Сейсенбі, 12 Қыркүйек 2017 09:55

Бар жақсылық балаларға

Ават ауылдық округінде жақсы-лыққа жаны құмар жамағаттың, ауыл мешітінің, мектеп ұстаздары-ның қолдауымен «Мектепке жол» қамқорлық акциясы өтті.

Шара негізінде әлеуметтік аз қамтылған, жағдайы төмен, жетім-жесірлерге, көпбалалы отбасыларынан шыққан көмекке мұқтаж 27 мектеп оқушысына мектепке қажетті заттармен көмек көрсетілді.

 

айдана АЛҚОЖАҚЫЗЫ,

Ават ауылдық округі әкім аппаратының жетекші маманы.

 

 

Аз қамтылған және көпбалалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ішінен оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармай қалуының алдын алу үшін көмек көрсету мақсатында Баяндай орталау мектебінде «Мектепке жол» акциясы өтті.

Шапағаты мол шараға Ташкенсаз округінің әкімі Э.Масутова, мектеп директоры М.Құттықожа және ауыл тұрғындары қатысты. 14 оқушыға мектеп құралдары мен киімдер табысталып, қонақтар жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. Жиын соңында ата-аналар демеушілерге шексіз ризашылықтарын жеткізді.

 

Н.БАКИЕВА,

мектеп директорының орынбасары.

 

Жақында  Бартоғай ауылдық округі әкімі аппа-ратының ұйымдастыруы-мен «Мектепке жол» акциясы өткізілді. Акцияға округ аумағындағы жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының басшылары қолдау көрсетті.

Жаны жомарт демеушілердің арқасында әлеуметтік аз қамтылған отбасылары мен мүгедек балаларға мектеп формасы, спорттық киім және оқуға қажетті құрал-жабдықтар үлестірілді. Қайырымдылық шара қоғам тарапынан қолдауға ие болып, ата-аналар мен балалар ұйымдастырушы азаматтарға өз алғыстарын жеткізді.

 

Санат НАРЫМБАЕВ,

Бартоғай ауылдық округі әкімінің орынбасары.

 

«Нұр Отан» партиясы Қаратұрық БПҰ-ның қолдауымен, «Alma- GreenFields» ЖШС-ның демеушілігімен білім күніне орай «Бақытты балалық» жобасының «Мектепке жол» акция-сы аясында әлеумет-тік жағынан аз қам-тылған және ата-ана қамқорлығынсыз қал-ған 17 оқушыға көмек көрсетті.

Жаңа оқу жылында демеушілер мектепке қажетті киім мен оқу құралдарын алып берді. Бастауыш партия ұйымының төрағасы Е.Самсыбеков балаларға жақсы оқып, тәртіпті де өнегелі болып өсуін тіледі. Шара барысында игі шараға демеушілік көрсеткен «AlmaGreenFields»ЖШС-ның басшысына округ әкімі ауыл тұрғындары атынан ризашы-лығын білдірді.

Қаратұрық бастауыш партия ұйымы.

 

Райымбек атындағы орта «Мектепке жол» акциясы «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету» ұранымен 1 тамыздан басталды. Қайырымдылық акциясына байланысты іс-шара жоспары құрылып, қабырға газеттері шығарылды.

Игі шара барысында демеуші-лердің көмегімен аз қамтылған отбасынан шыққан 43 оқушыға 200 мың теңгеден астам қаржыға әр балаға қажетіне қарай мектеп сөмкелері, киім-кешек пен оқу құралдары табысталды. Жаңа оқу жылында қуанышқа бөленген оқушылар мен олардың ата-аналары ұйымдастырушыларға шексіз ризашылығын білдіріп, алғыстарын жеткізді.

Қайырымыдылық – қанға сіңген қасиет. Акция барысында демеушілер және ұстаздар қауымы әлеуметтік жағдайы төмен жіне көпбалалы қаншама отбасына жақсылық жасады. Бұл бастама әлі де жалғасын таба бермек – дейді мектеп директоры Әлімжан Түбекбаев.

 

Д.ТОПЫШЕВА, директордың тәрбие ісі жөніндегі

орынбасары.

 

Республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы Жаңашар ауылдық округінде өз жалғасын тапты.

Акцияға негізінен жеке кәсіпкерлер өз көмектерін көр-сетуде. Жаңашар ауылынан шыққан белгілі кәсіпкер Дильмурат Кузиев отбасылық жағдайы төмен Т.Рысқұлов атындағы орта мектептің 13 оқушысына жаңа оқу жылына дайындалуға қолұшын берді. Сонымен қатар, Базаркелді ауылының кәсіпкері Евгений Матецкий І.Жансүгіров атындағы орта мектептің 6 оқушысына мектеп формалары мен сөмкелерін, жеке кәсіпкер Мирас Авдуваитов 3 оқушыға аяқ киім алып беріп, материалдық көмек көрсетті. Осылайша, жаны жомарт жаңашарлық азаматтар бүлдіршіндер мен ата-аналарға қуаныш сыйлады.

 

Гулшат ЛАВЬЯЕВА,

жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушы.

 

Жуырда Қырбалтабай ауылына қарасты Ы.Алтын-сарин атындағы орта мектепте округ әкімдігі мен мектеп ұжымының ұйымдастыруымен ауыл кәсіпкерлері «Мектепке жол» акциясын өткізді.

Шара барысында «Жолтай» шаруа қожалығының басшысы Мұрат Жолтай оқу жылы қарсаңында бастауыш сынып оқушыларын бір қуантып тас- тады. Қожалық басшысы оқушыларға, тұрғындарға ақ-шалай, заттай көмек берді. Әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған жанұя балаларына мектепке қажетті заттарын алып берді. Жаз бойы демалып, мектепке асыққан оқушылардың қуанышын еселеген ауыл кәсіпкері ата-аналар мен бүлдіршіндердің алғысын арқалады.

 

Хадиша ҚОҚЫМБАЕВА, Қырбалтабай ауылы.

 

Қаралды 67 рет
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

Жарнама