Жұма, 02 Маусым 2017 17:43

Жаңа стандартты Елтаңба – заман ағымының талабы

Жаңа стандартты Елтаңба –  заман ағымының  талабы Редакция газеты Енбекшіқазақ

Еліміздің егемендігі мен ұлттық біртұтастығымыздың нышаны – мемлекеттік рәміздерімізге – 25 жыл. Қазақ елінің тәуелсіздігін күллі әлемге жария етуші, кешегі мен бүгінгіні байланыстырып отырған рәміздеріміздің мән-мағынасы тереңде жатыр. Оны қастерлей білу әрі дұрыс қолдану – әр азаматтың абыройлы міндеті. «Үш бәйтерегі» түгел тәуелсіз еліміздің жақында Елтаңбасына өзгерістер енгізілген болатын. Яғни, биылғы жылдың 1 шілдесінен бас-тап Елтаңбаның жаңа стандарты қолданысқа енеді. Осыған орай, аудандық әкімдіктің мәжіліс залында Елтаңбаның жаңа стандартын түсіндіру бойынша облыстық семинар өтті.

Жиынға техникалық реттеу және метрология комитеті Алматы облысы бойынша департа-ментінің бөлім басшысы Қатипа Жұманова, департаменттің же-текші маманы Назерке Нұрмұ-ханова, облыстық ішкі саясат басқармасы талдау және мониторинг бөлімінің басшысы Олжас Ескендіров, «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ АФ сынама зертханасының бөлім меңгеру-шісі Айбек Смаилов, аудан әкімінің орынбасары Айбек Бидаев, барлық мемлекеттік мекемелердің басшылары мен мамандары қатысты. Семинарды Айбек Бидаев жүргізіп отырды.

Мемлекеттік рәміздердің маңызына тоқталған Айбек Дүйсембекұлы алғашқы сөзді Қатипа Жұмановаға ұсынды.

Осы уақытқа дейін Инвестициялар және даму министрлігіне Елтаңбаның түрі, түсі мен формасы еліміздің әр аймағында әртүрлі екендігі жөнінде арыз- шағымдар түсті. Осыны ескере отырып, Елтаң-баның авторы Жандарбек Мәлібековпен бірлесе жаңа стандартын бекіттік. Ол шілде айынан бас-тап қолданысқа енеді – деп түсіндіріп өткен Қатипа Кемербайқызы талап орындалмаған жағдайда айыппұл салынатынды-ғын да атап өтті. Айтуынша, комиссия шілденің бірінші жұлдызынан бастап тексеру жұмыс-тарын жүргізеді. Егер рәміздер бойынша олқылықтар байқалса 100 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Бір жылдың ішінде тағы да кемшіліктер болса 140 АЕК айыппұл арқалайды мемлекеттік мекемелер.

Облыс бойынша рәміздеріміздің мерейтойы қарсаңында өткізілген ауқымды шаралар мен форумдарды тізбектеген Олжас Ескендіров аймақта рәміздерді орналастыру мен қолданыс аясында жиі кездесетін кемшіліктерді айтты. Сөзіне сүйенсек, кабинеттерде орналастырылған Тудың ұштұғыры мен Елтаңбаның биіктігі бір деңгейде болуы тиіс. Сондай-ақ, ол Туларды үй жағдайында жууға болмайды, тек химиялық тазалаудан өткізу керек. Ғимараттардың сыртындағы Туларды белгілі уақытта ауыстырып тұру міндет. Әрбір кітапханаларда, әсіресе мектеп кітапханаларында рәміздер бұрышы болуы тиіс.

Біздің мекеме Тулар мен Елтаңбалардың талапқа сай келетін-келмейтіндігін тексе-реді. Лицензиясы бар мекемелердің жасаған Тулары мен Елтаңбала-рын тексерістен өткізіп, сертификат береміз – деп атқаратын қызметіне тоқталып өткен Айбек Смаилов рәміздер бойынша кемшіліктерге жол берілмеу керектігін жеткізді. Мемлекеттік рәміздерді орналастыру қағидалары негізінде баяндама жасаған Назерке Нұрмұханова Елтаңба мен Туды кабинеттер мен мекеме сыртында қалай орналастыру керектігін түсіндірді:

1-5 қабатты ғимараттарда Тудың көлемі 1х2 метр, ал кіре-берістегі Елтаңба 500 мм болуы керек. Егер Елтаңба 2-5 қабатты ғимараттың төбесінде орналасса диаметрі 1, 1,5 метрді құрауы тиіс. Сонымен қатар, мемлекеттік мекемелердің сыртына қойылған рәміздерімізге түн мезгілінде міндетті түрде жарық түсіп тұру керек – дейді Назерке Тимурқызы.

Жиын соңында қатысушылар баян-дамашыларға сұрақтарын жаудырды. Негізгі мәселе – қандай мекемелерде қанша рәміз болуы керек. Комиссия мүшелерінің сөзіне сенсек, мектептердің кіре-берісінде Ту және директордың кабинетінде Ту мен Елтаңба міндетті түрде болуы тиіс. Бүгінде көптеген мектептердің мәжіліс залында рәміздер тұрады. Оқу орындарына бұл міндетті емес. Ал мемлекеттік мекемелердің кіре-берісі, мәжіліс залы мен басшының бөлмесінде Ту мен Елтаңба талапқа сай болу керек.

Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ермек Жакеев рәміздер бағаларының қымбаттығына шағымданды:

Бүгінде жаңа стандарттағы 500 мм Елтаңбаның бағасы шамамен 50-60 мың теңге болса, одан екі есе үлкен Елтаңба алты-жеті есе қымбат. Есептесек, ауданымызда 26 әкімдік, 80-нен астам мектеп, ондаған балабақша мен амбулаториялар бар. Осылардың барлығын Елтаңбамен қамтамасыз ету үшін шамамен 60-70 млн теңге қаржы керек. Бұл аз ақша емес қой – деп, бағаларды реттеп, мемлекеттік мекемелерге жеңілдіктер болса деген ұсынысын жеткізді. Басқа да қатысушылар көкейде жүрген сауалдарына жауап алды.

Айта кетейік, ҚР ИДМ техника-лық реттеу және метрология комитеті мемлекеттік Елтаңба жаңа стандартқа сай болуы керектігін хабарлаған. Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібеков пен оның көмекшілері рәміздің кейбір атаусыз бөлшектерін нақтылап, параметрлерін сандық және компьютерлік-техникалық қалыпқа түсіріп, бояу түстерін анықта-ды. Осыған байланысты ескі үлгідегі мемлекеттік елтаңбалар 1 шілдеге дейін ауыстырылуы тиіс. Сонымен қатар, 1992 жылғы Елтаңбаның параметрлері өзгермейді. Ал стандарттары түбегейлі болмаса да, бұрынғы үлгісінен өзгеше-леу. Мәселен, жұлдыз бен шаңырақ үлкенірек болады. «Қазақстан» жазуы, Елтаңбаның түстері өзгереді. Енді мемлекеттік Елтаңбаны әзірлеушілерге рәміздің дизайнын қолдан жасауға тыйым салынады. Өйткені, ол стандартқа сәйкес келмейді. Сондықтан тек элек-трондық формат қолданылатын болады.

Сардарбек НҰРАДИН.

Қаралды 84 рет
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

Жарнама