Бейсенбі, 22 Маусым 2017 23:48

Жастар жұмыспен қамтылды

Жұмыссыздықты жою – Мемлекет басшысының маңызды тапсырмасы. Осы тапсырма аясында көптеген шаралар атқарылып, мыңдаған жұмыс орындары ашылуда. Осыған орай, жақында Есік қаласындағы Жамбыл атындағы жастар саябағында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. «Альтаир» ӨК, «ДСУ-13» АҚ бастаған он шақты жұмыс беруші компания мен оқу орындары қатысқан жәрмеңкеге Есік гуманитарлық-экономкалық, Шелек политехникалық, Есік медициналық және Есік кәсіптік-техникалық колледждерінің бітіруші түлектері келіп, мамандығына сәйкес жұмыстар іздестірді. Мұнда тек аудан аумағында ғана емес, Шығыс Қазақстан облысы, Қостанай облысы мен Солтүстік Қазақстан облысынан жұмыс табуға болады. Ал өзге облыстарда сұраныстар негізінен мұғалімдер, дәрігерлер, мал дәрігерлері мен техникалық мамандықтарға артуда. Хабарлама бойынша өзіне керекті жұмыс тапқан…
Бейсенбі, 22 Маусым 2017 18:36

Жолың болсын, Жас Түлек!

Алтын белгі – өрелі ой, терең білім, Болашақтың көрсетер кемелдігін. Жарқыраған жасындай жас түлектер, Жалынды отты көреміз сенен бүгін! Кедергілер кездессе сүрінбесін, Қиындықтар тап болса түңілмесін. Жас түлектер, ақта енді ел үмітін, Алға қарай тарта бер білім көшін. Тұмса табиғаты талайды тамсандырған көне Сақтың атамекені Есіктегі Жамбыл атындағы жастар саябағы тағы бір тарихи оқиғаның куәсі болды: келешегінен зор үміт күтер Алтын түлектерін қарсы алды. Биыл ауданымызда жүзден жүйрік көрініп, білім кеңістігінде қалықтаған 74 Алтын белгі иегері шықты. Өткен аптамыз айтулы оқиғаларға толы болды. Соның бірі – Есік қаласындағы Жамбыл атындағы жастар саябағындағы «Алтын белгі – 2017» шарасы. Мектеп қабырғасындағы 11…
Жексенбі, 18 Маусым 2017 18:22

Дарын иесі Дидар

Кедергісіз келешек Өмірде бастарына түскен қиындыққа мойы-май, тек жақсылықтан үміттеніп алға ұмтыла-тын адамдар жетерлік. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі мүгедек жандар. Олардың ерлігі, өмірге деген көзқарастары аз күндік қиындыққа шыдамайтын сау адамдарға мәңгілік үлгі екендігі анық. Сондай қайсар жанның бірі – Рахат ауылдық округіне қарасты Азат ауылының тұрғыны Еркінов Дидар Нұрланұлы. Дидар Еркінов 2004 жылдың 1 наурызында өмірге келген. Өкінішке қарай, туылғаннан мүмкіндігі шектеулі, қол-аяғында кінәрат болғандықтан басқа балалар секілді асыр салып емін-еркін ойнай алмайды. Өмірдің не екенін ерте сезінген Дидар, Алланың басқа салған сынағынан сүрінбей өтіп келе жатыр. Бүгінде ол Азат орта мектебінің 5 сыныбын аяқтады. Денсаулығына байланысты мектепке бара алмағандықтан,…
Бейсенбі, 22 Желтоқсан 2016 14:31

Жастарымыз дұрыс жолда

Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Ал олардың дұрыс тәлім тәрбие мен сапалы білім алуын қамтамасыз ету – жарқын болашақтың бас-тауы. Жақында Есік қаласында, Ават, Түрген, Бәйдібек би ауылдық округтерінде Тәуелсіздікке 25 жыл толуына орай «Нұрлы Жол» бағдарламасындағы Тәуелсіздікті нығайтуға негізделген қоғамның жалпы жүйе құндылықтарын қалыптастыруға, «Елімнің тағдыры – менің тағдырым» идеяларын насихаттауға арналған аудан жастарымен кездесу өткізілді. Келелі кездесуге облыстық жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары Рүстем Қанапиянов, «Жетісу жастары» ұйымының «Конгресті жас-тар» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Жомарт Қаратас, облыстық дін істері басқармасы дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының дінтанушы маманы Ерлан Матай, жастарға қызмет көрсету бөлімінің бас кеңесшісі Дәурен Нұртаев, аудандық жас-тар…
Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты. Қырандай күшті қанатты, Мен жастарға сенемін – деп Мағжан Жұмабаев айтпақшы, бүгінгі жастар – жарқын болашаққа апаратын алтын көпір. Сол көпірдің тұғыры бекем болуы жастардың өз қолында. Елбасы Н.Ә.Назарбаев та жыл сайынғы Жолдауларында жастар мәселесін ұмыт қалдырмай, мемлекет тарапынан оларға деген қамқорлықты ұлғайта түсті. Осы орайда жақында Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінде Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын насихаттау, талқылау мақсатында облыстық ақапараттық-насихат тобы мен аудан жастары арасында отырыс өтті. Жиынға облыстық жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары Рүстем Қанапиянов, облыстық дін істері басқармасы дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының қызметкері Ерлан Матай және…
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

Жарнама