең бойынша қосу жоспарлануда. 100 млн. теңгеден жоғары құрал жабдықтың төлемі және күрделі жөндеу жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі.

85. Сұрақ: – Елімізде барлық халықтың бірыңғай деректер базасы бар ма?

Ия бар. Бұл мемлекеттің жеке және заңды тұлғаларының деректер базасы. Сондай-ақ Бекітілген халық тізімі бар. Жоғарыда атап өтілген базалардағы деректердің негізінде МӘлМС жүйесі кезінде Сақтандырылған адамдар реестрі қалыптасады.

86. Сұрақ: – МӘлМС енгізу кезінде жекеменшік медицинаны дамыту мүмкін бе?

2016 жылға республикалық бюджет қаражатынан 246 жекеменшік нысанды медициналық ұйымдарымен шарт жасалған. МӘлМС енгізумен, бәсекелестік ортаны дамытуды ескере отырып, медициналық қызметтерді көрсетуге жеке медициналық ұйымның басым бөлігі қатысады деп болжаймыз.

87. Сұрақ: – МӘлМС-тың қандай халықаралық тәжірибесі бар?

Аралас сақтандыру моделін әлемнің 30 елі таңдады (Германия, Франция, Жапония, Корея, Шығыс Еуропа елдері). Мысалы, Чехияда денсаулық сақтауға жұмсалатын шығыстардың 80%-ы міндетті медициналық сақтандыруға жарналар есебінен өтеледі,  Францияда – 75%, Эстонияда – 72%, Германияда - 66% және т.б. Жұмыс берушілердің МӘлМС-ке жарналар мөлшерлемесі Германияда 7,3%-ды, жұмыскерлер – 8,2%-ды құрайды, Словакияда, сәйкесінше, 10% және 4%, Литвада 3% және 6%. МӘлМС енгізу Қазақстанға денсаулық сақтау шығыстарын 2017 жылы 28%-ға, 2018 жылы 54%-ға, 2019 жылы 58%-ға өтеуге мүмкіндік береді.

88. Сұрақ: – Қазіргі кезде көптеген мемлекеттік медициналық ұйымдар белсенді түрде бизнеспен айналысуда: медициналық қызметтердің басым бөлігі, әсіресе стационарлар ақшалай көрсетіледі. Бұл қызметтер ТМККК тізбесіне кірсе де, бақылау жоқ, халық төлеп жатыр, мемлекет керісінше ақшалай табыстарды мемлекеттік кәсіпорындарға ынталандырады. МӘлМС енгізу кезінде жағдай қалай өзгереді?

ТМККК және МӘлМС шеңберіндегі қызметтер қазір де, МӘлМС енгізумен де ақылы негізде көрсетілмеуі тиіс. Барлық қажеттілік кепілдендіріліп, қамтамасыз етіледі. Алайда сұраныс ұсынысты туындатады. Азаматтар нақты медициналық сақтандыруға жарналар төлеумен МӘлМС жүйесіндегі медициналық қызметтер спектрі мен көлемінің бір мезгілде артатынын көргенде, ақылы қызметтерді тұтыну азаяды. «МӘлМС туралы» Заңның 7-бабына сәйкес сақтандыру пакетіне оның ішінде  амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді, жоғары технологиялық қызметтерді қоса алғанда, жоспарлы стационарлық көмек,  амбулаториялық-емханалық көмек кіретінің еске саламыз. Медициналық көмек түрлерін қайта бөлу МӘлМС шеңберінде экономикалық белсенді емес халық үшін мемлекеттің жарна мөлшерлерін кезең бойынша арттыруды ескере отырып, ТМККК-дан ӘлМС-қа жүзеге асырылады.

89. Сұрақ: – Ертең  барлық медициналық ұйымдар ӘлМСҚ-пен келісімшарт жасай алады ма?

 

  Бұндай кепілдікті ешкім бере алмайды. Мысалы, егер бір қалада кардиология бөлімшесі бар үш аурахана жұмыс істесе, онда Қор, біріншіден, қызметтерді сатып алудың минималды стандарттары мен талаптарына сәйкес келетін, және екіншіден, ең сапалы және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді көрсететін, заманауи құрылғылары, жоғары санатты мамандары бар және пациенттерге үздік жағдай жасайтын медициналық ұйымды таңдайға құқылы. Осылайша, Қор осы өңірдегі медициналық көмек түрлеріндегі нақты сұраныстарға байланысты денсаулық сақтау объектілерінің желісін оңтайландыруды және шығындарды азайту және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында медициналық ұйымдардың ішінде шеберлік-жоспарларды оңтайландыруды ынталандырады.

90. Сұрақ: – Белгілі тұрғын орны жоқ адамдар (БТЖА) қандай медициналық көмекке сене алады?

  Егер бұл санаттың адамдары медициналық көмекке жүгінсе, онда олардың тарапынан Медициналық сақтандыру қорына аударымдары жоқ болса, олар ТМККК шеңберіндегі медициналық көмекті алуға құқықтары бар.

91. Сұрақ: – ММК-ке және ЖММК-ке баға белгілеу қаншалықты өзгереді?

ММК мен ЖММК тарифтері, есептеудің халықаралық практикасын ескере отырып, клиникалық-шығын топтардың негізінде жетілдірілетін болады.

92. Сұрақ: – Басқа аудандарға жүгінетін болса, Бекітілген халықтың тізімі (бұдан әрі – БХТ) рөл атқарады ма?

Пациенттерді ағымдағы бекіту және босату ережелеріне сәйкес. МСАК ұйымдарына азаматтарды бекітуді өзгерту:

1) тұрақты немесе уақытша тұрғылықты, жұмыс істейтін және оқитын жері әкімшілік-аумақтық бірлік шегінен тыс жерге өзгерген кезде;

2) МСАК ұйымы қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайларда;

3) азамат дәрігер мен медициналық ұйымды жылына бір реттен жиі емес еркін таңдаған кезде;

4) жыл сайын 15 қыркүйектен бастап 15 қараша аралығында халықты МСАК ұйымдарына бекіту науқаны кезеңінде (бұдан әрі – Науқан) жүзеге асырылады. Басқа өңірде тіркелген науқас басқа емдеу мекемесіне көмекке жүгінсе, оған тек шұғыл көмек көрсетіледі. Сонымен бірге тіркелмеген құрамға көрсетілген медициналық көмек үшін мекемелер арасында өзара есеп жүргізуді іске асыру жоспарлануда.

93. Сұрақ: – ММ меншік нысаны бар медициналық ұйымдар қалай қаржыландырылады және шаруашылық жүргізу құқығына (ШЖҚ) ауысу қажеттілігі бар ма?

Денсаулық сақтау субъектілерінен медициналық көмек көрсету бойынша қызметтерді сатып алу МӘлМС жүйесінде қор арқылы мынадай қағидаттардың негізінде жүзеге асырылады: табыстың теңгерімділігі, медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету, денсаулық сақтау субъектілерінің теңдігі, адал бәсекелестік, медициналық қызметтерді көрсетудің сапасы мен тиімділігі. Сонымен қатар,  медициналық ұйымдардың ШЖҚ-ға ауысуы медициналық ұйымдарда басқару мен менеджменттің жаңа корпоративтік тәсілдерін енгізуді ынталандыруға көмектеседі (дербестікті дамыту).

94. Сұрақ: – Егер жергілікті пациенттер өз қалауы бойынша Алматы қаласының медициналық ұйымдарын таңдаса, онда аудандық ауруханалармен не болады?

МӘлМС жүйесі кезінде қолданыстағы медициналық ұйымдарды ерікті таңдау тетігі және «ақша пациенттің артынан жүреді» принципі сақталады. Бұл жағдайда, Алматы қаласында көмек көрсетілетін пациенттер үшін Қор, көмек көрсеткен медициналық ұйымға төлем жүргізеді. Сондай-ақ, ұсынылатын қызметтер көлемінің өзгерістеріне байланысты шарттың құнын көбейту немесе азайту тетігі қарастырылған. Аудандық ауруханалар тек осы мекемеде медициналық көмек алған сақтандырылғандарға ғана төлем алады.

95. Сұрақ: – Медициналық жабдықтарды қалай және кім сатып алады және бөледі?

МӘлМС енгізумен тарифтер қайта қаралады. Құрамына, негізгі қордың жаңаруына жұмсалатын шығыстар, яғни амортизациялық салымдар кезең бойынша енгізіледі.  Медициналық техниканы сатып алу жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес, медициналық ұйым 5 млн. теңгеге дейін қажетті медициналық жабдықты өз бетінше сатып ала алады, құны 5 млн.теңгеден 100 млн.теңгеге дейін медициналық жабдықты «Казмедтех» АҚ арқылы лизингіге сатып алуға болады (лизинг төлемдерін өтеумен), ал 100 млн-нан астам теңгеге сатып алулар мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен бір отралықтан жүзеге асырылады. Одан басқа, медициналық жабдықтарды жеткізушілерден медициналық жабдықтарды жалға алу қарастырылуда.

96. Сұрақ: – МӘлМС жағдайында медициналық көмектің көлемі қалай жоспарланады?

МӘлМС жағдайында медициналық қызметтердің көлемін жоспарлау, халықтың медициналық көмек түрлеріне деген қажеттіліктерінің негізінде, ӘлМСҚ аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп, жергілікті атқарушы органдар деңгейінде жүзеге асырылады. Сонымен қатар, демографилық болжамдар және макроэкономикалық модельдер қолданылады, ҚР стратегиялық құжаттарының артықшылықтары және Қордың қаржылық мүмкіндіктері ескеріледі.

97. Сұрақ: – Сақтандыру жағдайының құны қалай өтеледі? КШТ бойынша ма, әлде нақты шығыстар бойынша ма?

  Медициналық қызметтерді жеткізушілерге бәсекелестік ортаны құруға бағыттықты және жалпы денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуді ескере отырып, МӘлМС жағдайында медициналық қызметтерді төлеудің қолданыстағы тәсілдерін, оның ішінде стационарлық қызметтерді төлеу тәсілін одан әрі жетілдіру.

Ынталандырушы компонентімен қоса, жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесі амбулаториялық деңгейде дамытылады, пациенттердің ықыласында медициналық қызметтердің кешенділігі мен мұрагерлігін қамтамасыз ету үшн қызметтердің аралас тарифтерін қалыптастыру үйретіледі;

– Стационарлық деңгейде, есептеудің халықаралық практикасын ескере отырып, клиникалық-шығын топтардың негізінде тарифтері жетілдірілетін болады;

– Сондай-ақ, ауруларды басқарудың енгізілетін тұжырымдамасы шеңберінде, кейбір жағдайларда медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейі біріктірілген тарифтер қарастырылады: МСАК-тан стационарлық емдеуге және одан кейнгі оңалтуға дейін, әсіресе, қымбат тұратын диагностика және емдеу технологиясын қолдану жағдайларында.

98. Сұрақ: – 1996-1998 жылдардағы ММСҚ-ның жұмыс тәжірибесі біздің есімізде. Осындай жағдай қазір де қайталанбайтынына кепілдік бар ма?

Қоғамда жүзеге асырылатын кез келген өзгерістердің өз жағымды және жағымсыз жақтары бар. 1996-1998 жылдарда сақтандыру медицинасын құру тәжірибесін сын көзбен ғана қабылдауға болмайды, оның сөзсіз жақсы жақтары бар. Бұл реформаның ең басты нәтижесі экономикадан қосымша қаражатты тарту есебінен денсаулық сақтау жүйесі объектілерінің желісін және медициналық көмектің барлық ел халқына қолжетімділігін сақтау болып табылады. Мысалы, осындай мамандандырылған бағдарламаның болмауы балалар мектепке дейінгі мекемелерін жекешелендіруге әкеп соқты, оның салдары осы күнге дейін сезіледі. Одан басқа, 90-жылдардағы экономикалық шындықтар ағымдағы жағдаймен салыстыруға келмейді. 20 жыл бұрын көптеген кәсіпорындар күрделі қаржылық қиыншылықтарға тап болғаны бәріміздің есімізде, олардың көбісі банкротқа ұшыраған, еңбекақы бойынша үлкен қарыздар жинаған. Экономикалық дағдарыс жаппай, оның ішінде медициналық сақтаундыру қорына төлемеудің негізгі себебі болды. Қордың жағдайы экономикалық белсенді емес халық үшін тұрақты аударымдарды қамтамасыз етуге қаратылған жергілікті атқарушы органдардың да қиын жағдайға тап болғанына байланысты күшейе түсті. Бүгінгі таңда біз экономикадағы жұмыспен қамтудың елеулі өсімін белгілейміз. Отандық кәсіпорындарда 6,5 млн-нан астам жалданған жұмыскерлер еңбек етуде, ай сайын жұмыс берушілер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 53 млрд теңге және өз жұмскерлерінің пайдасына Әлеуметтік сақтандыру қорына 23 млрд теңге аударады. Белсенді емес халық үшін ӘлМСҚ-а салымдарды төлеу бойынша міндеттемелерді мемлекет өз мойнына алатынын атап өткен жөн.

Осының барлығы, жалпы, енгізіліп отырған медициналық сақтандыру жүйесінің тұрақты қызмет етуінің алғышарттарын қалыптастырады.

99. Сұрақ: – Патент бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер әлеуметтік сақтандыру қорына жарналарды қалай төлейді?

Петент негізінде арнайы салықтық режимде қолданылатын жеке кәсіпкерлердің жарналарын есептеу және төлеу патент құнын төлеу үшін, Қазақстан Республикасының салықтық заңнамасында көзделген мерзімде қордың есебіне екінші деңгейлі банк арқылы өздері төлейді.

100. Сұрақ: – Әлеуметтік мәні бар ауруларға қандай аурулар жатады?  Және қалай қаржыландырылады?       

Әлеуметтік мәні бар аурулар олар:

Туберкулез, адамның иммунитет тапшылығы вирусы қоздыратын ауру және адамның иммунитет тапшылығы вирусын тасымалдаушылар,  В, С вирусты гепатиті,   қатерлі ісіктер, қант диабеті, психикалық ауытқулар және мінез-құлық ауытқулары, балалардың церебральді сал ауруы, жүрек талмасы (алғашқы алты ай), ревматизм, дәнекер тіннің жүйелі зақымдануы, орталық нерв жүйесінің тұқым қуалайтын дегенеративтік аурулары және орталық нерв жүйесінің демиелиниленген аурулары. Айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулар: Адамның иммунитет тапшылығы вирусы қоздыратын ауру және адамның иммунитет тапшылығы вирусын тасымалдаушылар, геморрагиялық қызба, дифтерия, менингококк инфекциясы, полиомиелит, негізінен жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, алапес, безгек, күйдіргі (өкпелік түрі), туберкулез, тырысқақ, оба, іш сүзегі, А вирусты гепатиті және психикалық бұзылулар және мінез-құлық бұзылулары.

Әлеуметтік мәні бар ауруларға шалдыққан науқастарға ТМККК шеңберінде тегін медициналық көмек көрсетіледі.

 

 

 

 

Қаралды 684 рет
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

Жарнама