Сенбі, 29 Шілде 2017 12:55

1 маусымнан Қырбалтабай ауылында Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп жанында жаздық «Күншуақ» лагері ұйымдастырылды.

Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана-сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі. Осыған орай, 1 маусымнан Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп жанында жаздық «Күншуақ» лагері ұйымдастырылды. Лагерьде бастауыш сынып оқушылары демалды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Ускенбаева жаз бойы балалардың демалысын қамтамасыз етсе, бастауыш сынып мұғалімдері оқушылардың бос уақытын үнемді әрі қызықты өтуіне жағдай жасайды. Сонымен қатар, үш тұғырлы тілді дамыту мақсатында ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері оқушыларды ағылшын тіліне үйретіп, жаңартылған білім мазмұны бойынша информатика, физика, химия, биология пәндерінен глоссарий құрастырып, күнделікті сабақта қолданылатын терминдерді үйретуде.
Оған қоса, жалпыға білім беру қорынан 15 оқушы, Мұрат Жолтай, Эльмира Сатаева, Дәулетхан Әбдіқалықов сынды жомарт жандардың демеушілігімен 10 оқушы «Таужаңашар», «Алтын адам», «Happy camp» , «Сәлем» лагерьлеріне барып, жақсы көңіл-күймен қайтты.

 

Ш.Абдукалыкова,

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің

педагог-ұйымдастырушысы.Қырбалтабай ауылы.

Қаралды 59 рет
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

Жарнама