Бейсенбі, 29 Маусым 2017 20:09

Кәсіби мерекелеріңізбен!

     28 маусым – Ақпарат және байланыс қызметкерлері күні

   Баспасөз күні, Бұқаралық ақпарат құралдары күні, тағы басқа атаулармен аталған кәсіби мерекенің мағынасы біреу – тұрғындарды, елді ақпараттандыру. Сонау ықылым замандағы «ұзынқұлақ» та ақпарат құралдарына жатады екен. Ал ақыр соңында тұрақты датаға ие болған ақпарат құралдары күні – 28 маусым қазақтың тұңғыш газеті «Дала уәләятының» алғашқы санының шыққан күнімен байланыстырылғаны белгілі.

    Осы айтулы датаны атай отырып, баспасөз басшысы ретінде ең алдымен, тәуелсіз еліміздің бүгінгі қызметкерлерін Игорь Туранинді, Индира Тоқмұрзаеваны, Раушан Тасыбаеваны, Бота Әбішеваны, жас журналистер Қайнар Жұмағожаны, Сардарбек Нұрадинді, Алмагүл Нұғманды, Ринат Нархановты кәсіби мереке ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтай отырып, бар ғұмырын баспасөз саласына арнаған, бұл күндері зейнеткерлік демалыста еңбе-гінің зейнетін көріп жүрген, сексеннің сеңгіріне шығып отырған Әбдеш Дайырбаевты, Күләш Мадьярованы, Меруерт Ысқақованы, мемлекеттік қызметтен зейнеткерлікке шықса да қаламының сиясын кептірмей, қаламгерлікті қару еткен Әбілбек Айтақыновты, Мұрат Нақатаевты, тағы басқа ондаған баспасөз еңбеккерлерін де құттықтаймыз.

  Ақпараттың маңызы қоғам дамуының жоғары сатыға көтерілуімен бірге арта түсуде. Сондықтан да бұл күндері хабар-ошар, жарнама жариялап отырған ақпарат  құралдарының қызметкерлер ерекше назарда. Ол жайында да, мемлекеттік қызметкерлері күнімен де, ардагерлер ұйымы-ның мерейтойынан да репортаждар қатарынан келіп, жарияланып отыр.

   Ал ақпарат және коммуникация қызметінің кәсіби мерекесін жағымды жаңа-лықпен толықтырайық. Ауда-нымыздағы, облыс, респуб-ликадағы ақпараттарды жедел тарату аясын кеңейту үшін газет парақшасынан (enkaz.kz) басқа әлеуметтік желілерге де тіркеліп отырмыз. Төмендегі ғаламторлық мекен-жайлар.

   Жақсы жаңалықтар көбейсін!

Сайт: www.enkaz.kz

Фейсбук: www.facebook.com/enkaz.kz

VK: VK.com/enkaz.kz

Инстаграм: www.instagram.com/enkaz.kz

 

Х.АХМЕТЖАНОВ.

редакциядан: Газет қатталып жатқанда Ақпарат және байланыс қызметкерлері күні қарсаңында Баспасөз саласында 45 жылдан бері қызмет атқарып келе жатқан бас редакторымыз Хайролла Қасымұлы Ахметжановқа "Қазақстанның құрметті журналисі"  атағы берілгені туралы жайдарман жаңалық келіп түсті.

Наградаңызбен, Хайролла Қасымұлы!

Қаралды 92 рет
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

Жарнама