Сәрсенбі, 07 Маусым 2017 10:53

Достықты ту еткен фестиваль

Бірлігі бекем елдің тірлігі де түзу. Осы ретте Еңбек орта мектебінде достық фестивалі өтті. Оған Балтабай округіне қарасты қоғамдық кеңес, ардагерлер, әйелдер кеңесі мүшелері, аудандық этно-мәдени бірлестік өкілдері, ауыл жас-тары қатысты. Ұйытқы болған – «Елім-ай» қоғамдық қоры, қолдау білдірген аудандық ішкі саясат бөлімі. Фестивальде алғаш боп сөз тізгінін алған Астана қаласында өткен Ассамблеяның 25 сессияның делегаты, қор төрағасы Жаңаберген Мұхамедов: – Қазақ «Бірлік бар жерде – тірлік бар» дейді. Расында, қайсарлығы қара тасты үгіткен, қаһарынан қас дұшпаны үріккен, қайырымдылығы тас жүректі жібіткен қазақ елі өзгенің ала жібін аттап өтпеген, жақыным деп келгенді өзектен теппеген ел. Бұл біздің арғы тегімізден қанымызға…
Мәдениет – мем-лекетіміздің дамуына үздіксіз қызмет ететін мәртебелі сала. Ұлтымыздың беделін әлемге танытатын өнер ошағы. Сол мәдениет саласында 27 жылдан бері аянбай қызмет етіп жүрген Қайназар мәдениет үйінің директоры, «Үздік мәдениет басшысы» атағымен марапатталған Райхан Жанбосынова. Райхан Сексенбайқызы аудан ішінде алғашқы болып «Нұрлы жол – болашаққа бас-тар жол» атты Елбасымыздың салиқалы саясатын насихаттау мақсатында ауыларалық гастрольдық концерттерін қойып жүр. Концерттің негізгі мақсаты – өнер өмірдің ажырамас бөлшегі болғандықтан, жастардың өнерге деген қызығушылықтарын арттырып, таланттарын шыңдау үшін шығармашылықтарымен тұрғындарды таныстыру. Райхан Жанбосынованың өзі басқарып отырған мәде-ниет үйіндегі ұжымымен және өнердегі шәкірттерімен атқа-рылып жатқан бұл бастамасы ауыл тұрғындарының көңілі-нен шығуда. Осы уақытқа…
Закон «О языках в Республике Казахстан» был издан еще 11 июля 1997 года. Он призван реализовать положения статьи 7 Основного закона страны, первый пункт которой гласит: «В Республике Казахстан государственным является казахский язык». Но вот парадокс – вот уже 20 лет минуло, а главный язык государства так и остается в ущемленном состоянии, несмотря на его конституционные права и требования Закона. Такое утверждение не голословно. Мы говорим об правилах использования казахского языка в надписях, визуальной рекламе, билбордах и т.п. Тут в игнорировании Закона может убедиться любой прохожий. Как говорится, что написано – не вырубишь... Если в госучреждениях порядок давно навели, то…
Бейсенбі, 20 Сәуір 2017 10:19

Өзгерістер өміршеңдікке бастайды

Өткен аптада Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы жарық көрген болатын. Елдің болашағын бағдарлаудағы маңызды мәселелерді көтерген мақаладағы басым бағыттар мен негізгі міндеттер бойынша пікір бөлісу және алдағы атқарылар жұмыстарды айқындау мақсатында дүйсенбі күні аудан әкімдігінде аудан активінің отырысы өтті. Шараға аудандық мәслихаттың хатшысы Бекет Ахметов, әкім орынбасарлары, «Нұр Отан» партиясының, қоғамдық кеңестің, ардагерлер ұйымының мүшелері, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, басқарма, бөлім басшылары, округ әкімдері мен мемлекеттік қызметкерлер, этно-мәдени бірлестіктердің жетекшілері қатысты. Жиынды аудан әкімі Бинәлі Ысқақ кіріспе сөзбен ашып, жүргізіп отырды.
Бейсенбі, 20 Сәуір 2017 10:10

БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

КІРІСПЕ Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Мен жыл басындағы халыққа Жолдауымда Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жарияладым. Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алдық. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – əлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Аталған екі жаңғыру проце-сінің де нақты мақсат-міндеттері, басымдықтары мен оған жет кізетін жолдары бар. Мен көзде-ген жұмыстарымыздың бəрі дер уақытында жəне барынша тиімді жүзеге асарына сенімдімін. Бірақ, ойлағанымыз орындалу үшін мұның өзі жеткіліксіз. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси жəне экономикалық жаңғыруларды толықтырып…
Жұма, 10 Наурыз 2017 11:49

Біріккен істе береке бар

Әлемде тіршілік жанданып, көктем келді. Ендігі мәселе күл-қоқыстан тазарту керек аула, көше, көк белдерді. Әрине, бұл тек әкімдік қызметкерлерінің ғана міндеті емес, Сіз бен біздің ұйымдаса атқаратын ісіміз. Ол үшін жұмылуымыз керек үлкеніміз-кішіміз. Бұл – ортақ міндет. Сол секілді терроризм мен экстремизмнің алдын алу да баршаның қолында. Елбасының биылғы Жолдауын, биыл тұңғыш рет тойланған ауылдық округ күнінің мәнін түсіндіру және өзге де бірқатар мәселелер бойынша Есік қаласы әкімі аппараты ғимаратының мәжіліс залында қоғамдық келісім кеңестерінің отырысы өтті. Жиынды қала әкімі Бауыржан Бименов жүргізіп отырды.
Үлкен кісілеріміз тілек айтқанда «халқыңа қалаулы, еліңе елеулі азамат бол» деп жатушы еді. Сол сөз бүгінгі депутаттарымызға қарата айтылған сыңайлы. Олай дейтініміздің жөні бар. Ел қалаулылары жұмсақ креслода отырып емес, халық арасында жүріп мұң-мұқтажын тыңдау керек. Тыңдап та жүр. Айтпағымыз, жақында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының фракция мүшесі Зағипа Яхянқызы Балиева ауданымызға келіп, жұртшылықпен жүздесті. Салынып жатқан нысандардың жұмыс барысымен танысты. Аудандағы жетістіктер мен кем тұстарын депутатқа облыстық құрылыс басқармасының басшысы Тимур Бектасов, аудан әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Құдайбергенов, «Нұр Отан» партия-сы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғожаев пен облыстық мәслихат депутаты Едіге Жарықбасов көрсетті.
Аудандық мәслихат сессиясының алдында тұрақты комиссияларының біріккен отырысы өтті. Экономикалық даму, туризм және спорт мәселелері жөніндегі комиссия аудандағы жолаушыларды тасымалдау және автокөлік инфрақұрылымдарын дамытудың жағдайы туралы осыған жауапты бөлімнің басшысы Бейбіт Искаковтың және Есік қаласындағы автокөлік жолдарын жақсарту бойынша атқарылып жатқан және жоспардағы жұмыстар жөнінде қала әкімі Бауыржан Бименовтың есебін тыңдады. Заңдылықты сақтау және бюджет жөніндегі тұрақты комиссия алдында аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Бейсенғали Бименов қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою, сондай-ақ, түрлі мал ауруларының алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар жайында сөз тізгінін алды. Ал әлеуметтік сала, білім, мәдениет және ұлтаралық қатынастар жөніндегі тұрақты комиссия аудан аумағындағы жастар саясатының…
Page 4 of 4
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

Жарнама