Бейсенбі, 22 Маусым 2017 23:48

Жастар жұмыспен қамтылды

Жастар жұмыспен қамтылды enkaz.kz

     Жұмыссыздықты жою – Мемлекет басшысының маңызды тапсырмасы. Осы тапсырма аясында көптеген шаралар атқарылып, мыңдаған жұмыс орындары ашылуда. Осыған орай, жақында Есік қаласындағы Жамбыл атындағы жастар саябағында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.

     «Альтаир» ӨК, «ДСУ-13» АҚ бастаған он шақты жұмыс беруші компания мен оқу орындары қатысқан жәрмеңкеге Есік гуманитарлық-экономкалық, Шелек политехникалық, Есік медициналық және Есік кәсіптік-техникалық колледждерінің бітіруші түлектері келіп, мамандығына сәйкес жұмыстар іздестірді. Мұнда тек аудан аумағында ғана емес, Шығыс Қазақстан облысы, Қостанай облысы мен Солтүстік Қазақстан облысынан жұмыс табуға болады. Ал өзге облыстарда сұраныстар негізінен мұғалімдер, дәрігерлер, мал дәрігерлері мен техникалық мамандықтарға артуда. Хабарлама бойынша өзіне керекті жұмыс тапқан азамат аудандық жұмыспен қамту орталығына келіп тіркеледі. Жұмыс беруші жақпен байланысқан орталық құжаттарын рәсімдейді. Айта кетерлігі, басқа облыстардағы жұмыс берушілер бір жыл бойы мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз етеді. 

 

Сардарбек НҰРАДИН

Қаралды 95 рет
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

Жарнама